Өткізілетін күні: 2015 жылғы 5 ақпан Өткізілетін уақыты: 11. 00 Өткізілетін орны



Дата27.12.2016
өлшемі46,06 Kb.
#5764
7 қалалық клиникалық ауруханада ми жұмысын тоқтатқаннан кейін донордың бауыры мен бүйрегін трансплантациялау және ағзаларды бірінші мультиағзалық алуды жүргізу туралы баспасөз релизі
Өткізілетін күні: 2015 жылғы 5 ақпан

Өткізілетін уақыты: 11.00

Өткізілетін орны: Қалқаман шағынауд., №7 ҚКА

Ұйымдастырушылар: Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасы

Байланыс телефондары: 2755473, 87013860455
Емделуші Н. 1974 ж.т. 2014 жылы сәуір айында бірінші рет «Бауыр циррозы. СПГ. Асцит. Спленомегалия» диагнозы қойылды. Бауырды трансплантациялау бойынша ота қажет болды.

Келесі емделуші К. 1968 ж.т., бүйректі трансплантациялау бойынша шұғыл ота қажет болды.

2015 жылы 6 қаңтарда Александрдың миы жұмысын тоқтатты және Александрдың анасы баласының миы жұмысын тоқтатқаннан кейін ағзаларын алуға келісімін берді. Бүгінгі күні №7 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері емделушілер Н. және К. өмір сыйлау үшін бүйрек пен бауырды трансплантациялау бойынша табысты ота жасады.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2012 жылы №7 қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері алдында ағзаларды трансплантациялау міндеті қойылған болатын. 2012 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін 100 бүйрек трансплантациясы, оның ішінде 1-уі аралас (бүйрек+ұйқы безі), ми жұмысын тоқтатқан донорлардан 7 алмастыру, сонымен қатар, 6 бауырдың туыстық және 1 ми жұмысын тоқтатқан донордың трансплантациясы жасалды. Осы уақыт аралығында ешбір өлім-жітім оқиғасы тіркелген жоқ.

2015 жылдан бастап аурухана қызметкерлерінің күшімен өз бетінше ми жұмысын тоқтатқаннан кейін донордың бауыры мен бүйрегін трансплантациялау және ағзаларды бірінші мультиағзалық алу оталары жасала бастады.

Әлемде трансплантациялық хирургияның жылдам дамығандығы соншалық, ағзалар мен тіндерді әртүрлі ауыстырулардың саны жылына 40 мыңға жетті, алдағы он жылдықта барлық оталардың 50% құрайтын болады.

Біз «дамыған» деп санайтын елдерде 1 млн. адамнан – 500 адам гемодиализге тәуелді болуы мүмкін, 40 – донорлық бүйректі алады, 12-не басқа өмірлік маңызы бар ағзалар салынады.

Келісім презумпциясы өлгеннен кейін ағзаларды алуға қоғам мүшелерінің көпшілігінің тірі кезінде келісімін алудан тұрады, бірақ адам лған үзілді-кесілді қарсы болған жағдайда жазбаша бас тартуға құқылы. Келіспеу презумпциясы — керісінше, тірі кезінде ағзаны алуға келіспеу. Мұндай жағдайда кедергі тасы өлгеннен кейін ағзаларды алу туралы тірі дені сау адаммен әңгіме болып табылады. Медицинада трансплантологиядағы сияқты этикалық тәртіпте мәселелер қордаланған сала жоқ. Келісім презумпциясы Финляндияда, Португалияда, Австрия, Швеция, Испания, Италия, Греция, Бельгия, Францияда бар. Келіспеу презумпциясы — АҚШ, Латын Америкасы, Ұлыбритания, Ирландия, Данияда бар.

Трансплантация туралы Заң қабылданған елдердегі ағзаларды алу санына жүргізілген талдау донорлардың орташа саны 1 млн. адамға шаққанда 17,8 құрайтынын көрсетті. Мультиағзаларды алудың ең үлкен саны Испанияда орындалады екен; 1989 жылы қабылданған донорлық бойынша ұлттық бағдарлама аясында денсаулық сақтау жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары мен ұлттық трансплантациялықы бірлестіктің мақсатты жүргізілген жұмыстары нәтижесінде „испандық ғажайып“ мүмкіндігіне ие болды. 160 млн. көрерменнің бақылауында болған Манчестердегі дүниежүзілік трансплантациялық ойындарды өткізгеннен кейін қоғамдық оң пікірдің қалыптасу ролі Ұлыбританияда донор болуға келіскен тұлғалардың саны 36% артқанын растайды.

Біздің республикамызда ми жұмысын тоқтатқаннан кейін донордан трансплантациялаудың белсенді дамуы 2012 жылы басталды. 2012 жылы бір бүйрек трансплантациясы және бір жүрек трансплантациясы жасалды. 2013 жылы ми жұмысын тоқтатқаннан кейін донордан ағзаларды трансплантациялау саны айтарлықтай ұлғайды және жылы 10 ауыстыру жасалды, бұл - 5 бүйрек трансплантациясы, 3 бауыр және 2 жүрек трансплантациясы. 2014 жылы 33 трансплантацияға дейін жоғарылады, бұл - 19 бүйрек трансплантациясы, 7 бауыр және 7 жүрек трансплантациясы.



Ағзаларды трансплантациялау бағдарламасын №7 ҚКА жүзеге асыру ағзаларын ауыстыруға мәжбүр пациенттердің өмірін сақтай отырып, жыл сайын көптеген оталар жасауға мүмкіндік береді. Себебі әрбір пациент шетелге ағзасын ауыстыру үшін бара алмайды. Ота жасалғаннан кейін пациент дәрігердің бақылауында болуы тиіс. Қала жағдайында ота жасалған әрбір пациент өз дәрігерінің бақылауында болады, мұндай жағдайда ауыстырылған ағзаның тез бейімделуіне мүмкіндік көп. Бүгінгі күні 7 қалалық клиникалық аурухана елімізде ағзаларды трансплантациялауды енгізу бойынша көшбасшы клиникалардың бірі болып табылады.

Көшпелі пресс-конференция жұмысына ағзаларды алуға келісім берген Александрдың анасы, ағзаларын ауыстырған пациенттер, трансплантология бойынша ота жасаған дәрігерлер, сонымен қатар ағзаларды ауыстыру туралы өз пікірлерін айтатын Мұхаметжан имам мен дін қызметшісі Владимир Завадич қатысады.
Каталог: about managing


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет