Мәтін 4-топқа беремін
Түн.Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды.Жұлдыздар арасында ай . Дала сүттей жарық.Тау жақтан салқын леп соғады. Жым –жырт тыныштық.Мен ояу жатырмын.Ұйқым келер емес.Қандай сүйкімді көрініс.Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай.Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын.Тіпті суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдына келтіре алмас.Тек табиғаттың ғана қолынан келетіндей.Ауылыңнан алыс жаққа шықсаң,қайтып келуге асығасың. Келсең,таныс көшелер,үйлер, адамдар бәрі көзіңе оттай басылады.
1-топ Мәтіннің қай бөлігі әңгімелеу мәтіні,неліктен...
2-топ Мәтіннің қай бөлігі сипаттау мәтіні , неліктен...
3-топ Мәтіннің қай бөлігі пайымдау мәтіні,неліктен...
4-топ Мәтінге ат қой,мәтіндегі негізгі ойды тап.
Бағалау
Қол сигналдары арқылы топтар өзара бағалау.
Сергіту сәті «ауада жазу»
1-топ құлақпен
2-топ көзбен
3-топ иықпен
4-топ тіземен алдымен оң,содан соң сол мүше арқылы «мәтін» сөзін жазады.
Мәтін -өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемнен құралады.
Мәтінге ат қою -ондағы негізгі ойды немесе тақырыпты қысқаша атау деген сөз.
Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтайын деген басты пікірі.Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Мәтіннің түрлері:әңгімелеу мәтіні ,
сипаттау мәтіні , пайымдау мәтіні.
Әңгімелеу мәтіні бір нәрсе жөнінде баяндайды,хабарлайды.Әңгімелеу мәтіні үш бөліктен тұрады: басы,негізгі бөлім,соңы.
Сипаттау мәтіні белгілі бір заттың,құбылыстың белгілерін көрсетеді,қандай екенін сипаттап суреттейді.
Пайымдау мәтіні бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді.
Мәтін – тін,өрілім,бірігу сөздерінен шыққан. «text» еуропа тілдерінде қолданылады.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу Екі бөлікті салыстыру .Қай бөлік мәтін? Неліктен?
Тақтамен жұмыс
Қараша –күздің соңғы айы.Ол қыстың хабаршысы. Бұл айда жердің топырағы тоң болып қатады.Қара суық күшейеді.Судың бетіне қабыршық мұз тұрады.
1-топ 2-жаттығу «Ормандағы оқиға» мәтінін құрастыру
Орман шетінен қайың жапырақтарының үйіндісін қабыма толтырып,үйге қайттым. Бір нәрсе пысылдаған сияқты. Қаптың аузын шешіп ішіне үңіле қарадым.Еш нәрсе көрінбеді.Кенет,қаптың ішіндегі жапырақтар сусылдай жөнелді.Қаптан домалап түскен кірпі қаша жөнелді.Мен не істерімді білмей ,аңтарылып қалдым.
2-топ 3-жаттығу
Көшіріп жазу.сөйлемдердегі бір-бірімен байланыстырып тұрған сөздердің астын сыз.
Мәтін не туралы айтылған?
Кестемен пайдаланып,дәлелдеу.
3-топ 4-жаттығу Мәтінді оқу,ат қою.Мәтін екенін дәлелдеу.
4-топ 5-жаттығу Алдымен,содан кейін,сонан соң,ақырында сөздерін пайдаланып, «Менің күн тәртібім» тақырыбына 7-8 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыру.
Бағалау бағдаршаммен топтық өзара бағалау
|