1билет Рефлексия



бет1/19
Дата15.12.2021
өлшемі181,9 Kb.
#101536
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
жанартылган 11-15



$$$11билет

 

1) Рефлексия.



Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңында  әр тақырыптың соңында, сабақ этаптарының арасында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласуы керек. 
Рефлексияның төмендегідей түрлері бар: 1. оқу материалының мазмұнының рефлексиясы  2. көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы.  3.іс-әрекет рефлексиясы. Рефлексияның бұл түрлерін жеке,топтық, жұптық түрде өткізуге болады.
Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді. Сонымен рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Алдағы жұмыстарда  ондай кемшілікті жібермеуге тырысамыз. Рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ, оқушы  үшін

  • Рефлексия – оқушыны өз – өзіне есеп беруге баулиды;

  • Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;

  • Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады

  • Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады

  • Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады

  • Өз – өзіне баға бере алады

  • Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды;





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет