Жүйелілік қағидасы (немесе жаттықтыру үрдісінің үзіліссіздігі). Спортшының ағзасын жаттықтырып, жақсы спорттық жетістіктерге жеткізу үшін, спорттық жаттықтыру үрдісі бір жылға және көптеген жылдарға арналып құрастырылады.
Ғалымдар мен жатгықтырушылар кейінгі кездері жоғары дәрежелі спортшылардың жаттықтыру әдістемесіне көп көңіл бөлуде. Жыл сайын жоғары дәрежелі спортшылардың жаттықтыру әдістемесі өзгеретіндегі, сол өзгертулер арқылы олар өте жоғары көрсеткіштер көрсететіні анықталды. Спортшы өзінің энергиясын, күшін керек уақытта жинақтап, бір мақсатқа пайдалануы үшін психологиялык дайындыққа көп көңіл аударуға тиіс. Жаттықтыру үрдісін жүйелі, логикалы түрде құрастыруды – жүйелік қағидасы дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |