Құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс)
Бұл әдіс объектінің пайдаланылған уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте қарастырылған станок өзінің 5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 10 (он) миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бір дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.
= =
= =
= 0.09 теңге әр жылдағы өндірілген өнім саны
Станоктың бір дана өнім өндіруге есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бұл әдіс бойынша жоғарыда табылғандай 0.09 теңгені құрайды, яғни тоғыз (9) тиын.
Егер станок бірінші жылы 3 миллион
екінші жылы 3 миллион
үшінші жылы 2 миллион
төртінші жылы 1 миллион
бесінші жылы 1 миллион
өнім өндірсе, онда оған әр жылда есептелетін амортизациялық аударым мөлшері
бірінші жылы 270000 тг = 3 миллион х 0.09 = 270000
екінші жылы 270000 тг = 3 миллион х 0.09 = 270000
үшінші жылы 180000 тг = 2 миллион х 0.09 = 180000
төртінші жылы 90000 тг = 1 миллион х 0.09 = 90000
бесінші жылы 90000 тг = 1 миллион х 0.09 = 90000 сомаларына тең болады.
Станокқа құнды орындалған жұмыстың көлеміне
тепе-тең мөлшерде есептен шығару (өндірістік әдіс)
әдісі бойынша амортизациялық аударым есептеу кестесі
|
Станоктың бастапқы құны (теңге)
|
Өндірілген өнім көлемі
(дана)
|
Бір жылдық амортизациялық аударым сомасы (теңге)
|
Жинақталған тозу сомасы (теңге)
|
Станоктың қалдық құны (теңге)
|
Сатып алынған кездегі
|
1000000
|
-------
|
--------
|
--------
|
1000000
|
1-жылдың соңында
|
1000000
|
3000000
|
270000
|
270000
|
730000
|
2-жылдың соңында
|
1000000
|
3000000
|
270000
|
540000
|
460000
|
3-жылдың соңында
|
1000000
|
2000000
|
180000
|
720000
|
280000
|
4-жылдың соңында
|
1000000
|
1000000
|
90000
|
810000
|
190000
|
5-жылдың соңында
|
1000000
|
1000000
|
90000
|
900000
|
100000
|
Бұл әдісті (өндірістік әдісті) қолдануда әр жылғы амортизациялық аударым сомасымен орындалған жұмыс көлемінің, яғни станок арқылы өндірілген өнім санының арасында тікелей байланыс бар. Бұл әдісті қолдану барысында жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына қарай өсіп, көбейіп отырады. Ал объектінің қалдық құны амор-тизацияланатын құнның соңына жеткенше орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына тікелей үйлесімді түрде азайып отырады. Жалпы бұл әдісті объектінің пайдалану кезіндегі оның істейтін жұмысының көлемін, ол арқылы өндірілетін өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болатын жағдайда ғана қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |