Дәріс сабақтары Спорт жаттықтыру үрдісін басқару пәні. Глоссарий



бет1/24
Дата15.12.2021
өлшемі159,5 Kb.
#101117
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
866183908116 7 СҮ Дәрістік кешен
d29bd0b0d0b7d0b1d0b0d0bbd0b0d180, Ашық сабақ Матем 17.10.2019, Ардуино

Дәріс сабақтары
Спорт жаттықтыру үрдісін басқару пәні.
Глоссарий.

  1. Спорт – дегеніміз жоғары спорттық жетістіктерге бағыталған жаттықтыру және жарыстық әрекеттер.

  2. Спорттық жаттықтыру дегеніміз спортшыны тәрбиелеу, дене қуаты қасиеттерін дамыту, қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру арқылы спорттық жоғары нәтижелерге жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы үрдіс.

  3. Жаттыққандық – дегеніміз спортшы ағзасының берілген жаттықтыру және жарыс жүктемесіне биологиялық бейімделу деңгейі.

  4. Дайындалғандық – спортшының техникалық, тактикалық, психологиялық және дене қуаты дайындығының нәтижесі.

  5. Спорттық қалып – спортшының сол кезеңде спорттық жетістіктер көрсетуге жоғары объективтік және субъективтік дайын күйі

  6. Спорттық әрекет – дегеніміз адамның спорт саласында жоғары деңгейде жетілуі мен денсаулығы нығаюын қамтамасыз ететін ұйымдастыру қызметі.

  7. Спорттық жарыс – дегеніміз спорт саласындағы спорттық көрсеткіштерді көрсету, бағалау және салыстыру әрекеттері мен тәсілдері.

  8. Жоспарлау технологиясы деп – бір уақыт аралығында жаттықтыру және жарыс түрлерін жүргізу, әдістерін, амалдарын қолдану, нақты міндеттерін орындау үшін жоспарланатын ұйымдастыру-әдістемелік жиынтықты айтамыз.

  9. Кешендік бақылау – жаттықтыру циклі кезінде спортшының дайын- дық деңгейін анықтау үшін қолданылатын әртүрлі өлшеулер мен бағалау көрсеткіштері.

  10. Спорттық жетістіктер – дегеніміз спортшының нақты қозғалыс нәтижесімен дәлелденген спорттық шеберлігі мен қабілеттілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет