Журналист пен сот шешімі. Әділетсіздікпен күрескенде нені білуіміз керек? Конституцияның 0 бабының бөлігінде «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады»



Дата27.02.2022
өлшемі14,97 Kb.
#133569
Байланысты:
Журналист пен сот шешімі


Журналист пен сот шешімі. Әділетсіздікпен күрескенде нені білуіміз керек?
Конституцияның 20 бабының 1 бөлігінде «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» делінген. Бұл БАҚ туралы Заңның 2 бабында қайта айтылады. Десе де, бұл еркіндік заңмен реттелетінін ұмытпауымыз керек. Журналист құқық тақырыбында жазған кезде, өз құқығына сай оның араласа алатын, жаза алатын жері болады. Ал кей кезде оған тыйым салынған.
Конституцияның «Сот және сот төрелігі» бөлімінде сот төрелігі тәуелсіз және оның шешіміне ешкім араласа алмайтыны айтылады. Бірақ сот шешіміне қатысты күмәнді не әділетсіз дүниелер орын алуы мүмкін. Кейде судьяның да қателесетін кезі болады. Осыны журналист әшкерелеп, ақиқатты заңды түрде қалай дәлелдей алады?
Тергеу амалдары жүргізіліп, сот шешімі әлі шықпаған тұста оған журналистің араласып, баға беруге хақысы жоқ. Тек болған оқиғаны баяндайды. Адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүре бастағаннан бастап оқиғаға байланысты фактілер, ресми органдардың жауаптарын жариялауға болады. Ол тек ақпараттық жанрда болады. Журналистік тұжырым болмайды.
Ал соттың шешімі бірінші сатыдан шыққаннан кейін оны заң шеңберінде талдауға болады. Осы кезде қоғамдық пікір тудырып, аппеляцияға әсер ете алады. Кейде керісінше бірінші сатыдағы шешім аппеляциядан кейін бұзылып, шешім өзгереді. Бұл кезде де апелляциядан өтіп, қадағалауға жеткен істі талдауға, оның өзгеру себебін зерттеуге болады.
Сын жазғанда нені ескереміз:

  • Ешкімнің ар-намысына, жеке басына тиіспеу керек. Азаматтық кодекстің 143-бабына қатысты. Сын жазған кезде «ақымақ судья», «сойқан саясат», т.б. сияқты әсірелегіш теңеулерден аулақ болу керек. Себебі мақала мақсаты адамның жеке басына емес, жұмысына тиісу болып отыр.

  • Факт, тек қана ресми, шынайы ақпарат. Сот ісі, қаулы қолыңызда болмаса, ол туралы жазуға асықпаңыз. Тек бір адамның өзі айтып берген арызы, реніші субъективтілікке әкеледі. Заңға сүйеніп, бейтараптылықты сақтап жазу керек.

  • Дәлел болмаса, нық жазбаңыз.

Заң органдарының пара алғанын іштей сезіп тұрсаңыз да, нақты дәлелдей алмайсыз. Сізде бейне не фотосы жоқ. Сондықтан мақалаға бұл туралы жазудың қажеті жоқ. Әйтпесе Қылмыстық кодекстің «жала жапты» деген 129-бабымен журналисті сотқа шақыруы мүмкін.
Мұндай жағдайда «Мұның өтірік не шын екенін нақты білмедік», «мүмкін», «сияқты» деген сөздерді қоса салса, дұрыс болады.

Әрине, журналист – заң не билік органы емес. Бірақ ол халық жаршысы болғандықтан, болған оқиғаларға өзіндік сараптау жүргізуіне құқылы. Қоғамның құқығын қамтамасыз етуі үшін алдымен өзі де заңи сауатты болғаны абзал.

Қырмызы Скендирова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет