Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
болжамына баяндама.
Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы №1251 қаулысымен бекітіліген әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленген.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының құрамында, әлеуметтік параметрлер болжамы, Бұқар жырау ауданы әлеуметтік-экономикалық дамуының тенденциялары мен басымдылықтары, үш жылға арналған салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттары бар.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, жергілікті мемлекеттік органдар дамуындағы стратегиялық жоспарларының әзірленуі үшін негіз болып табылады.
-Даму және бюджеттік параметрлер болжамы келесі бөлімдерден тұрады:
2007-2009 жылдарға ауданның әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары туралы баяндама.
-2010-2014 жылдарға даму келешегі.
-2010-2012 жылдарға аудандық бюджет параметрлерінің болжамы.
1. Бұқар жырау ауданы дамуының экономикалық тенденциялары.
1.1. 2007-2009 жылдарға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының талдауы.
Өнеркәсіп
Талдау кезеңіне өнеркәсіп өндірісі тұрақты өсуде. 2008 жылы ауданның өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9132,6 млн.тенге, 2007 жылмен салыстырғанда 89,4% өскен. 2009 жылға өндірістік өнім көлемі 10146,7 млн.теңгеге жоспарланған.
Өнеркәсіп салаларының дамуы
Өнеркәсіптің негізгі құрушылары тау-кен өндірістік және өңдеу салалары.
2008 жылы тау-кен өндіру саласының өсу қарқыны 2007 жылғы төмендеуге қарағанда маңызды, өндіріс көлемі төрт есе өсіп, 626 млн.теңгені құрады, бұл «Қазақмыс» Корпорациясы кәсіпорының көмір тұтынуының артуына байланысты. 2009 жылы өндірістік өнім өндірісінің көлемі былтырғы жылдың деңгейіне 1,2 % өседі.
Тау-кен өндірісінің негізгі өндірушілері болып көмір өндіру және сатумен айналысатын Қушоқы көмір кенші болып табылады. 2008 жылы көмір өндірумен айналысуға арналатын ЖШС «Қамбар Тау-кен руда компаниясы» Тоғызқұдық селолық округының аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізді. 2009 жылы кәсіпорын 50 мың.тонна аумағында бастапқы өндіруді жүргізбек.
Осы кәсіпорындармен қатар ауданда жер қойнауын пайдаланатын құрлыстық құм, саз, қиыршық тас, сылама әк және т.с.с өндірумен айналысатын бірқатар шағын кәсіпорындар өз қызметін жүзеге асырады.
Өңдеуші өнеркәсіптің өнімі ауданның жалпы өндірістік өнімінен 90 % құрайды, олардан көп бөлігі ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен айналысады. Өңдеуші өнеркәсіп өнімінің өндірісі 2008 жылы 8486,6 млн.теңгені құрады немесе 2007 жылдың деңгейіне 95,8% өсті. 2009 ж өндіру көлемдерінің 2008 ж қарағанда 0,4%-ға немесе 9512,5 млн.теңге сомасына өсуі жоспарлануда.
Жоғары құн қосылған экспортқа негізделген өнімнің шығарылымы.
Экспортқа негізделген өнімді шығару қажеттілігі болып, өндіріс процессінің иновациясына ену болып табылады, сондай ақ отандық тауарөндірушілерді шығаратын өнім сапасы жүйесін басқаруды жетілдіруді тұрақтандыру.
Осы мәселенің индикаторлары болып халық аралық стандарттардың талабына сәйкес менеджмент жүйесін сертификацияланған кәсіпорындар мен ұйымдардың санын көбейту болып табылады.
2007 жылдан бастап ауданның кәсіпорындары мен мекемелерінде МСЖ енгізу бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі. Осының салдарынан бүгінгі күнде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сатумен айналысатын 8 кәсіпорын ЖШС «Ақнар ПФ», АҚ «А-Алтын», ЖШС «ПКФ Медео», ЖШС «АПК Волынский», ЖК Мухарлямова «Морская империя», ЖШС «ХПП Ак Нұра», ЖШС «ALIAN», ШҚ «Соммер 2», ИСО 9001-2001 сериясының сапа менеджменті жүйесін сертификаттады.
2009 жылға СМЖ тағыда 2-кі кәсіпорында енгізу жоспарланған. «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және ЖШС «КНИИР және С».
Технологиялар мен инновацияның дамуы
Ауданда 4 кәсіпорын анықталған: ШҚ «Шұғыла» сыр өндіретін зауыт, өндірістік қуаттылығы ауысымына 1 тонна, 4 жұмыс орны құрылған. «Нехтар» ШҚ кешенінде өндірістік қалдықтарды өңдеу, цемент шығару бойынша техникалық кешен, өндірістік қуаттылығы тәулігіне 80 тонна, 20 жұмыс орны құрылған.
«Казтерн» ЖШС панельді радиаторларды өндіру өндірісі бойынша зауыт, өндірістік қуаттылығы тәулігіне 380 тонна, 50 жұмыс орны құрылған.
«Өсімдік майын өндіру бойынша цех «Жасұлан» ШҚ, тәулігіне өндірістік қуаттылығы 6 тонна, 8 жұмыс орны құрылды.
Кәсіпкерліктің дамуы
Үкіметтік және жергілікті деңгейде де шағын және орта бизнесті қолдау шараларына байланысты шағын кәсіпкерліктің дамуы негізгі көрсеткіштердің дамуымен сипатталады, шағын бизнестің дамуы негізгі көрсеткіштердің өсуімен сипатталады.
2009 жылы тізімге алынған шағын кәсіпкерліктің санын 1705 бірлікке жеткізу жоспарлануда, осының салдарынан шағын кәсіпкерлікте жұмыстылар саны 3592 адамға жетеді, өндірілетін өнімнің көлемі 3607 млн.теңгеге дейін арттырылсын.
Негізгі көрсеткіштердің орындалуы шағын кәсіпкерліктің дамуы 2008 жылға 2007 жылмен салыстырғанда:
Тізімге алынған шағын бизнес субьектілерінің саны 1689 бірлік, былтырғы жылдың деңгейіне өсім 3,4 % құрады.
Шағын бизнес субьектілерінің артуы және жаңа жұмыс орындарының құрылуы жаңадан тізімге алынған жеке кәсіпкерлердің есебінен болды.
Шағын бизнесте жұмыстылар саны 3587 адамды құрады.
Өндірістік өнім (жұмыс, қызметтер) жеке көлемдері 3536,2 млн.теңге жеткізілді, 2007 жылдың деңгейіне өсім 44 % құрады.
01.01.2009ж жағдайына ауданда шағын кәсіпкерліктің 78 заңды тұлғасы бар, олардан әрекет етудегісі 68, қызмет етпейтіні 10.
Жыл басынан ауданда 12 шағын кәсіпорын ашылған: (өңдеуші өнеркәсіп 2, қаржылық қызмет-1, ауыл шаруашылығы -2, құрлыс-2, сауда- 4, коммуналды, әлеуметтік және жеке қызметтерді ұсыну-1).
Әлеуметтік көзқарастан кәсіпкерлік халықтың жұмыстылығы мәселесін шешуге, кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күресті нығайтуға көмегін тигізеді. 01.01.2009 жыл жағдайына шағын кәсіпкерлік саласында 170 жоспарында 252 жұмыс орны құрылған, орындалу жоспарға 148,2 % құрады.
Құрлыс
2007-2008ж жылдарында аудан бойынша барлығы 8632 м2 тұрмыстық нысан енгізілген, соның ішінде жеке тұрмыстық нысан 8268 м2, арендалық (коммуналдық) тұрмыстық 364 м 2, 8495,0 м 2 немесе 102% жоспарында, соның ішінде:
2007 ж – 2588 м 2
2008ж- 6043,6 м 2
2009 ж 7000 м 2 енгізу жоспарлануда, бұл 115,8% құрайды.
Үштөбе аулының Сокурская көшесіндегі жеке тұрмыстық үйлерге инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымның құрлысына 2007 жылы 15,5 млн.теңге, 2008 жылы 32,0 млн.теңге бөлінді.
Келесі жұмыстар жүргізілді: 3029 м су құбыры желілері өткізілді, суағар 140 м. Бір насостық станса салынды, екі сквашина тесілді, 10/0,4 кВ электр беру желісі өткізілді. Бір су қысымдық мұнара және 250/10/0,4 Кв КТП орнатылған.
Нысан 1.12.2008 жылы мемлекеттік комиссиямен қабылданған.
2009 жылға Ботақара кентінде инженерлі-инфрақұрылымның дамуына 4,0 млн.теңге бөлінді.
Коммуналдық және ипотекалық тұрмыстық нысандардың құрлысына 2007 жылы қаражат бөлінген жоқ. 2008 жылы жалдық (коммуналды) тұрмыстық нысанның құрлысына 24 млн.теңге бөлінді. Екі үй салынды.
Нысандар мемлекеттік комиссиямен 2008 жылдың қыркүйек айында қабылданды.
2009 жылы Ботақара кентіндегі бір 12-кі пәтерлік жалдық (коммуналды) тұрмыстық үйдің құрлысына 48 млн.теңге бөлінді және Ботақара кентіндегі бір 2-кі пәтерлік жалдық тұрғын үйдің құрлысына 10 млн.теңге бөлінді.
2009 ж 6212 м2 жеке тұрғын үй, 788 м2 арендалық (коммуналдық) тұрғын үй салу жоспарлануда, 2008 жылдың фактсіне 1,2 есе арту.
2007-2008 жылдары 80 отбасына тұрмыстық нысанды жақсарту енгізілді.
2007-2008жж жеке тұрмыстық құрлысқа 272 өтініш берілген, 260 өтініш қанағаттандырылған, қалғандары тізімге алынуда.
2009ж жеке тұрмыстық нысанға 7 учаске бөлінген.
1.1.4. Ауыл шаруашылығы
2009 жылдың басына ауданда өз қызметін 30 ауыл шаруашылығы кәсіпорыны жүзеге асырды, 884 жеке шаруа қожалықтары, 11072 жеке қосалқы шаруашылық. Жыл сайынғы өсімдік өсіру және мал өсіруде өнім өндіру көлемінің өсуі есепке алынуда. 2008 ж ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 14078 млн.теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың деңгейіне 127,5% құрайды. Осының өзінде мал шаруашылығы өнімінің алға шығуы көрінуде.
2008 жылы бидай егу шаруашылығының барлық санаттарында 105,1 мың.га бидай егілді, бұл былтырғы 2007 жыл деңгейіне 100,4% құрады.
2007 жылдың 120 га қарсы, алаңда 270 га жиналған, жалпы жинау - 4,9 мың.тонна, 2007 жылдын деңгейіне өсім 2,8 м.т. 2007 ж деңгейінің асыра орындалуы 233 % құрады, орташа өнімділік -183 ц/га (2007-182 ц/га)
Жазғы кезеңнің құрғақшылық жағдайларынан аудан бойынша 12,8 мың.тонна бидай өнімдері есептен шығарылған, сондықтан өнім жинау алаңы 92,3 мың. гектар, бұл 2007 ж жинақтау алаңына 88,6% құрайды, соның ішінде бидай 74,6 мың.га, арпа 17,2 мың.га, сұлы 0,5 мың.га. Бидай өнімдерінің жалпы жинағы 52,8 мың.тоннаны құрады.
Картоп 1124,7 гектар жиналды, бұл 2007 жылғы - 1016 га деңгейіне қарсы, жалпы жинақ 19,5 мың.тоннаны құрайды (2007ж -17,2 м.тонна). АМКК «өсімдік өсіру және селекция Қарағанды ғылыми-зерттеу институты» кешенінде жаңа бидай түрлерінің шығарылуы бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі. Өсімдік өсіру өнімін өсіруде өндіріске бастапқы технологияларды енгізу бойынша.
Жалпы алғанда мал шаруашылғы өндірісі бойынша малдың барлық түрлері бойынша, құстан басқа 2008 жылы бағдарламалық тапсырмалар сәтті орындалды. 2008 жылға меншіктің барлық нысандары бойынша 25,2 мың.тонна ет, 59,8 мың.тонна сүт, 66,6 млн.дана жұмыртқа және 62,2 мың.тонна жүн өндірілді.
2008 жылы 2007 жылдың деңгейіне мал өсіру шаруашылығы өнімінің өсуі байқалады: ет 4,3% -ға, сүт 3,4% -ға, жұмыртқа 30,2 %-ға, жүн 64%-ға.
Жылқы бастарының өсуі байқалуда: жылқы 5,5 %-ға (13,2 мың.бас), қой және ешкі 6,7%-ға (51), шошқалар 1,6%-ға (50,1), құстың барлық түрлері 12%-ға (920,3). Былтырғы жылдың деңгейіне ІҚМ бастары 4%-ға төмендеп 56,4 басты құрады. Негізінен мал басы жем-шөптің қымбаттауынан жеке үйлерде азайды. Ұрғашы ІҚМ басы сақталған.
2008 жылы ауданның ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері «Қарағанды облысының АПК тұрақты дамуы» аймақтық бағдарламасы бойынша мемлекеттік жәрдем алды. 1546,7 млн.теңге сомасына, бұл былтырғы 2007ж деңгейіне 143% құрайды. 2009 жылы ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерін қолдау бойынша жұмыс жалғасуда.
2008 жылда жеке қаражаттар есебінен және лизингке 65 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасы және жаңа жабдықтар 548,1 млн.теңге сомасына алынды, 2007 ж 51 бірлік 133,8 млн теңге сомасына. 2009 ж 172,2 млн.теңге сомасына арнайы 3 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы алынды.
2009 жылы ауданның ауыл шаруашылығы нысандарымен 12000 тонна көлемінде тұқым егілген, бұл қажеттілікті толығымен қамтамасыз етеді.
2009 жылы ауданның ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері 112 м.га- бидай, 1150 га-картоп, 300 га-көкөніс егеді.
2009 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің болжамдағы жалпы көлемі 14500 млн.теңгені құрайды, былтырғы жыл деңгейіне өсім 3% құрайды.
2009 жылы бидайдың жалпы өнімі 63,2 мың.тонна, былтырғы жылдың деңгейіне өсім 8,5% құрайды. Мал өсіру өндірісі құрайды: ет-26,5 мың.тонна, 2008 ж деңгейіне өсім 3%, сүт-61,7 мың.тонна немесе 2008 жылға өсім 3%, жұмыртқа 86,9 млн.дана, өсім 35%.
Транспорт және коммуникациялар
1.01.2009 жылдың жағдайына аудан бойынша автокөлік жолдарының жалпы қашықтығы 1718,2 км, соның ішнде республикалық маңыздағы жолдар 494 км, 732,2 км жолдар жергілікті маңыздағы және 492,2 км жолдар аудандық маңыздағы, соның ішінде ішкі кент жолдары 402,2 км.
Жалпы қатты жабындағы жолдар 73,8% елді мекендерде ғана, 30% ауылдар қиыршық тас жолдарды пайдалануда.
80 жылдардан бастап ауыл шаруашылығы нысандарының қирауынан кейін жолдар иесіз қалып жөндеуден өткізілмеген. Қазіргі таңда ішкі кент ауыл жолдары авариялық жағдайда, тозу пайызы 80 % құрайды.
2007 ж аудандық бюджеттен ауданның ішкі кент жолдарының ағымдағы жөнделімі бойынша барлығы 2,1 млн.теңге бөлінді, 2008ж -11,6 млн.теңге.
2008 ж ішкі кент жолдарының ағымдағы жөнделіміне 80 млн.теңге қажеттілігінде 13,8 млн.теңге бөлінді.
Жергілікті және республикалық маңыздағы автожолдарда жыл сайын орта және күрделі жөндеулер бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2007 ж облыстық маңыздағы автожолдардың орташа жөнделіміне 83,6 млн.теңге бөлінді, 2008 жылы 103,0 млн.теңге, 2009 жылдың жоспары 84,3 м лн.теңгені құрайды.
Облыстық маңыздағы жолдардың күрделі жөнделіміне 2007 ж қаражаттар бөлінген жоқ, 2008 жылы 605,5 млн.теңге бөлінген, 2009 ж 76,4 млн.теңге сомасында қаражаттар жоспарланған.
Республикалық маңыздағы жолдардың күрделі жөнделіміне есептік кезеңде қаражаттар бөлінген жоқ, күрделі жөндеу жүргізілген жоқ.
Аудан бойынша жүк тасымалдауды ЖШС «Қарағанды транс» жүзеге асырады. Автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі 2008 ж 2007 жылмен салыстырғанда 4,3%-ға өсті және 23,0 м.тоннаны құрады. 2009ж жүк тасымалдау көлемі 24 мың.тоннаны құрайды.
Аудан аумағында жолаушылар тасымалдауды ЖШС «Сапар» Қарағанды қ, ЖШС «Трансагентство КZ» Теміртау қ. 2007 жылы аудан аумағында жаңа 2 автокөлік маршруттары ашылды, осының салдарынан жолаушылар тасымалдау саны өсті. Егер 2007ж жолаушылар тасымалдау саны 108 м.адамды құрады, ал 2008ж 114 мың.адамды құраған.
Халыққа байланыс қызметін 30 СТС жүзеге асырады, олардан 15 АТС электронды.
Жалпы жөнделген сиымдылық 12259 нөмірді құрайды, әрекетте 67,4 %. 2007 жылдың деңгейіне мониторлы сиымдылықтың артуы 58 % құрады.
Қала аралық, халық аралық байланыс қызметін ұсыну 2008 жылы 1210,6 мың.минутқа артады, 2007 жылмен салыстырғанда -9895,4 мың.минут, 2009 жылы трафикті 17,8 % арту болжануда және 11661,3 мың.теңгені құрады.
01.01.2009 жылға телефондар тығыздылығы 100 тұрғынға 13,1 телефонға артты, бұл 01.01.2008 ж 12,5 пайызына қарсы және 104,8 % құрады.
Аудан бойынша Интернет қызметін пайдалануы 01.04.2009 жылға 652- абонентті құрады, с.і 550 абонент жеке тұлғалар, 2007 ж салыстырғанда (171 абонент, с.і 140 жеке тұлғалар) көбею 481 немесе 381,3 % құрады.
2007жыл кезеңіне Қушоқы к, Ботақара к, Ғ.Мұстафина. к, Нұра стансасы, және Доскей, Гагарина, Ақтөбе және Дубовка ауылдарында сандық стансалар орнатылды. Аудан бойынша 36 сөйлесу пункіттері ашылды.
Аудан бойынша байланыс сапасын жақсартуға келесі жұмыстар жүргізілді:
-Теміртау-Мұстафин арасында талшықты-оптикалық байланысты орнатуға, сандық беруді берумен қала аралық байланысқа шығумен, Мұстафина мен Нұра;
- Ғ.Мұстафинамен Ростовка, Мұстафина мен Қаражар арасында АТСК ні АТСЭ –ге айрыбастау жолымен желілерді қайта жаңарту бойынша, радиорелейлі станса арқылы сандық ағымды беру жолымен.;
-Дубовка, Новоузенка селоларында байланыс кабельі желілерінің күрделі
жөнделімі бойынша.
-Қарғанды-Ботақара-Қарқаралыда ВОЛС салу бойынша, Тұзды, Петровка,
Ботақара және Шешенқара селоларында АТСК-ні АТС-Э айрыбастау және қосумен.
-Қарақұдық және Тоғызқұдық селоларын АТС-қа қосуда, Қарағанды мен
Қарқаралыны кабельді магистральға қосуға дайындық жұмыстары жүргізілді. Келесі елді мекендер бойынша СДМА-450 радиоөтім бойынша телефонды кешенді стансалардың құрлысы аяқталды: Құрлыс селосын қамтумен с.Үштөбе, Заречное, Новостройка; Қызыл жар селосын қамтумен с.Молодецкое, Баймырза, Чкалово, Самарқанд, Астаховка, Тегісжол, Центральное селоларын қамтумен Гагарин селосы, Ақбел, Жаңа қала, Жастілек, Плотинное селоларын қамтумен Ботақара кенті, Ақжар (36 өтініш бар), Алғабас, Ақөре және Белағаш селоларын қамтумен Керней селосы.
Электрлік энергетика
Аудан аумағында әуелік электр беру желілерінің жалпы қашықтығы 2517,8 км және 446 кіші стансалар есептеледі, баланс ұстаушы ЖШС «Қарағанды Жарық».
Ауданның 60 мың.адамы бар барлық 68 елді мекендері тәулік бойы электр беру жағдайындағы орталық энергия желісіне қосылған.
Жыл сайын баланс ұстаушымен өз қаражаттары есебінен, электр беру және кіші стансалар желілерін күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ауданның елді мекендерін электрмен қамтуда ауытқулар жоқ.
Сыртқы экономикалық қызмет
Аудан аумағында сыртқы экономикалық қызмет жүзеге асырылмайды.
1.1.8. Инвестициялық сала
Негізгі капиталға инвестиция салуды талдай келе мынаны ескеру қажет, 2007 жылдан бастап кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелердің негізгі капиталына инвестициялардың тұрақты өсімі байқалады.
2008 ж инвестициялар көлемі 15470,5 млн.теңгені құрады, 2007 жылдың деңгейіне өсім 64,6% құрады. Облыс инвестицияларының жалпы көлемінде аудан инвестицияларының жеке салмағы 2007ж 3,7%-дан 2008 ж 8%-ға дейін өсті. 2009ж инвестициялар өсімі күтілмейді. Негізгі капиталға инвестициялар 7932,6 млн.теңгені құрайды.
Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі бөлігін кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғындардың 76,7% өз қаражаттары құрады, бұлар негізінен құрлыс пен қайта жаңартуға, ғимараттар мен жайлардың күрделі жөнделіміне, негізгі құралдардың алынуына -11852,3 млн.теңге бағытталған. (инвестиция көлемдерінің үлкен өсімі 2007 жылмен салыстырғанда келесі кәсіпорындардың өз қаражаттарын салуы салдарынан болды:
ПУ ЖШС «Қарағанды цветмет» құрлыс пен күрделі жөндеуге, кәсіпорын қызметін аудан аумағында жүзеге асыруға жоспарлайды, атап айтқанда мыс рудасын алу мен қорту өндірісін жасауға.
АҚ «Аэропорт Сары-Арқа» нысандардың құрлысы мен қайта жаңартылуына инвестициялар салу (ұшу алаңын үлкейту, аэро вокзалды жайларды қайта жаңарту, қонақ үй кешенінің құрлысы)
ЖШС «Махсам Қазақстанға» салымдар есебінен, шет ел инвестициялары 1532,5 млн.теңгені құрады.
Республикалық бюджет қаражаттарының есебінен Ботақара, Ғ.Мұстафин кенттерінде, Көкпекті, Қарақұдық селоларында су құбыры желілерінің қайта жаңартылуы жүргізілді.
Жергілікті бюджет есебінен 3 селода: Новоузенка, Ақбел, Заречное су құбыры желілерінің қайта жаңартылуы жүргізілді.
Демография мен миграция
Статистика мәліметтері бойынша 01.01.2009 жылға аудан тұрғындарының саны 60097 адамды құрады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 603 адамға азайды. 01.01.2009 жыл жағдайына кенттерде тұратын тұрғындар саны-13477 адам, селода-46628 адамды құрады.
2008 жылы аудан бойынша 687 туылған тіркеуге алынды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 312 м адамға артық. 2008 ж 729 адам қайтыс болды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 31 жағдайға аз.
Некеге тұру саны 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 37-ге азайды, айрылысулар саны 14-ке артты.
2008 ж келушілер саны 1616 құрады, 2007 ж деңгейіне 585 адамға артты, кеткендер саны 104 адамды құрады, бұл 2007ж деңгейінен 43 адамға аз.
Тұрмыстық сала
Тұрмыстық құрлыс негізінен тұрғындар қаражаттарының есебінен жүзеге асырылады.
Тұрғындар табысының өсуіне, өмір деңгейінің жақсаруына байланысты жыл сайын жеке үйін салуға тілек білдірушілердің саны артуда.
2007-2009ж тұрмыстық нысан құрлысы 15,6 мың.м 2 құрады, сондай ақ жеке тұрғын үй 14,5 мың.м 2, жалдық (коммуналдық) тұрғын үй 1,1 мың.м 2.
1 тұрғынды 18 м 2 тұрмыстық үймен қамтудың әрекет етудегі әлеуметтік нормасында, фактілік әрбір тұрғынға 19 м 2 келеді.
Аудан бойынша тұрмыстық қор жалпы алғанда 1157,4 мың.м 2 құрайды, соның ішінде кенттерде 244,8 мың.м2, селолық жерлерде 912,6 мың.м 2. Олардан жеке меншіктегілер 1114,2 мың.м 2 тұрмыстық нысан және мемлекеттік меншіктегісі 43,2 мың.м 2 тұрмыстық нысан.
Білім беру
Орта білім беру мекемелерінің желісі 2007 ж 56 адамды ұстады, соның ішінде: 38-орта мектеп, 11-негізгі және 7 бастапқы мектептер, 9643- оқушылардың жалпы контингентімен. 2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы оқушылардың саны 535 адамға азайды, мұндай азаю тұрғындар миграциясымен түсініктеледі, балалардың Қарағанды қаласындағы мекемелерге («Мұрагер» және «Дарын» мектептері) түсуімен.
2007-2009 жылдар кезеңіне мектептердің жабылуы болған жоқ.
2007жылы 3 бала бақша есептелді. 2008 жылы мемлекеттік желіге ведомства астындағы бала бақша «Василек» с. Самарқанд берілді. 2009 жылдың 1 қаңтарына 4 бала бақша қызмет етуде олардан 3 мемлекеттік және 1 меншік- Қушоқы көмір кенші. Жеке меншік бала бақша Қушоқы кентінде орналасқан. Мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелердің саны Самарқанд селосындағы «Василек» бала бақшасының білім беру бөлімінің балансына қайтарымсыз берілуіне байланысты артты, 2010 ж Доскей ауылында 160 орындық 5-ші бала бақша ашу жоспарлануда.
«Колокольчик» және «Россинка» бала бақшаларының материалды-техникалық базасының нығаюуына 2007ж 495 мың.теңге енгізілді, 2008ж қосымша топтардың ашылуына байланысты бала бақшалардың қаржыландырылуы 11,7 есе артып 5800 мың.теңгені құрады.
Ауданда мектеп жасына дейінгі 5409 бала, олардан тек 1300 бала мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған бұл 24 %. Мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен қамту 975 балаға артты, бұл аудан мектебі жандарынан 20 шағын-орталық ашу есебінен.
2008 жылы Доскей ауылында 160 орындық бала бақшаның құрлысы басталды, 2008 жылдың 1-ші сәуіріне 210 бала кезегінде, құрлысты 2009 жылы аяқтау жоспарлануда.
Қызмет етудегі бала бақшалардың материалды-техникалық базасын нығайтуға басты назар аударылуда, бұл тек 60% жарақтандырылған.
2009жылы 410 түлектен ҰБТ 385 адам қатысады, бұл 94 % құрайды. 2008жылы ҰБТ 368 немесе 81,6% оқушы қатысты. ҰБТ қортындылары бойынша орташа бал 64,2 балды құрады (2007ж- 63,7 балдар) Бір түлек өз білімін «алтын белгі»-ге нақтылады.
Аудан мектептерінің материалды-техникалық базасын нығайтуға жұмыстар жүргізілуде. Білім беруді ұйымдастырудың компьютерлік бағы 1006 техника бірлігін санайды, рейтинг бойынша 1 компьютерге 9,3 оқушы саналады. Интернет желісіне шығуға аудан мектептерінің 100 % мүмкіндігі бар
Ауданның барлық 56 мектептері заманауый кітаптармен, электронды оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтылған. Аудан мектептерінің жыл сайын кітапханалық қоры нығайтылады 2007-2009 жылдары кезеңінде 122 мың дана кітап алынған.
Оқу процессінде интерактивті тақталар, лингофонды, мультимедиялы кабинеттер, оқудың жаңа әдістері түрінде, инновациялар енгізілуде.
2007-2008 жылдары кезеңінде 121,2 млн.теңге сомасына 15 білім беру нысандарының күрделі жөнделуі жүргізілді, 2009 жылға 50,0 млн.теңге сомасына 4 мектептің күрделі жөнделуі жоспарланған.
Талдау кезеңінде мектептердің жабылуы және ашылуы болған жоқ.
Аудан мектептерінде кәсіптік білім беру моделін әзірлеуге байланысты мақсатты жұмыс жүргізілуде. Ресурстық орталықтардың жұмысы және құрылуы бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген.
Қоғамдағы өзгерістерге жағдайлану мақсатында, білім беру деңгейі сұранысының өсуіне байланысты ауданның педогогикалық кадрлары белсенді және уақытылы мұғалімдерді біліктілікті арттыру курстарын, сондай ақ оқытудың жаңа технологиялары бойынша қиындық курстарын өтеді. Осының нәтижесінде мұғалімнің әлеуеттілігі толық ашылады, тәжербиесі мен білімі жаңарады, бұл оқыту мен білім алу сапасын арттырады.
2007-2008 жылдарында ауданның 1406 мұғалімінен 390 мұғалім 23 сабақ бойынша біліктілікті арттыру курстарын өтті, соның ішінде ИПТ және ПСГ және РО Қарағанды облысының «Курстық шаралар» кестесі бойынша 246 казақша оқып 144 орысша оқыды.
2008 жылы ауданға 21 жас маман келді, соның ішінде 10 жоғарғы және 11 орта арнаулы біліммен, оқу нығыздылығы 18 сағатты құрайды. Жас мамандарды қолдау шеңберінде селода бір мұғалімге жалдық коммуналды тұрғын үй ұсынылған, 38 жас маманға 25 мың.теңге сомасында материалды көмек бөлінген
Жаңа ұрпақ оқулықтарын енгізуге байланысты бағдарламалық материалдарды зерделеу курстарын 15 сабақ бойынша 100 мұғалім өтті, соның ішінде қазақ тілінде оқытуды 50 мұғалім және орыс тілінде оқытуды 50 мұғалім.
Ауданда 46 медициналық бөлмелер қызмет етеді, олардан 45 лицензиясы бар, 1 мектептің (Байқадам ОМ) лицензияландырылуы жүргізілген жоқ, себебі ол авариялық жағдайда. 11 мектепте оқушылардың медициналық қаралуы округ аймағындағы отбасы-дәрігерлік амбулаториясында өткізіледі.
АСУ «Электронды мектебін» ауданның бірде бір мектебі енгізген жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |