Бастауыш сынып оқушыларын жылдам оқытуғА Үйрету шекербаева Раушан Танатаровна



бет1/2
Дата04.01.2022
өлшемі51,3 Kb.
#109031
  1   2
Байланысты:
Баланы дұрыс оқуға үйрету
5-сынып Бала қиялы, file 00109DL70917130396, file 00109DL70917130396, Балл ою кестесі, file 00109DL70917130396, Балл ою кестесі, file 00109DL70917130396, file 00109DL20876285932, file 00109DL20876285932

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ЖЫЛДАМ ОҚЫТУҒА ҮЙРЕТУ
Шекербаева Раушан Танатаровна

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

3 жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш мектепті бітірген оқушылар оқу жылдамдығын толық меңгеріп шығуы тиіс. Алайда бастауыш мектептегі төрт жыл ішінде олар тек қана оқу процесінің алғашқы қадамдарын ғана игереді. Қазіргі таңда «іштей», саналы, мәнерлі және жүрдек оқу, оқыту процесінің соңғы этаптарында ғана ұстаз ойлаған деңгейге жететіндігі мамандар тарапынан дәлелденген. Сондықтан бастауыш сыныптарда балалардың оқу іскерлігі аяқталмай, болашақтағы даму жолының алғашқы қадамы ретінде болуы тиіс. Оқушының оқу жылдамдығы бастауыш сынып үлгерімінде маңызды орын алады. Егер оқушы нашар оқыса, оның оқуға ынтасы өзінен-өзі төмендейді, үлгермейді. Әдетте кім тез оқыса, сол көп оқиды, көп біледі де әрі қарай дамиды. Есте сақтау қабілеті де, ақыл-ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Осы жағдайды негізделіп жылдам оқу бойынша туындайтын мәселелер тақырыптың өзектілігін белгілеп береді.

Жалпы оқу сапасын арттыру үшін жай оқу керек па, әлде шапшаң оқу керек па? Жеделтетіп тез оқу әдісі неге маңызды және қай жерде пайдалы? Қарапайым өмірде адамдар тақырыпты жай асықпай оқу пайдалы әлі түсініктірек деп қате пайым жасайды. Расында тез оқу дегеніміз тез игеру, тез түсіну, тез ұғыну ұғымдарымен тығыз байланысты.Оқымысты, жан-жақты адам дегеніміздің өзі – жеделдете тез оқи алатын, әртүрлі ақпараттарды тез игере алатын адам деген сөз.



Мектепке алғаш келген бала ежелеп оқиды, оның көру аумағында бір ғана әріп тұрады, көбінесе қайта-қайта бұрын оқыған әрпіне көз жүгіртіп отырады, әр әріпке жекелеп көз тоқтатады, оқу аумағы тар болады. Осының салдарынан олардың оқығанды түсіну дәрежесі де төмен. Ал әріпті тану дағдысының қалыптасып жетілуімен қабат баланың «көру, оқу аумағы» кеңейіп, дағдылана бастайды. Мұндай дағдыға ие болу балаға оп-оңайға түспейді, ол көп күш-жігерін жұмсайды, мұнда әсіресе зейіні мен еркі үлкен рөль атқарады.Осының барысында зейін мен еріктің төзімділік қасиеті жаттыға түседі.
Сауат ашу кезеңінде бала бар зейінін жеке әріптерді, буындарды қосып оқуға жұмсайды да, сөздердің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Осыған орай,олардың саналы оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады. Сондай-ақ олар іштей оқудан гөрі дауыстап оқуға дайын тұрады. Оларға таңбалануы мен айтылуы бірдей сөздерді оқу да, жазу да біраз қиындық келтіреді.

Жалпы сабақ үдерісінде, оқушы оқығанын жылдам оқу арқылы тез түсіне алады. Тақырыпты тым баяу оқыған оқушы сол тақырыптың мазмұнын түгел айтып бермек түгіл, бір сөйлемнің өзінде де не айтылғанын аңғара алмай қалуы мүмкін. Сондықтан да шапшаң оқу тексті дұрыс оқып, оның мазмұнын түсіну үшін қажет болады.

Жылдам оқу, дұрыс оқу деген түсініктер бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс оқитындар ғана жылдам оқи алады. Белгілі бір жылдамдықпен оқығанда, сол оқығанының мазмұнына түсінсе ғана, оны шапшаң оқыды деуге болады. Шапшаң оқуға жаттықтыру әр сабақ сайын жүргізіліп отырады. Дегенмен, шапшаң оқуға төселдіру үшін арнаулы сағаттар бөлініп, арнайы жұмыстар жүргізу қажет.Оған мынадай жұмыс түрлерін жатқызуға болады:

1. Жаттықтыру жолдары; бірде оқулықта арнайы берілген тапсырмалар орындалса, енді бірде дидактикалық материалдар, карточкалар беріп оқытып машықтандыру. Жаттықтыру мен машықтандыруға арналған жұмыстың түрлері оқушыны жалықтырмайды әрі оқуға деген ынтасын арттырып отырады. Өйткені жеке оқушыға арналған материалдар қысқа да тартымды болып келеді.

2. Жеке дидактикалық жұмыстар үйге де беріледі, үйде оқып жаттыққан оқушы дұрыс оқып, мазмұнын өз сөзімен толық айтып бере алады. Қате оқыған сөздерді буынға, дыбысқа бөліп оқыту; қате оқыған сөздерді тақтаға жазып көрсетіп, дұрыс оқуды талап ету.

Бастауыш сынып мұғалімі өзінің көп жылдық тәжірбиесіне сүйене отырып, қажет болған жағдайда оқушыларды жылдам оқуға үйрететін басқа да жұмыс түрлерін жүргізуіне болады. Оқушыларды жылдам оқуға үйретумен бірге оларға білім, тәрбие беру мақсаты да көзделеді. Білім мен тәрбиені оқушы тек оқығанын саналы түсінгенде ғана ала алатындығы ғылымда дәлелденген.

Өз тәжрибеме негізделіп, туындаған кедергілерді жеңу арқылы оқушыны жылдам оқу жұмыстарының тиімділігін арттыра алдым. Ол үшін сабақты жүргізгенде мыналарды ескеру қажет:

- Бастауыш сынып оқушыларының оқу машығын жетілдіруді оқушының дұрыс және мәнерлеп, тездетіп оқуын қамтамасыз ету. Онсыз оқушының мәтінді толық түсінуі де қиын болады. Сондықтан сабақта қолданылатын әдіс, тәсіл оқудың техникасын жетілдірумен бірге баланың кітапқа, оны оқуға деген ынтасын арттыратындай, бір мәтінді бірнеше рет өз бетінше жалықпай оқуға жағдай жасайтындай болуы керек.

- Төменгі сынып оқушыларының әсіресе абстрактылы ойлауы жеткіліксіздеу болғандықтан,оқу сабағында оқушының білімін толықтыра отырып,оның ойлануы, қызығушылығы, бір затты екіншісімен таныстыру, салыстыру, бірін екіншісіне қарама-қарсы қойып, салыстыра отырып байқампаздығын тануға баулитын әдіс, тәсілдің сабақта көбірек қолданылуы қажет.

- Бастауыш сынып оқушыларының көркем әдеби шығарманы түсінуге керекті мәселені – образды түрде ойлануға күші жетіңкіремейтінін ескеріп, оқушының шығармашылық қиялын ұштарлықтай тәсілдер көбірек қолдану қажет. Затты не оқиғаны өзі көріп, нақты елестете алатындай жағдай жасап отыру керек.

Өз тәжримде кездескеніндей, бастауыш сыныптың мұғалімі жылдам оқуды барлық сабақтарда жүзеге асырып отыруы керек. Бұл жұмысты жүзеге асыру барысында ол ең әуелі дауыстан әрі ырғағына келтіре оқуға баса назар  аударуға тиіс.  Содан соң балалардың денсаулығын сақтау мақсатында көзбен кітаптың ара қашықтығын белгілі мөлшерде ұстауға көңіл бөледі және қандай ырғақпен, қай жылдамдықта оқу керектігін өзі мәтінді оқып көрсетеді. Шапшаң оқуға оқушыларды күнбе-күн өз бетінше оқыту арқылы ғана дағдыландырамыз дедік. Ал мұның өзі оқушылардың сөйлеу мүшелерінің жетілуімен де тығыз байланысты. Сөйлеу мүшелерінің жетілуін, дами түсуін арттыру үшін айтылуы қиындау және қиын жұмбақтар мен жаңылтпаштар оқытудың және оларды ойын түрінде қайта-қайта айтқызудың пайдасы аса зор. Бастауыш мектепте шапшаң оқу өз нәтижесін дауыстап оқу жылдамдығын минутына 58-72 сөз, түсініп оқу жылдамдығы минутына 90-95 сөз болғанда, әрі оқу кітабынан 8-10 өлең және шығарма үлгілерін жаттатқанда берері сөзсіз.

Өз сыныбымда жылдам оқу нәтижелерін зерттей келе оқушылардың танымдық үрдістері төмендегідей пайыздық көрсеткіштерге жеткенін сызба және кестеде келтіруді жөн көрдім.


1 сызба. Сыныптағы оқу жылдамдығының мөлшері


Жоғарыда жасалған жұмыстардың нәтижесінде, сауат ашу және ана тілі сабақтарында оқушылардың білім деңгейі тұрақты түрде жоғарылап отырды. Ол төмендегі кестеде өз көрінісін тапқан.




№1 кесте. Сынып оқушыларының ана тілі, сауат ашу сабағындағы білім деңгейі.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет