Реферат Тақырыбы: Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі оның кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты ретінде Орындаған: г-115 топ студенті Дюсенбекова А. Е тексерген: Ердембекова Д. А семей 2017 жыл Жоспар: «Құзыреттілік»
ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ - ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
Гуманитарлық факультет
Педагогика және психология кафедрасы
Педагогикалық мамандыққа кіріспе пәні бойынша
СОЖ №9
Реферат
Тақырыбы: Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі оның кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты ретінде
Орындаған: Г-115 топ студенті
Дюсенбекова А.Е
Тексерген: Ердембекова Д.А
Семей 2017 жыл
Жоспар:
1. «Құзыреттілік», «Құзырет», «Құзыреттілік тқрғысы» ұғымдары.
2. Қазіргі педагогикадағы құзыреттілік тұрғыдан оқытудың даму тарихы
3. Пайдаланылған әдебиет
1. «Құзыреттілік», «Құзырет», «Құзыреттілік тұрғысы» ұғымдары. Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. «Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский. «Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық ғалым Н.Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген түсінік берді.
Құзыреттілік – студенттердің іс-әрекетін меңгеруден көрінетін білім нәтижесі. Білім мазмұнын жаңалау – негізгі мақсат болып табылады. Басты мақсаттың бірі – білім игеру кезінде күтілетін нәтижеге қол жеткізу. Негізгі бағыт оқытушы жеке тұлғаға ауысады, яғни, жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы рөлін атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, үйренуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаның бейнесін бүгінгі заман талабына сай дайындауымыз керек. Бүгінде білім беру стратегиясын «құзыретті білім беру» деп те атап жүр. Құзыреттілік жеке тұлғаның танымы мен тәжірибесіне қатысты нәрсе. Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда. Оқыту үрдісіндегі құзыреттіліктерге ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген. Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш –жігердің болуы.
Құзыреттілік – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.
Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Мына заманда біздің оқушылардың алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде. Заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.
Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді.
Коммуникатвтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасында сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, дәстүрді білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.
Әлеуметті-құқықтық құзырет - өз елінің азаматы ретінде өзінің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.
Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер:
-оқушыларды өз бетінше талдауға
-өз қызметіне мақсат қоюға
- жоспарлауға,жинақтауға
- қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге
- сыни тұрғыдан шешім қабылдауға
- өзін-өзі бағалауға
- өзін-өзі реттеуге
- өзін-өзі түсінуге
- өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге
- нені меңгергенін,нені меңгермегенін анықтауға
- өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету
Құзыретті оқушы даярлау мақсатында оқушылардың іс-әрекетін белсендіруге және қарқындандыруға негізделген технологиялардың бірі «Проблемалық оқыту». Ерекшелігі: оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту, білетіні және білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды ашу әрі проблемалық міндеттер қою.
А.Ф.Присяжная педагогика ғылымында құзыреттілік - тұлғаның белгілі бір сферадағы функциялары мен уәкілеттігін анықтайтын, оның интегративті қасиеті ретінде қарастылатындығын айтады .
Жалпы алғанда, «құзыреттілік» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзыреттілік ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді.
Бұл жайлы Б.Тұрғынбаева «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы».
Ш.Таубаева: «Құзыреттілік–ол тұлғаның оқыту мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» -деп қарастырылады.
Айталық, ғалым С.М.Вешниякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Құзыреттілік (латын сөзі) competenens – қабілетті, қатысты деген мағынада. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берілген болса, А.В.Баранниковтің айтуынша: «Құзыреттілік дегеніміз өз бетінше іске асырылатын қабілеттілік, ол оқушының алған білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына негізделеді». Ал ғалым Дж. Равен «құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама береді. Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік» ұғымына – оқушылардың жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз.
Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігін айтады. Сонымен, оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын педагогикалық үдеріске енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Сонымен, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыретттілік тəсілді алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нəтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілік көрсетілген. «Құзырлық» сөзі туралы Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) — жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нəрсені жасау» деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық — өз ісін жетік білу, танымы мол, тəжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлылықты меңгерген тұлға өз саласына сəйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын жəне тиімді əрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Тұлға құзырлылығының құрылымын анықтауда өте көптеген тəсілдер бар.
Ең алдымен, «құзыреттілік» терминінің мəнін филологиялық тұрғыда ашып алайық. Ол үшін құзыр (компетенция) жəне құзыреттілік (компетенттілік) ұғымдарына жекелеп тоқталу қажет. Өйткені педагогикалық-психологиялық əдебиеттерде бұл ұғымдар бірде бір мағынада, негізінен көбіне түрлі категорияларды белгілеу үшін қарастырылады.
«Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде» «құзыр» ұғымына «қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нəрсені жасау» деген анықтама берілсе, С.И.Ожегов сөздігінде «құзыреттілік — белгілі бір мəселені жан-жақты білу» екендігі айтылады .
«Шет тілдері сөздігі» «құзыретті» түсінігіне «құзырларға — қызметтік өкілеттікке ие» деген анықтама берген. Ал жалпы педагогикалық əдебиеттерде «құзыреттілік» аясында білім алушылардың мына негізде əрекеттің күрделі түрлерін жасай алу қабілеті түсіндіріледі, яғни нəтижесі:
-білімдер болып табылатын танымдық іс-əрекет тəжірибесі;
-іскерліктер түрінде болатын іс-əрекет тəсілдерін іске асыру тəжірибесі;
-проблемалық жағдайда шешім қабылдай алу іскерлігі болып табылатын шығармашылық іс- əрекет тəжірибесі.
Педагогикалық əдебиеттерде құзыреттіліктің төмендегідей түрлері көрсетіледі:
-түрлі ақпарат көздерінен білімдер алу тəсілдерін меңгеруге негізделген өзіндік танымдық іс- əрекет саласындағы құзыреттілік;
-азаматтық-қоғамдық іс-əрекет саласындағы құзыреттілік (азамат, сайлаушы, тұтынушы ролін орындау);
-əлеуметтік-еңбек іс-əрекеті саласындағы құзыреттілік (өзінің кəсіби мүмкіндіктерін бағалай алу, өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары т.б.);
-тұрмыстық саладағы құзыреттілік;
-мəдени-демалыс саласындағы құзыреттілік (бос уақытты тұлғалық сұраныстарға жауап беретін талаптарға сай ұйымдастыра алу).
Э.Ф.Зеер кілттік құзыреттіліктердің мынадай ерекшеліктерін бөліп көрсетеді:
1. Олар көпфункционалды (құзыреттіліктерді меңгеру күнделікті, кəсіби жəне əлеуметтік салаларда проблемалық жағдаяттарды шешуге мүмкіндік берген жағдайда олар кілттік болып табылады).
2. Кілттік құзыреттіліктер пəнді меңгеруден тыс жəне пəнаралық болып табылады.
3. Кілттік құзыреттіліктерді қалыптастыру интеллектуалды дамудың белгілі бір деңгейіне сүйенеді (абстрактілі, сыни ойлау, саморефлексия жəне т.б.).
4. Кілттік құзыреттіліктер көпжақты, яғни олар өзінің құрамында түрлі тұлғалық қасиеттерді, интеллектуалдық қабілеттерді, коммуникативті іскерліктерді қамтиды .
Маңызды заңнамалық құжаттарды талдау кəсіптік білім беру ұйымы түлегінің келесі кілттік құзыреттіліктерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
-белсенді өмірлік жəне кəсіби ұстанымның болуы;
-өзінің жəне қоғамның жақсы жағдайда өмір сүруін қамтамасыз ете алуы, өзіндік ұйымдастыруға (синергетика) жауапкершілігі;
-əлеуметтік жəне кəсіби өзіндік анықталуға жəне өзін өзі іске асыруға бағдарлану;
-экономика жəне əлеуметтік қатынастар саласындағы негізгі əлеуметтік дағдылар мен практикалық іскерліктерді игеру;
-жаһанданған дүниеге, ашық ақпараттық қоғамға ене алуы;
-толеранттылық (басқаның пікіріне төзе білу), диалог жүргізе алу іскерлігі, мазмұндық компромистерді іздей жəне таба алу іскерлігі;
-заманауи жалпы мəдени деңгейге жету;
-құқықтық мəдениет: мемлекеттің құқықтық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана алу іскерлігі мен негізгі құқықтық нормаларды білуі.