Сабақтары Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»



Дата27.05.2020
өлшемі352,3 Kb.
#71299
түріСабақ
Байланысты:
789 705 7241


Сәлеметсіздер ме, ББ-Б-17 тобының машықтанушылары!

Мектептегі байқау сабақтары бойынша бүгінгі сабағымыздың материалдарымен толық танысып, тапсырманы орындаңыздар.

Практика атауы: Мектептегі байқау сабақтары

Мамандығы: 0105000 – «Бастауыш білім беру»

Тобы: ББ-Б-17 (1-топша)

Әдіскер: Сәрсен Г.А

Күні: 12.05.2020

Тақырып: Математика сабақтарында қолданылатын қосымша тапсырмалар үлгілері

Төменгі класс оқушыларының абстрактілі (жан-жақты) ойлауы жеткіліксіздеу болғандықтан, күнделікті оқу бағдарламасынан тыс оқушының білімінің деңгейін толықтыра отырып, оның ойлауын, салыстыру, негіздеу, қорытынды жасай білу, дәлелдей алуын қалыптастыру, дамыту үшін түрлі қосымша тапсырмалар орындаудың маңызы зор.




  1. Математикалық диктант

  1. Өрнекті жаз: 24 пен 12 сандарының қосындысының 3-ке көбейтіндісі.

  2. 126:3+14

  3. 2 сағ 12 мин + 3 сағ 48 мин

  4. 1 сағ 18 мин – 47 мин

  5. Ең үлкен екі таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы санның бөліндісін тап.

  6. Белгісіз санды 5 есе кеміткенде, 5 саны шықты. Белгісіз сан нешеге тең?

  7. 18 шығу үшін 9-ды нешеге көбейту керек?

  8. 8-ді 5 есе арттыр. Нәтижесін жаз.

  9. Үстелде 8 ақ майлық және одан 3 есе артық көк майлық тұр. Үстелде неше көк майлық тұр?

  10. 5 см-ді 100 есе арттыр. Нәтижесін метрмен өрнекте.




  1. Математикалық ребустар



  1. Математикалық жұмбақтар

Атадан 10 баламыз

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз. (Цифрлар)


Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)


Нәрселерді санағанда

Керек бізге ауадай

Айтшы, қане, ол қандай сан

Жан-жағыңа қарамай (Натурал сан)


Нүктеден, екі сәуледен,

Құрылған бұл не екен? (Бұрыш)


Бір ағаштың 12 бұтағы бар

Әр бұтақта 30-дан жапырағы бар.



Жапырақтың бір жағы ақ, бір жағы қара. (жыл, ай, күн мен түн)
 

  1. Математикалық басқатырғылар






  1. Математикалық сөзжұмбақтар

Көлденеңінен:


1. Азайтудың компоненті
Тігінен:
1. Арифметикалық амал

2. Бір таңбалы сан


3. Геометриялық фигура

Көлденеңінен:


1. Азайтудың компоненті
2. Екі таңбалы сан
Тігінен:
1. Бір таңбалы сан
2. 81 – 81
3. Белгісіз саны әріппен белгіленген теңдік.



  1. Логикалық есептер

  1.  Екі адам төрт сағат жол жүрді. Олардың әрқайсысы неше сағат жол жүрді?

  2. Үш аю қыста үш ай ұйықтады. Әр аю неше уақыт ұйықтаған?

  3. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны – он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?

  4. Аулада тұрған әр түрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің саны он болды. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр?

  5. Самат, Қанат, Маратты орындыққа әртүрлі ретпен қалай отырғызуға болады?

  6. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр?

  7. Қалаға өарай 3 жеңіл машина бара жатыр. Оған қарсы 2 жеңіл, 3 жүк машинасы келе жатыр. Қалаға қарай неше машина бара жатыр?



Тақырып бойынша сілтемелер:

http://engime.org/iziti-matematikali-tapsirmalar-men-ojindar-iziti-tapsirmalar-m.html

https://matematik.kz/bt/291-matematikadan-logikaly-esepterd-sheshu-zholdary.html

https://infourok.ru/sinip-iziti-matematika-442774.html


ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ

Тапсырма мазмұны

12.05.2020 күнгі «Балапан» арнасындағы өз сыныбы бойынша математика сабағын толық көру, сабақ тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар дайындау


Пайдаланылатын оқулықтар:

  1. Математика. 1- сынып. https://mhelp.kz/skachat-elektronnye-uchebniki-kazahstan/#klass-

  2. Математика. 2-сынып. Ә.Ақпаева. «Мектеп» 2016. 4-бөлім https://www.opiq.kz/Kit/Details/69

  3. Математика. 3-сынып. Ә.Ақпаева. «Мектеп» 2016. 4-бөлім https://www.opiq.kz/Kit/Details/21

  4. Математика. 4-сынып. Ә.Ақпаева. «Мектеп» 2016. 4-бөлім https://www.opiq.kz/Kit/Details/36


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет