Дәріс сабақтары Спорт жаттықтыру үрдісін басқару пәні. Глоссарий



бет11/24
Дата15.12.2021
өлшемі159,5 Kb.
#101117
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
866183908116 7 СҮ Дәрістік кешен
d29bd0b0d0b7d0b1d0b0d0bbd0b0d180, Ашық сабақ Матем 17.10.2019, Ардуино
Тақырып 4: Спорттық жаттықтыру әдістері

Дәрістің мақсаты: Спорттық жаттықтыру әдістері заңдылықтарын оқыту.

Тақырыптың сұрақтары:


  1. Спорттық жаттықтыру әдістері

Дәрістің қысқаша мазмұны (тезисі)

Спорт жаттықтырулары дене мәдениеті жүйесінің бір бөлігі болғандықтан спортшы дайындығына бұрын теория бөлімінде оқыған дене тәрбиесі әдістері қолданылады. Бірақ ол әдістер спорттық жаттықтыруларда басқаша түрде, сипатта, жаттықтыру ерекшеліктеріне байланысты, әртүрлі бес үлкен топтарға бөлініп қолданылады (кітаптағы 39-кесте). Бірінші топ әдістері: қозғалыс әрекеттерінің ерекшеліктеріне байланысты қатаң шектелген жаттығулар, ойын және жарыс жаттығулар әдістері деп бөлінеді. Екінші топ әдістері: жарыс жатығуларының техникасын меңгеру ерекшеліктеріне байланысты бұл топтың әдістері: 1. бөлшектеп үйрету әдістері (жаттығу күрделі, үйреніп, жетілдіруге көп уақыт, күш кететін жағайда қолданылады); 2. тұтас үйрету әдістері (жаттығу қарапайым, үйреніп, жетілдіруге көп уақыт, күш керек етілмейтін жағайда қолданылады); 3. тұтас-бөлшектеп үйрету әдістері (басқы үйрету кезеңінде бөлшектеп үйретіп алып, сонсоң жаттығу бөлшектерін қосып тұтас орындау керек кезде қолданылады) деп бөлінеді. Үшінші топ әдістері ағзаның қызметтік мүмкіншіліктерін жақсартуға әсер ететін әдістері деп екіге бөлінеді: 1. жеке, таңдап әсер ету әдістері, арнайы ағзаның жеке функциялары мен механизмдерінің қызметтерін жасартуға қолданылады (мысалы, ағзаны энергиямен қамтамасыз етудегі кретинфосфаттың көбеюіне көмектесу, оның мүмкіншілігін дамыту). 2. кешенді әсер ету әдістері, ағзаның көптеген функциялары мен механизмдеріне бір мезгілде әсер ету үшін қолданылады. Төртінші топ әдістері: Жарыс әрекетін үлгілеу әдістері жарысқа ұқсата ұйымдастырылған жағдай кезінде қолданылады. Жарыс әрекетінің үлгілерін жеке қозғалыс әрекетін жетілдіруге немесе толық үлгілеу кездерінде қолданылады. Бұл топ әдістері спортшыны үлкен жарысқа дайындаудың немесе рекордтық нәтижеге қол жеткізудің тактикалық дайындығы кездерінде орындалады. Бесінші топ әдістері. Спортшыларды дайындау түрлерінің ерешеліктеріне байланысты спорттық жаттықтыруда мынандай дайындық жақтарын дамыту әдістері қолданылады: дене қуаты даындығы әдістері, техникалық дайындық әдістері, тактикалық дайындық әдістері, психологиялық дайындық әдістері, теориялық дайындық әдістері.

Қозғалыс техникасын жетілдіру үшін жалпы педагогикалық: көрнекі көрсету және сөз қолдану әдістері жаттықтыру сабақтарында кең қөлемде пайдаланылады. Спорт жаттықтыруларында қазіргі кезде босаңсыту әдісі де өте көп қолданылады. Ол жоғары қарқындағы үлкен жүктемелерден кейін организмді тез қалпына келтіруге көмектеседі (монша, массаж, фармакологиялық дәрі-дәрмектер, музыка, гипноз, аутогендік жаттықтырулар т.б.).

Өзін-өзі бағалау сұрақтары:


  1. Спорттық жаттықтыру әдістері неше топқа бөлінеді, әр топқа сипаттама беріңіз.

Әдебиет: негізгі (1,2,3,4, 5,6,7,8,9)

Қосымша (8,9,12,13)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет