Статистикалық көрсеткіштерді пайдалану нысандары



бет1/2
Дата14.05.2020
өлшемі21,63 Kb.
#68141
  1   2
Байланысты:
Қатысты шамалардың негізгі түрлерін есептеу


Статистикалық көрсеткіштерді пайдалану нысандары

Статистикалық бақылау кезінде және оның нәтижелерінен алынған статистикалық көрсеткіштерді кесте және график әдісі арқылы, яғни көрнекі түрінде пайдалануға болады.



Статистикалық кестелер – бұл бағандар мен жолдардың атауларға ие жүйелері. Кестелердегі бағандар мен жолдар атауларға ие және оларда әлеуметтік-экономикалық

38

құбылыстар мен процестердің санды, әріптік немесе өзге белгілеулері/мәндері келтіріледі.



Кестелі әдістің мәнін, «статистикалық сөйлем» ұғымын пайдаланып, түсіндіруге болады. Осындай сөйлемнің негізгі элементтері болып бастауыш пен баяндауыш саналады. Кестенің бастауышы – бұл санды мәндерге ие зерзат; мысалы, жыртылған, егілген жер алқаптары. Баяндауыш – бұл қарастырылатын жиынтықты сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, яғни осы алқаптардың көлемі.

Статистикалық кестелер келесі негізгі түрлері бойынша бөлінеді:

1.қарапайым кестелер, бұл кестелерде бастауыш қандай да бір топтарға бөлінбей, тұтастай қарастырылады;

2.топтық кестелер, бұл кестелердегі бастауышта жиынтықтың қандай да бір құрамдық бөліктері орын алады;

3.құрамдастырылған кестелер, олардағы бастауышта

зерттелетін жиынтық екі немесе одан да көп белгі бойынша топтастырылып, қарастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет