Реферат Тақырыбы: Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі оның кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты ретінде Орындаған: г-115 топ студенті Дюсенбекова А. Е тексерген: Ердембекова Д. А семей 2017 жыл Жоспар: «Құзыреттілік»


Қазіргі педагогикадағы құзыреттілік тұрғыдан оқытудың даму тарихы



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі35,93 Kb.
#90570
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
реферат құзреттілік

2. Қазіргі педагогикадағы құзыреттілік тұрғыдан оқытудың даму тарихы
Құзыретіліктер шеңбері, заманауи оқушыларды қалыптастыруға ұмтылуға тиесілі, «құзыреттілік» түсінігі сияқты түбегейлі анықталмаған. Бірақ, адамның пайда болған мәселелерді шешу жауапкершілігін өз мойнына ала білу, өмір барысында білім алу, өз бетінше міндеттерді құрып, оны шеше білу қабілеттері «құзыретті адам» түсінігінің негізіне алынады. Әрбір зат үшін өзіндік құзыреттілік түсінігі жасалынады. Мысалға, тілді үйрену кезінде коммуникативтік, лингвистикалық, тілдік және мәдениет танушылық құзыреттіліктер айқындалады. Егер мектеп түлегі кейбір мектеп курсын оқып шыққанан кейін алған білімі мен қабілеттерін өміріндегі пән бойынша қолдана білсе, яғни пайда болған мәселелерді шеше алса,онда оны осы аумақта құзыретті деп санауға болады.
Адам цивилизациясының ақпараттық қоғамға енуі білім беру жүйесіне жаңа талаптар қояды. Ақпараттық мәдениет жөніндегі жетекші мамандардың бірі Н.И. Гендина (Кемеров мәдениет және өнер мемлекеттік университетінің ақпараттық технологиялар ғылыми зерттеу институтының директоры) білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер сипаттамасы «білім берудегі жаңа парадигма» түсінігінде көрініс табады деп жазады. Жаңа білім беру парадигмасы – бұл өз тегінде «болашақ үшін білім» стратегиясы. Білім берудің жаңа парадигмасының мағынасы келесі факторлармен сипатталады:
- Мейілінше жинақталған, меңгерілген кейбір ақпарат көлемінен негізгі акценттің жаңа білім алу мен өз бетінше білім алу қабілетіне ауысуы;
- Кез келген ақпаратпен, түрлі текті, қарама қайшы ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру, ойлаудың репродуктивті емес, өз бетінше әрекет ету дағдыларын қалыптастыру;
- Дәстүрлі «білім, қабілет, дағдыларын қалыптастыру» принципін «кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» принципімен толықтыру.
Біздің заманның ұраны, мүмкін, біршама өткір пікір таласты көбірек білу емес, қайта көбірек және жақсырақ шеберлікті көрсете білу,соның ішінде білімді жинақтай білу шеберлігі. Қабілетті болу, өз шеберлігін қолдана білу өте маңызды. Әлемдік бизнестің атақты философы Джим Ронның «Байлық пен бақытқа жетудің жеті стратегиясы» атты кітабындағы сәтті өмір сүрудің құзыреттілік моделінің сипаттамасы үлкен әсер қалдырады . Бұл стратегияның тізімі адамның құзыретті болуын талап ететін өмірлік маңызды сфераның тізімі ретінде көрінеді:
-жеке мақсаттарын басқару (армандар, стратегиялық жоспарлау, артықшылығы);
-жеке білімдерін басқару (өзіндік оқу, білімін тәжірибеде қолдану);
-өзінің дамуын басқару (әр аймақта өзгере және өсе білуі);
-жеке/жанұя қаражатын басқару;
-уақытты басқару (time-management);
-әлеуметтік басқару (қарым-қатынас,)
-өз өмірінің сапасын басқару (ол тек қуаныш әкелу үшін).

Құзыреттілік тәсіл – бұл білім беру мақсаттарын анықтау принциптерінің, білім беру мазмұнын іріктеудің, білім беру үрдісі мен білім нәтижесін бағалаудың жалпы принциптерінің жиынтығы.


Бұндай принциптердің санына келесі ережелер жатады:
- Білім берудің мағынасы үйренушінің түрлі сфералар мен әлеуметтік тәжірибені қолдану негізіндегі түрлі әс-әрекеттерінің дамуында тоғытылған.
- Білім беру мазмұны өз алдына танымдық.әлемтанушылық, адамгершілік, саяси және өзге мәселелерді дербес шешудің дидактикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибесін білдіреді..
- Білім беру үрдісін ұйымдастыру мағынасы үйренушіде білім берудің мазмұнын құрайтын танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық адамгершілік және өзге де мәселелерді қалыптастыру үшін жағдай жасауда тоғытылған.
- Білім нәтижесін бағалау білім алудың белгілі бір кезеңінде оқушының жеткен білім деңгейін талдауға негізделеді.
Құзыретті жекелеген функцияларды орындау үшін қажетті сапа мен шеберліктердің жиынтығы ретінде қарастырып,ал құзыреттілікті оларды орындауға дайындығын айқындайтын интегралды жеке кәсіби сипаттама ретінде қарастырамыз. Сонда тек мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігін ғана емес,оқушының когнитивті құзыреттілігін де талқылау дұрыс болады. Ал оның қалыптасу міндетін бірінші дәрежелі ретінде түйсіну дұрыс болады.Қолданыстағы Білім берудің мемлекеттік стандартында іс-әрекеттің жалпы оқу шеберліктері,дағдылары мен тәсілдері барлық сатыда ерекше көрсетілген. Ал стандарт жасауда ескерілген жалпы білім беру модернизациясының неізгі бағыттарының арасында:
-білім беру мазмұнының жеке бағдары;
-білім берудің іс-әрекеттік сипаттамасы,жалпы оқу шеберлігі мен дғдыларын, жалпыланған танымдық,коммуникативтік, тәжірибелік, шығармашылық оқу тәсілдерін қалыптастыруға ,оқушылардың осы іс-әрекеттің тәжірибесін жинақтауына бағытталуы ;
-негізгі құзырет – балалардың игерген білімін, шынайы өмірдегі практикалық міндеттерді шешу үшін іс-әрекеттің шеберлігі мен тәсілдерін қолдануға дайындығын қалыптастыру.
Бұл бағыттарды ескере отырып,жаңа білімдік-құзыреттілік парадигма төңірегіндегі білім берудің нақты міндеттерін шешуде біз анағұрлым адекватты педагогикалық технологияларды іздестірміз.
Бүгінгі таңда еңбек нарығындағы адамның бәсекелестігі оның жаңа технологияларды меңгере білу қабілетіне, еңбектің өзгеріп тұратын талаптарына бейімделуіне байланысты. Білім беру жүйесінің осы уақыт талабына беретін жауаптарының бірі – құзыреттілік – бағдарлау білімінің идеясы болып табылады. Онда білім берудің негізгі нәтижесі болып білімнің, шеберліктің,дағдының жүйесі емес, интелектуалдық, саяси-қоғамдық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа салалардағы мемлекет тапсырыс берген негізгі құзыреттіліктер жиынтығы болу керек.

Жеке бағдарлы білім берудің мәселесі – бүгінгі мектептегі білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі, яғни, жетекші рольді сабақ беру емес, оқушы педагогтың, психологтың басты назарында болатын, оқыту іс-әрекеті танымдық іс-әрекет болатын білім беру. Оқытудағы жекелей ыңғайын табу бағыт ретінде,білім беру үрдісінде сәйкес келетін әдістің көмегімен іске асатын білім беру жүйесінің мазмұнын анықтап, ашады. Бұл әдісті жеке тұлғалық-іс әрекеттік деп атайды . Жеке тұлғалы-іс әрекеттік әдіс мектепке дейінгі балаларды,төменгі сынып оқушыларын, жасөсіпірімдерді, студенттерді оқытудағы білім беру үрдісін ұйымдастырудың негізі ретінде әр-түрлі жолмен жүзеге асады. Мектепке дейінгі балаларды оқытуда міндетті түрде балалардың қоршаған ортаны танудағы интуитивті-практикалық жолын ескеру керек; мектептің төменгі сынып оқушылары үшін өмір мәнін игеру мен практикалық-түйсіну жолымен қарым-қатынас жасау тән. (интуитивті-практикалық жол өзгеріп, жаңа мазмұнға ие болады); жасөсіпірімдер мен ересектерге объективті заңдылықтарды алдыңғы екі жолдың негізінде қалыптасатын салыстырып-түйсіну жолымен меңгеру тән. Әрбір оқыту жолы, білім алушының жеке басының дамуының белгілі бір кезеңімен байланысты, өзіндік ерекшеліктерге, өзіндік оқыту технологиясы (білім берушінің іс әрекеті) мен дамыту технологиясына (білім алушының іс әрекеті) ие.


Қазіргі таңда білім беру сапасын жақсарту мәселесі «білім беру сапасын ауыстыру» немесе «білім берудің жаңа сапасы» туралы мәселе ретінде жиі қойылады. Білім беру сапасын оны қанағаттандырудың тапсырысы мен дәрежесінің арасындағы салыстыру ретінде түсіне отырып, білім беру жүйесіне тапсырыс беруді индивид,қоғам және мемлекет қалыптастыратынын ескеру керек. Сонымен қатар , бұл тапсырыс бірінші кезекте жеке тұлғаның жаңа әмбебап қабілеттеріне және мінез-құлық модельдеріне байланысты. Білім берудің әрбір кезеңінде,оның сабақтастығы мен болашағын ескере отырып,білім берудің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың бірегей концептуалды ыңғайын табу жүзеге асуы керек. Сондықтан мектепке дейінгі білім берудің принциптері,тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың формасы, құралы, әдісі баланың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге тиіс. Мектепке дейінгі білім беру жалпы білім беру жүйесінің бағытында жұмыс жасау үшін база болатын негізгі құзыреттіліктердің элементін қалыптастыруға тиіс. Қоғамда болып жатқан өзгерістер білім беру саласында балаларды мектепке дайындаудың жаңа талаптарын туғызады.
Мектепке дейінгі білім берудегі құзыреттілік тәсілін табуды жүзеге асыру үшін төменде аталған міндеттерді орындау керек:

  • Баланың қимыл іс әрекетіне,эмоционалдық,интелектуалдық, әлеуметтік-адамгершілік денсаулығы мен бала денсаулығын нығайту жөнінде білікті медициналық көмек көрсету үшін жағдай жасау;

  • Негізін эмоционалды-комфортты ортада тұру мен бала өміршеңдігін ұйымдастыру режимі құрайтын, балаға қысым көрсетпейтін, дамытушы, иілгіш жүйені қолдану;

  • Мектепке дейінгі балалардың ойын дағдылары мен шығармашылығын театр ойндары арқылы, актерлік тренинг пен ойындар арқылы,балалардың дамытушы шығармашылық қабілеттері арқылы шыңдау;

Өзара әрекеттестікте серіктесін естіп,түсіне алатын,өз денесі мен сөзін игере алатын қарым-қатынасқа тез түсетін баланы дамытуға және өзіндік ығармашылығын іске асыруға жағдай жасау:
1.Әрбір баланың әлемді тануына және тұлғаның өзін-өзі тануына түрткі болатын дамытушы,танымдық ойындарды белсенді қолдану;
2.Экологиялық тәрбие беру жөнінде жанұямен өзара әрекеттестік формаларын шыңдау;
Экологиялық мәселе, ең алдымен адамның өмір сүру ортасының нашарлауы Жер шары тұрғындарының жалпы мәселесі. Табиғатқа деген ұқыпты, жанашырлық қатынас кез келген жастағы адамдардың тәртібінің нормасы болу керек. Табиғатты сүю – жақсылық жасау,Жер шарының одан да әдемі,бай болу үшін не істеу керек екенін ойлану қажеттілігі екенін балаға ерте жастан ұғындыру керек.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешілерінің алдына маңызды міндет – балаларда негізгі технологиялық,ақпараттық ,әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастыру. Заманауи әлеуметтік – экономикалық жағдайда бағдарлауға қабілетті баланың мектепте жақсы оқуы,жеке басының қалыптасуы көбіне олардың қалыптасу деңгейіне байланысты. Мектепке дейінгі жастағы балалардың экологиялық білімінің бағдарлы-құзыреттілік технологиясының негізіне, экологиялық компоненттерді қосатын қоршаған әлемді бала іс әрекеттері (ойын, еңбек, іздену, эксперимент теу) арқылы таниды деген ой салынған.
Жақсы нәтижеге жету үшін балаларды өз бетінше ойлай білуге ,мәселелерді тауып,шеше білуге ,шешімнің мүмкін болатын түрлі жолдары мен нәтижені болжауға қабілетті болуға,себеп-салдарлы байланыстарды құра білуге үйрету қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық білімінің бағдарлы-құзыреттілік технологиясы оқыту мен тәрбиелеудегі мәселелі ыңғайды көрсетеді. Мәселелі оқыту технологиясы білімді дайын күйінде қабылдауды топшыламайды,ол тәрбиешінің басшылығымен мәселелі жағдаяттарды және оны шешуде балалардың өзбетінше белсенді іс-әрекетін туғызуды топшылайды,нәтижесінде жаңа білім,іскерлік,дағдыларды шығармашылықпен меңгеру,ойлау қабілетінің дамуы жүзеге асады. Технология ерекшелігі,үйреншікті жағдайды бұзып,жаңасын түзудің және мекеме жұмысын қайта құрудың қажеттілігінің жоқтығында. Технология біртіндеп бізге үйреншікті өмір ырғағына енеді.
Білімге бағдарлы-құзыреттілік ыңғай табу мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне интеграциялық сабақтарды,бақылау циклдерін, табиғатқа мақсатты серуендерді, экологиялық-сауықтыру жорықтарын,экологиялық мерекелер мен ойын-сауықтарды, үйрететін ойын жағдаяттарын, тәжірибелерді,мәселелі жағдаяттарды т.б. енгізетін оқытудың түрлі формаларын қолдануға мүмкіндік береді.
Осылай, балаларды тәрбиелеуде бағдарлы-құзыреттілік технологиясын қолдану тәрбиешілерге балаларда берілген материалды оқып,меңгерудегі дербестігін қалыптастыруға, танымдық қызығушылығын өсіруге, логикалық ойлауының дамуына ықпал етуге,экологиялық мәдениетті жетімді және қызықты формада танып білуіне мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңінде білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытушылар білім беру жүйесінде жаңа оқу технологияларын және интерактивті әдістерін қолдану арқылы оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуына мүмкіндік береді. Ол оқытушының ізденісі, жан-жақтылығы құзыреттілік арқылы айқындалады. Даналы қытайлықтар осыған орай бұны келесі мақалда ажыратқан: «мың ұстаздар – әр қайсысы мың әдістерімен» қолданылады,яғни мұғалім өзінің әдістемелік шеберлік қасиеттері негізінде өзіне лайықты педагогикалық технологиялық әдісін тандауға құқылы.
Құзыретті студент даярлау мақсатында ғылыми міндеттерді шешудің тиімді жолы – модульдік технологияны қолдану негізінде тарих, қазақ тілі пәндерін проблемалық оқыту арқылы студенттердің ой-өрісін, өз бетімен іздену, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әрекеті мен икемділіктерін дамыту, білетіні және білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды ашу әрі проблемалық міндеттерді шешу жолдарын жүзеге асыруға болады. Олай болса, модульдік технология арқылы тарих, қазақ тілі сабақтарын проблемалық оқытудағы басты міндет – студенттердің ойлау жүйесін өздерінің шығармашылық қабілеттері арқылы игерген білім қорын одан әрі тереңдету және түрлі проблемаларды шеше білетін білімді студент тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Студентке нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін тұлға құзыретілігін төмендегіше сипаттауға болады:
- өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі;
- өзінің қызметін бағалай білуі;
- негізгі мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуі;
- өз алдына мақсат коя білуі және оны жүзеге асыра білуі;
- өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі;
- өз бетінше алынған ақпаратты таңдай білуі;
- түрлі өмірлік жағдайларында тиімді шешім қабылдай білуі;
Жаңа тұрпаттағы кәсіби мамандарды оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет болса,құзырлылық – студент іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі болып табылады. Қазіргі заманғы білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет