Эссе тақырыбы: Дипломатиялық этикет



Дата07.02.2022
өлшемі26,72 Kb.
#91961
түріДиплом
Байланысты:
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЭТИКЕТ


қазақстан ғылым және білім министрлігі
м.әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті

ЭССЕ

Тақырыбы: Дипломатиялық этикет

Орындаған: Мырзалиева Э.
Қабылдаған: Мамашарипова Г.

Шымкент 2020
Дипломатиялық хат алмасуларда, жіберілетін дипломатиялық құжатта қабылданған ережелер бойынша этикет талаптарын және сыпайылықты сақтау, мемлекеттің намысына тиетін дөрекі сөздерден аулақ болу.
Ауызша түрiнде де, жазбаша түрiнде де сөз мемлекетаралық қарым-қатынаста, дипломатиялық қызметте айрықша рөл атқарады. Ежелгi грек философы Демосфеннiң мына бiр пiкiрi бұған толық дәлел: ²Елшiлердiң жаяу әскерi де, әскери кемелерi де, қаруы да жоқ, оларда тек сөз ғана бар².
Дипломатиядағы сөздiң құдiретi әсiресе келiссөздер жүргiзу үстiнде айқын байқалады әрi маңыздылығы арта түседi. Келiссөз барысында елшi дәл сәтiнде сөйлемесе, барлық мүмкiндiктен айрылып қалуы мүмкiн. Кейде бiр ғана сөз бүкiл келiсiм тағдырын шешiп кететiн сәттер аз кездеспейдi. Керiсiнше, сөз дұрыс айтылмай, орнымен қолданылмай, қаншалық қиянат әкелетiнi дипломатия тарихынан белгiлi. Оның арты халықаралық дау-дамай туғызып та жатады.
1870 жылдың жазында Париж бен Берлин арасындағы саяси ахуал ушығып тұрған едi. Пруссия Францияға қарсы кезектi соғысқа әзiрленiп жатты. Бiрақ қапелiмде соғысты бастай қоюға сылтау табыла қоймады. Наполеон III те Францияның әскери мүмкiндiктерiне сенетiн. Пруссиядан оншалықты қауiптене қоймады.
Тарихтан белгiлi, екi ел арасындағы соғыс, жалпы алғанда, болмашы нәрседен туған. Испан тағына кездейсоқ Пруссиядағы Гогенцоллерн әулетi отыра қалады. Наполеонға бұл ұнамайды да, Франция саяси жанжал тудырады. Пруссияда да, Испанияда да бiр әулеттiң тақта отыруы қалай деп байбалам салады.
Дау-дамайдан еш нәтиже бола қоймаған соң, Наполеон Берлиндегi француз елшiсi арқылы Пруссияның испан тағынан бас тартуы тиiс екендiгiн ескертедi. Вильгелм I француздардың бұл өтiнiшiн орындайды. Берлиннiң бұлайша оңай берiле салуы Наполеонды оншалық қанағаттандыра қоймайды. Оған қайткенде де Пруссиямен соғыс қажет болды. Ендi Пруссиядағы француз елшiсiне мынадай тапсырма бередi: “Вильгелм I-ге қайтадан барып, оның мәдениетсiз екенiн айт, ешуақытта испан тағына жоламайтынына уәде беруiн талап ет”, – дейдi. Мұндай ауыр сөз күтпеген Вильгелм I қатты ашуланып қалады әрi өтiнiшiн ендi қанағаттандыра алмайтынын айтады. Мiне, осылайша елшiнiң тәжiрибесiздiгiнен бiр ауыз сөзбен арада от тұтанады.
Этикет лексикасы қолданылады, оның құрамына кейде қазақ тілінің историзм сөздері кіреді: Жоғары Мәртебелі, Жоғары Мәртебелі ханым, Жоғары Мәртебелі мырза. Сонымен бірге этикет лексикасына жақын комплиментарлы лексика (дипломатиялық сыпайылықтың ресми протоколдық формулалары: куәландыру, ілтипат, зор ілтипат білдіру, өзіне мәртебе санау) және т.б. Осы протоколдық, ресми формулалардың көпшілігінің халықаралық ерекшеліктері бар. Соңғы аталған топтың лексикасы дипломатиялық құжатқа ерекше маңыздылық, реңк береді. Комплимент өнері дипломатия тілінде ерекше өзекті және ерекше маңызды болып саналады. Комплимент, мақтау айту, қошемет білдіру – осының барлығы халықаралық қатынастарды нығайтудың тәсілдері. Мысалы: «Сіздің Ресей-Қазақстан арасындағы тату көршілік пен өзара құрметтің берік дәстүрлеріне арқа сүйейтін стратегиялық әріптестігін одан әрі тереңдету мәселелеріне ұдайы назар аударатыныңызды жоғары бағалаймын. Екі жақтың ерік-жігерінің арқасында көп қырлы өзара ықпалдастық алдағы кезде де серпінді дами беретініне, жаңа ауқымды жобалармен байи түсетініне күмәнданбаймын»(Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Ресей Федерациясының Президенті Д. Медведевтің құттықтауы).
«Дипломатия – халықаралық келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешетін құрал өнері. Дипломатия сондай-ақ, халықаралық қатынастарға үйлесімді ықпал ететін және белгілі дәстүрлер мен ережелерге бағынатын техника мен шеберлік. Дипломатия тілі – бұл екі түрлі ұғымдарды белгілеуде қолданылатын айтылым. Біріншіден, бұл тілде ресми дипломатиялық қатынастар орнатылып, халықаралық шарттар бекітіледі. Екіншіден, бұл жалпы қабылданған дипломатиялық сөздікті құрайтын арнайы терминдер мен фразалардың жиынтығы».
Қазіргі таңда ресми дипломатиялық қатынастарды жүргізуде және халықаралық шарттарды бекітуде бірыңғай міндеттелген тіл жоқ, алайда бұрын француз тілі басым болған. Заман өзгеріп, бірте-бірте тілдердің теңдік қағидасы орнатылды. Тек ерекше жағдайларда Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік органдары, әсіресе дипломатиялық құжаттармен алмасуда, ресми хат алмасуларды өз ұлттық тілдерінде жүргізеді.
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметi мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда басқа да тiлдердi пайдаланып жүзеге асырылады».
«Дипломатиялық тілдің» екінші ұғымына келетін болсақ, арнайы терминдер мен фразалардың жиынтығы ретінде, жалпы қабылданған дипломатиялық сөздікті құрайтын (мысалы, «добрые услуги», «третейское разбирательство», «модус вивенди», «статус-кво», «вето» және т.б.), онда осындай терминдердің дипломатиялық құжаттарда саны аса көп емес. 
Ресми іс қағаздар стиліне іс қағаздары, заң құжаттарының тілі жатады. Олардың атқаратын міндеті іс-тәжірибеде маңызды мәліметтерді хабарлау, нақты жөн көрсету. Тіл тәсілдері: кітаби, ресми сөздер мен сөйлемдер.
Іс қағаздар стиліне әртүрлі мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе, сол үлгі бойынша жазылады. Мұндай іс қағаздарды жазу онша қиынға соқпайды, ол алдын ала танысып жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі.
Ресми стильдің көлемі, мазмұны және жазылу формасы жағынан іс қағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми іс қағаздары белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбінесе заң, жарғы, үкімет органдарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, дипломатиялық нота, үкімет хабарлары жазылады.
Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:

  • мазмұнының қысқа, тұжырымды баяндалуы;

  • тұжырымдардың дәл, нақты болуы;

  • сөздердің тура мағынасында пайдалануы;

  • терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;

  • терминдердің қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы.

Ресми-іскери стильдің бірнеше түрі бар, біз өз мақаламызда дипломатия стиль түрінің ерекшеліктерін қарастырамыз.
«Дипломатия – халықаралық келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешетін құрал өнері. Дипломатия сондай-ақ, халықаралық қатынастарға үйлесімді ықпал ететін және белгілі дәстүрлер мен ережелерге бағынатын техника мен шеберлік. Дипломатия тілі – бұл екі түрлі ұғымдарды белгілеуде қолданылатын айтылым. Біріншіден, бұл тілде ресми дипломатиялық қатынастар орнатылып, халықаралық шарттар бекітіледі. Екіншіден, бұл жалпы қабылданған дипломатиялық сөздікті құрайтын арнайы терминдер мен фразалардың жиынтығы».
Қазіргі таңда ресми дипломатиялық қатынастарды жүргізуде және халықаралық шарттарды бекітуде бірыңғай міндеттелген тіл жоқ, алайда бұрын француз тілі басым болған. Заман өзгеріп, бірте-бірте тілдердің теңдік қағидасы орнатылды. Тек ерекше жағдайларда Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік органдары, әсіресе дипломатиялық құжаттармен алмасуда, ресми хат алмасуларды өз ұлттық тілдерінде жүргізеді.
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметi мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда басқа да тiлдердi пайдаланып жүзеге асырылады».
«Дипломатиялық тілдің» екінші ұғымына келетін болсақ, арнайы терминдер мен фразалардың жиынтығы ретінде, жалпы қабылданған дипломатиялық сөздікті құрайтын (мысалы, «добрые услуги», «третейское разбирательство», «модус вивенди», «статус-кво», «вето» және т.б.), онда осындай терминдердің дипломатиялық құжаттарда саны аса көп емес.
Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. «Этикет» сөзі француз тілінен аударғанда «рәсімді реттеуші қоқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі» деген мағынаға ие. XVIII ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтижесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т.б.
Этикетке ұсақ-түйек деп мән бермеуге болмайтын, өйткені сол қатынастағы ұсақ-түйектердің дұрыс орындалмауынан қақтығыстар мен жанжалдар туып, тіпті мемлекеттер арасы шиеленісетін.
Корольдік билік тұсында этикет заңдары монархты конституция заңдарынан әлдеқайда мықты байлап алды деп әзілдейтін де еді. Тіпті «әтикет патшаларды күл етті» деген сөз де сол кез үшін этикеттің маңызын танытса керек. Этикет нормалары дербес қасиетке ие. Адамдардың нені жағымды, нені жағымсыз деп тануы әрбір тарихи кезеңге, әрбір этностың өзіндік менталитетіне сай анықталады. Кейбір халықтарда қонақтың тамақты жеп, риза болғанының куәсі ретінде кекіргенін естігенге мәз болады, ал ол басқа халықтарда нағыз мәдениетсіздіктің көрінісі болып табылады. Кавказ халықтарында амандасу барысында алғашқы болып үлкен кісі қол ұсынса, Қазақстанда жасы кішіден ізет күтеді.
Әлеуметтік элита арасында дүниеге келіп, сонда біраз уақыт бойында өз әсерін білдірген этикет халық арасында кездеспеді деуге тағы да болмайды. Әрбір халықтың өзіндік қарым-қатынас мәдениеті болғандығына ешкім күмән келтірмейді. Оның қазіргі күні де кәсіптік, тұрмыстық және отбасылық этикетте өзіндік орын алып отырғаны белгілі.
Іскерлік немесе кәсіптік этикеттің моральдық негізі — гуманизм. Адамзаттың қадір-қасиетіне деген құрмет, өзінің әріптесінің мүддесі мен іс-әрекет психологиясын білу, тану және т.б. кәсіптік этикеттің құрамдас бөліктері.
Этикетті этикамен шатастыруға болмайды. Дыбыстық ұқсастықтарына қарамастан ол екеуі — екі дүние. Этикет нақты бір мезетте нақты бір жағдайға байланысты нақты адамдардың өзін-өзі белгілі бір ортада ұстау әдебін танытса, этика одан анағұрлым кең ауқымды қамтитын ұғым.
Мемлекеттің шетелдегі елшісі басқараттын сырткы қатынас органы, яғни дипломатиялық өкілдік елшілік және өкілдік (миссия) болып екі түрге бөлінеді. Елшілікті Төтенше және Өкілетті Елші, ал өкілдікті Уәкіл (елшіден дәрежесі төмен) басқарады. Дипломатиялық өкілдіктер екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатудың өзара келісімі бойынша ұйымдастырылады. Әдетте, мұндай келісімде өкілдіктің дәрежесі (түрі) атап көрсетіледі. Дипломатиялық өкілдіктердің құқықтық жағдайлары 1961 жылы қабылданған «Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы», сондайақ екіжақты келісімдер мен мемлекеттің ішкі заңдары арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасы Вена конвенциясына 1993 жылы қосылды.
Дипломатиялық өкілдіктің тағы бір түріне мемлекеттердің халықаралық ұйымдардағы Тұрақты өкілдіктері немесе бақылаушылар миссиясы жатады. Дипломатиялық өкілдіктің негізгі мақсаттары – тұрған елінде өз мемлекетінің және азаматтарының мүддесін қорғау, сол елдің өз мемлекетімен жан-жақты жақындасуына себепкер болу, тұрған елдің тарихы, саяси өмірі мен оқиғалары жөнінде заңды жолмен жиналған мәліметтерді өз еліне жіберу және т.б. Өкілдіктің қызметі дипломатиялық қатынастар үзілгенде тоқтатылады. Дипломатиялық миссия – уәкіл немесе сенімді өкіл басқаратын дипломатиялық өкілдік.
«Дипломатиялық миссия» ұғымы көп жағдайда үкіметтің арнайы тапсырмасымен шетелге жіберілген өкілге немесе делегацияға қатысты да колданылады. Олардың құқықтық мәртебелері 1961 жылы қабылданған Вена конвенциясымен реттелген. Сыртқы істер министрлігі жүйесінде істейтін қызметкерлерге дипломатиялық ранглілер беріледі. Бұл – дипломаттарға атқарып жүрген қызметтеріне қарай берілетін ерекше белгі. Ранг берілу реті мен тәртібі әрбір мелмекеттің ішкі заңдарына қарай реттеліп отырады. Дипломатиялық ранг алғаш рет XIII ғасырда Еуропада «амбассадор» деген атпен пайда болды. Төтенше және Өкілетті Елші, Төтенше және уәкіл атақтары Мемлекет басшысының Жарлығымен беріледі, ал басқа дипломатиялық рангтерді Сыртқы істер министрі өзі бекітеді.
Құқықтық жағынан айырмашылығы болмаса да, дипломатиялық тәжірибеде рангілерге, салтанатты протоколға және этикетке үлкен мән беріледі. 1815 ж. Венада елшілердің рангілері туралы арнаулы регламент Аазен протоколымен толықтырылды. Бұл актілердің нәтижесінде елшілерге: Елші, Елші уәкіл, министр-президент, өкілдікті уақытша басқарушы рангілер бекітілді. Шетелдегі дипломатиялық өкілдікті басқаратын тұлға Елші деп аталады.
Төтенше және Өкілетті Елші – халықаралық дипломатиялық қатынаста қабылданған ең жоғарғы рангі. Бірінші рет Кеңес Одағында 1941 ж. 9 мамырда және 1943 ж. 28 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Указдары бойынша Төтенше және Өкілетті Елші рангісі қабылданды. Бір мемлекеттің екінші бір мемлекеттегі Елші басқаратын өкілдігін Елшілік деп атайды. Елшілік құрамына елшіден басқа ресми дипломатиялық қызметкерлер мен қызметшілер штаты енеді. Ресми дипломатиялық қызметкерлердің, олардың отбасы мүшелерінің басқа да дипломатиялық иммунитеттік құқықтары бар.
Елшіліктің үйі, мүлкі және мұрағатына қол сұғуға болмайтын дербес құқығы болады. Қазіргі кезде төтенше елшілер көбінесе арнайы үкіметтік делегация деп аталады. Ертеден қалыптасқан тәжірбиеде шетелге арнайы тапсырма немесе салтанатты шараларға қатысу үшін жіберілетін адамды да Елшілік деп атаған, ал бүгінде оны делегация дейміз.
Мемлекеттердің дипломатиялық қатынас органдарының және оның өкілдерінің іс-әрекетін реттейтін халықаралық құқықтың саласы елшілік құқығы деп аталады. Елшілік құқығының алғашқы принциптері ертеректе мемлекеттердің бір-біріне жіберетін уақытша өкіліне-елшісіне көрсетілетін жеңілдіктер мен ерекше құрметтер ретінде пайда болды. Феодализм дәуірінді жер шарының түрлі аймақтарындағы мемлекеттердің өзара қатынастары күшеюінің нәтижесінде тұрақты елшілік институты пайда болып, елшілік құқығының нормалары белгіленді.
Кейінірек халықаралық қатынастардың дамып, түрлі халықаралық ұйымдар мен комиссиялардың және дипломаттардың жаңа түрлері – халықаралық ресми қызметкерлердің пайда болуына байланысты елшілік құқығына жаңа нормалар мен дәстүрлер енгізілді. 1815 жылғы Вена протоколы және оны толықтырған 1818 жылғы Аахен протоколы өкілдіктер басшыларының иммунитеті мен рангілерін анықтады және 1911 жылы Каракаста қабылданған консулдық міндеттер, 1928 жылы Гаванадағы дипломатиялық қызметкерлер туралы конвенциялыр елшілік құқығының негіздерін халықаралық келісімдер арқылы бекітті.
XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында көптеген елдер тәжірибесінде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер біріктіріліп, халыкаралық аренада бірыңғай дипломатиялық өкілдіктер пайда болды. Халықаралық құқықкта белгілі бір мемлекеттің екінші бір мемлекеттің арнайы адамын дипломатиялық өкілдіктің басшысы ретінде қабыл алуға алдын ала келісім беруін агреман деп атайды. Бұл сөз француздың «agreement» сөзінен шыққан, яғни «мақұлдау» деген мағынаны береді. Агреман жолдаушы мемлекеттің сыртқы істер министрлігі арқылы тек елшілерге ғана жазбаша түрде сұратылады. Агреман беруден бас тартқан ретте дипломатиялық өкілді жолдауша мелмекеттің оның себебін түсіндіруді талап етуге құқы жоқ. Кейбір елдердің тәжірибесінде агреманды ауызша сұратып, оған ауызша жауап алу фактілері де ұшарасады. Егер агреман берілсе, онда дипломатиялық өкілдіктің басшысы қызметіне үміткер – «persona grata» («қалаулы адам»); егер агреман беруден бас тартылса, осы қызметке үміткер – «persona non grata» («қалаусыз адам») болып саналады. Тек агреман алғаннан кейін ғана ол дипломатиялық өкіл ретінде тағайындалып, ресми жарияланады
Қорыта айтқанда, дипломатиялық құжаттар халықаралық қатынастардың сыртқы әлемге шығарылатын өнімі ретінде танылады. Сондықтан «дипломатия әліппесін» меңгеру, дипломатиялық құжаттарды дайындау өнері – халықаралық ынтымақтастықтың деңгейіне қажетті сәйкес шарттарының бірі болып табылады. Дипломатиялық құжаттар – бұл ресми құжаттар, «мемлекеттік қағаз».
Дипломатиялық құжаттардың тілі үшін, әсіресе, оның стилистикалық келбеті маңызды емес, фразаның әуенділігі емес, саяси мәселе бойынша мемлекеттің пікірін, нақты ұстанымын білдіруі, оның мазмұнымен толық сәйкестілігі өзекті. Дипломатиялық құжаттарды құрастыру рәсімі басталмастан бұрын, дипломатиялық құжаттардың мазмұны ережелер бойынша алдын ала үкіметтік инстанцияларға сәйкес орнатылып, саяси мақсаты анықталады. Сондықтан дипломатиялық құжаттың мақсаты мазмұнын толық, түсінікті, сенімді етіп көрсете білу, дипломатиялық құжаттағы болмыстың жалғыз нысаны – тіл, оның ең негізгі элементі – сөз. Осыдан біз мазмұнмен сәйкес келетін әрбір фразаның, сөздің, тілмен жұмыс істеудің қаншалықты маңызды екендігін түсінеміз. Дипломатиядағы сөз – пайымдалған, ой елегінен өткізілген «мемлекеттің алтын қоры» екендігін атап өткіміз келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет