5-тақырып. Аудиторлық тәуекелдік Аудиторлық мәнділік (маңыздылық)



бет1/7
Дата31.01.2023
өлшемі77,12 Kb.
#167016
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
12 тақырып БЕА
Books and friends should be few but good, №18 физра, №14 физра, PDF‑документ-1

5-тақырып. Аудиторлық тәуекелдік
Аудиторлық мәнділік (маңыздылық)

  1. Маңыздылық пен пікір

  2. Қателер мен заңсыз әрекеттер

  3. Бұрмалау анықталған кездегі аудитордың іс-әрекеті

  4. Маңыздылықтың рұқсат етілген деңгейін анықтау

1. Маңыздылық пен пікір
320 «Аудиттегі маңыздылық» ХАС-нда: «Маңыздылық (елеулілік) – ақпарат маңызды болып есептеледі, егер оның қалдырылып кетуі немесе бұрмалануы қаржылық қорытынды есеп негізінде қабылданған ақпарат пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне әсерін тигізе алатын болса» деп атап өтілген.
Аудитор қаржылық есеп беру бұрмалануын тудыратын фактілерді естен шығармауы керек:

  • бухгалтерлік есеп стандартының дұрыс қолданылмауы;

  • қажетті ақпаратты өткізіп алу.

Қаржылық есеп беруді тексеру кезінде оған аудиттегі маңыздылықтың сапалық және сандық сияқты екі жағын ескеру қажет. Маңыздылықтың сапалық жағы - жасалатын операциялардың ҚР-да әрекет ететін нормативті актілердің талаптарынан ауытқуы. Сандық жағы маңыздылық деңгейімен сипатталады. Маңыздылық деңгейі - бұл қаржының есеп беру нақтылығына елеулі әсер етпейтін онда максималды рұқсат берілген бұрмалаулар сомасы.
Маңызды болып табылатынды бағалау кәсіби пікір болып табылады. Аудитордың кәсіби пікірі - оның білімі, біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне негізделген көзқарасы.
Маңыздылық туралы алдын ала пікір білдірудің мақсаты - аудитордың назарын аудиторлық тексеру стратегиясын анықтау негізінде қаржылық есеп берудің елеулірек құрамдас бөлігіне аудару.
Маңыздылық туралы пікір - аудитор қабылдайтын маңызды шешімдерінің бірі. Ол аса жоғары кәсіпқойлықты талап етеді. Аудитор пікірі қажетті дәлелдерді жинауды жеңілдетуге көмектеседі.
Жұмыс барысында аудитор жекелеген елеусіз бұрмалаудың жиынтығын да қаржылық есеп берудің нақтылығына күмән туғызуға себеп болатынын байқауы мүмкін. Бұл жағдайда аудитор бар қателерді анықтау үшін тексеру масштабын өсіру қажет болады. Тексеру аяғына қарай рұқсат етілетін бұрмалау маңыздылығының дәрежесі жоспарлау кезеңіне қарағанда басқашалау болуы мүмкін.
Маңыздылық туралы алдын ала пікір білдіруге әсер етуші негізгі факторлар:

  • кәсіпорын көлемі;

  • базалық көрсеткіштері;

  • аудиторлық фирма клиентурасы құрылымының өзгеруі;

  • бухгалтерлік есеп, аудит пен салық салу саласындағы заң талаптарының өзгеруі.

Маңыздылық деңгейін анықтау кезінде екі шама пайдаланылады: қатенің абсолютті шамасы мен қатенің салыстырмалы шамасы.
Абсолюттік шама - бұл көлеміне, мысалы 500 теңге немесе 1000 теңге болғанына қарамастан қате елеулігіне қарай маңызды деп танылатындығы жөніндегі аудитордың субъективті пікірі.
Салыстырмалы шама қабылданған базалық шамаға сәйкес пайыздық қатыста анықталады.
Маңыздылық деңгейін анықтау кезінде аудиторға екі факторды ескеру қажет:

  • қаржылық есеп беруді құру жағдайы;

  • пайдаланушылар үшін қаржылық есептіліктің мақсаты, яғни бір клиент маңыздылығы басқа клиент маңыздылығына сәйкес келмейді.

Маңыздылықты анықтау кезінде аудитор клиентпен есептеу деңгейін немесе тәртібін талқыламауы керек, себебі, бірінші кезекте жұмыс көлемін және қабылдауға қабілетті тәуекелдерді өзі анықтайды.
Жоспарлау кезеңінде маңыздылық қарастырылады:

Шот сальдосы деңгейіндегі маңыздылық елеулі түрде бұрмаланған деп есептеуге болатындай шот сальдосында орын алған минималды бұрмалауды көрсетеді. Бұл деңгейге дейінгі бұрмалау рұқсат етілген бұрмалау ретінде белгілі.
Қаржылық есеп беру деңгейіндегі маңыздылық жөніндегі аудитордың алдын-ала пікірі сандық көрініспен анықталса, әр шотқа қатысты маңыздылықтың алдын ала бағасын жекелеген шоттың қаржылық есеп беру деңгейінде маңыздылықты бөлу жолымен алуға болады. Бөлуді бухгалтерлік баланспен қатар табыстар мен шығындар туралы есеп беруде де жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет