Ортасы
30 минут
Соңы
3 минут
|
2.Жаңа сабақ: Электронды оқулық бейнежазбасын тамашалайды.
Мақсаты: бейнефильм арқылы тұжырымға келеді.
.Эпиграф / дәйексөз: «Абайдың шығармашылық өмірі – қазақ әдебиеті тарихының кіндік тұтқасы. Сондықтан оның ақындық жолын зерттеу бүкілұлттық әдебиеттің даму, есею кезеңдерін саралаумен ұштасады... Әр ұрпақ Абай жөнінде өз сөзін айтатын болады.Абайтану есігі кімге де болса, ойы мен пікірі бар оқырманның бәріне ашық»
С.Қирабаев
Шығыс пен Батыс әдебиетінен алған тағылымын тоғыстырған Абайдың поэзиясына, көркемдік әлеміне үңілген адамның сезім мен таным көкжиегі кеңейіп,рухани биіктерге, болашаққа құштарлыққа құлшынысы аса түсетіні сөзсіз.Оның дарынды ақындығы мен парасаттылығы арқасында өлеңдеріндегі әр ұғым, әр қағида бүкіл адамзаттың жүрегіне жол тауып, есте мәңгі сақталатындай қалыпқа түскен.
Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді(Ол қандай қасиет деп ойлайсыңдар?- ар, ұят, иман, намыс, ақыл, білім, ғылым т.б.)бойына дарыта алмаған ел-жұртын сынаған немесе адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды тануға болады.
Осыған орай «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде былай дейді.
Демек, Абай өмір жолын тануды білім мен ғылымға негіздеу керек деген қағиданы ұстанады.
І. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі бойынша талдау
Абайдың қазақ поэзиясына қосқан өлеңдерінің ішіндегі мазмұнына түрі сай, ең күрделі де көркем жазылғаны - «Сегізаяқ». Бұл өлең - Абайдың ұлы реформатор ақын екенін айғақтайтын туынды. Осы және басқа да өлеңдері арқылы қазақ поэзиясына бұрын-соңды болмаған өзгерістер әкелді.Ол өзгерістер өлең ұйқасына, өлең тармақтарына, өлең бунақтары мен буын санына қатысты болды. (презентация б/ша талдату)
ІІ. «Сегізаяқ» – әнді тыңдату/ талдату
«Абай – әлемдік әдебиеттен белгілі орын алған кемеңгер ойшыл, адам баласын шындыққа, игілікке, еркіндікке шақырған ұлы ақын.Ақынның жазғандары өзінің бейнелі көркемдігімен сәулетті сұлу дүниедей адам көңілін баурап алса, оның мазмұны да жүрекке сәуле түсіргенде, жаңа қызықты, қуанышты дүниеге кіргізгендей болады»,-деп жазады Ә. Марғұлан.
Иә, Абайдың әр туындысы өмірлік пайымдаудан,көрген –білгенін саралаудан жинақталған. Ғұлама суреткер болмыстық мәселелерді шешуге бара отырып, өз халқының халықтығын танытар өзгешелігін ескереді.Сондықтан оның қаламынан туған шығарма әр адамға түсінікті де жақын.Абайдың даналығы да қазақ халқының даралығын ескеруінде,барлық адамзатқа тәнөркениетті мәселелерді сөз етуінде жатқан жоқ па. Абайдың ұлылығы да қомақты өмір қайшылықтарынғ кеңістік пен уақыт алдында өзгермейтін азаматтық құндылықтарды, адами қасиеттерді талап етіп, сынға алатындығында.
Абай орыс аудармаларын аудара отырып, қазақтың қара өлеңі ұйқасынан бөлек ұйқастар енгізген, яғни жаңалық енгізген ақын. Ұйқас түрінен: егіз ұйқас, шалыс ұйқас, аралас ұйқас түрлері енді. Сондай-ақ, буын, бунақ, тармақ сандары жағынан да жаңалық әкелді.
Мысалы:
Сегіз аяқ
Алыстан сермеп, А)
Жүректен тербеп, А)
Шымырлап бойға жайылған; Ә)
Қиуадан шауып, Б)
Қисынын тауып, Б)
Тағыны жетіп қайырған, Ә)
Толғауы тоқсан қызыл тіл, В)
Сөйлеймін десең, өзің біл.
7.Кері байланыс.
|