«Медбике-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар



Дата14.04.2022
өлшемі328,45 Kb.
#139309
Байланысты:
коммуникативті дағдылар
2

Коммуникативті дағдылар.
Жағымсыз жағдайды жеткізу.
Коммуникативті білгерлік (компетенттілік) дегеніміз - медицина қызметкерлерінің басқа адамдармен (науқас және оның жақындары мен туыстары, дәрігер, әріптестері, кіші мейірбикелер т.б) коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана білу арқылы қарым-қатынас жасау қабілеті.
«Медбике-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар:
  • Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.
  • Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.
  • Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медбике осы емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және тыныштандыруы қажет.

Дәрігер-медбике қарым-қатынасы
Медбике-дәрігер» арасындағы қарым-қатынастар:
Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады;
Дәрігерлік тағайындаулар уақытында нақты, нақты және кәсіби орындалуы тиіс;
Науқастың денсаулық жағдайындағы кенеттен болған өзгерістер туралы дәрігерге жедел хабар берілуі тиіс;
Тағайындалған дәрігерлік емді қолдану барысында күмән туындаған жағдайда , науқас жоқ уақытта, сыпайы түрде, осы жөнінде дәрігермен мән-жайды талқылауы қажет.
Науқасқа қайғылы ақпаратты жеткізу.
Қайғылы ақпаратты жеткізу барысы :
1. Ең алдымен әңгімелесу орнын таңдап алу керек.
2. Науқастың келісімімен әңгімелесу барысында оның туысқандары, достары қатысуына болады.
3. Науқаспен отырып сөйлескен дұрысырақ болады. Егер науқас жатқан болса, оны отырып сөйлесуін сұрау керек.
4. Әрине, қайғылы ақпаратты жеткізген кімге болса да ауыр тиеді. Сондықтан, дәрігер қайғылы ақпаратты жеткізген кезде ыңғайсызданып қобалжуы мүмкін. Дегенмен, дәрігер өз қимыл-әрекетіне абай болып, оны науқасқа сездірмеуге тырысу керек.
5. Науқасқа дәрігер бар ынтасын бөліп, оның көзіне қарап сөйлесу керек.
6. Қарым-қатынас кезінде медициналық терминді сирек қолданған жөн. Науқасқа қайғылы ақпаратты жеткізер алдында оны ескерткен жөн.
7. Дәрігер әрдайым науқасқа психологиялық, эмоцианальды қолдау көрсету керек.

Науқасқа қай уақытта қайғылы ақпаратты жеткізу керек?

  • Науқас өзінің ауруы жайлы нақты мәліметтерді сұраған кезде, дәрігер науқасты жұбату мақсатында шындықты жасыруға болмайды және науқасты бірден өліммен куресуге шақыру мүмкін емес, өйткені науқас әлі дайын емес.
  • Уақыт өте келе науқас өз-өзін психикалық тұрғыдан дайындағаннан кейін ғана, оның шағымдарын тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап беруге тырысу керек.
  • Науқасқа диагноз анықталғаннан кейін бірден оның сырқаты жайлы ақпаратты жеткізу керек.
  • Науқасқа сырқатынан жазылу мүмкіндіктерін айтып, оның жазылатынына сендіріп, үмітін үздірмеу керек.
  • Науқасқа диагноз анықталғаннан кейін бірден оның сырқаты жайлы ақпаратты жеткізу керек.

Науқастың отбасына қайғылы ақпаратты жеткізу.


Науқастың диагнозы толығымен анық болғаннан кейін бірден науқастың ауыратыны жайлы оның отбасына жеткізу. Науқастың отбасын алдын-ала дайындау керек. Қайғылы ақпаратты телефон арқылы жеткізуге болмайды. Отбасы мүшелері сырқат жайлы толық білгілері келуі мүмкін, сол кезде шындықты жасырмай барлығын толығымен айту керек.
Дәрігер сөйлесер алдында ешкім кедергі жасамайтындай бөлме таңдауы керек және сөйлесер барысында телефонды сөндіріп қойған жөн. Науқастың отбасы мүшелері қайғылы ақпаратты естіген кезде қызушылық мінез көрсетуі мүмкін. Сондықтан дәрігер өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Бөлменің есігін ашық қалдырған жөн және бөлмеде дәрігердің әріптестерінің болғаны жөн.
Әңгімелесу барысында науқастың отбасы мүшелерін аты-жөнімен атаған дұрыс болады.Ақпаратты жеткізген кезде медициналық терминдерді сирек қолданып, қарапайым сөздерді қолдануға тырысу керек. Өйткені науқастың отбасы мүшелеріне медициналық терминдер түсініксіз болуы мүмкін. Бар ақпаратты жасырмай шындықты айту керек.
Қайғылы ақпаратты жеткізіп отырған адамның көзіне қарап сөйлеу керек және тек қана бір адаммен сөйлеспей жанында отырған басқа да адамдармен қарым-қатынаста болу керек. Дәрігер әңгімені отырып жүргізу керек. Дәрігер қарым-қатынаста отырған адамның вербальді емес тактикасына көңіл бөліп, оны өз үлесіне пайдалануына болады. Сөйлесу барысында науқастың отбасына қолдау көрсетіп иығынан ұстауға болады.
Науқастың отбасына қайғылы ақпаратты жеткізу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет