2) Қалыптастырушы бағалау үдерісі
Қалыптастырушы бағалау - оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей əсер ететін үдеріс болып табылады. Мұғалімнің іс-əрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру жəне жоспарлау;
қалыптастырушы бағалау əдістерін таңдау;
қалыптастырушы бағалау нəтижелерін талдау;
кері байланыс беру;
Күтілетін нәтиже: 1.Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, 2. Оқушы өзін -өзі дұрыс бағалауды үйренеді. 3. Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнайды. 4. Оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді. 5. Өзінің білім нәтижесін болжау және жетістіктерді түсіну үшін бағалау критерийлерін біледі және түсінеді. 6. Оқу нәтижесін дәлелдеу үшін білім алудың бірнеше түрлерін қолданып әр түрлі ойшылдардың әрекеттерін және қабілеттіліктерін қолданады. 7. Рефлексияда қатысу, өзін және өзінің сыныптастарын бағалай алады. 8. Нақты мәселелерді шешу үшін, әр түрлі көз қарастарды білдіруде және сыни ойлауда білімдерін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |