Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық



бет1/4
Дата07.11.2022
өлшемі0,83 Mb.
#156747
  1   2   3   4
Байланысты:
боөж
3-нұсқа пиза, Fizika-boyynsha-o uly tardy -tizimi, 99 көркемесім, 2 5258119497448948857

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университеті




БОӨЖ
Жаңартылған білім мазмұны жағдайында бағалау процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Оқушылардың бағалау үдерісіне қатысуы мен өзара әрекеті: өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, құндылықты бағалау

Орындаған: Раимбек Назым
Қабылдаған: Сайдахметова Л.Т
Мамандық : Дене шынықтыру және спорт
Курс: 2
Жоспары:

  1. Қоғамның алдында тұрған өзекті мәселе

  2. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың жаңа әдіс тәсілдері

  3. Мұғалімдер мен оқушыларға бағалау критерийлары

  4. Ұзақ, орта, қысқа мерзімді оқу жоспары

  5. Қорытынды

  6. Пайдаланылған әдебиеттер



Жаңартылған білім мазмұны жағдайында бағалау процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Оқушылардың бағалау үдерісіне қатысуы мен өзара әрекеті: өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, құндылықты бағалау
1)Қоғамның алдында тұрған өзекті мәселе
Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп жасалды.
Бастауыш білім беру мақсаты — келесі негізгі кең ауқымды дағдыларға:
Білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану;
Сыни ойлау;
Зерттеу жұмыстарын жүргізу;
Ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану;
Әр түрлі коммуникация тәсілдерін пайдалану;
Топта және жеке жұмыс істеу ептілігі;
Проблемаларды шешу және шешімдер қабылдауға
Ие оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру.
Педагогикалық әдіс-тәсілдер:
Құндылықты-бағдарланған;
Әрекетті;
Тұлғалық-бағдарланған;
Кіріктірілмелі;
Коммуникативті
Әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады.
Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.
Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.
Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе – әр жақты дамыған, көпмәдениетті шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында былай дейді: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстандағы дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім»,- деп көрсетеді. Елбасымыз әрі қарай өз жолдауында: «Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек», - деген болатын. Бұл жас ұрпаққа саналы білім беруде мұғалімге жүктелер міндет пен қойылар талаптың күшейгенін көрсетті. Әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға зерек, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс. Қазіргі талаптың басты міндеті де – педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми-әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып табылады. Сондықтан әр мұғалім заман талабынан қалмай, ілесіп дамып отыруы үшін үнемі ізденіс, толғаныс үстінде болады. Енді біз де жаһандық жаңалықтардан шет қалмау жолында ілгерілеп келеміз. Оқу мен оқытудағы әлем елдері қолданып жатқан жаңа тәсілдеріне көше бастадық. Бұның бір дәлелі – Кембридж бағдарламасына негізделген оқу жүйесі бар Назарбаев зияткерлік мектептерінің Қазақстанның барлық қалаларында дерлік ашылып жатқаны. Олардың енді бірі алғашқы нәтижелерін де бере бастады. Сондай-ақ осы бағдарламаның тиімділігін дәлелдей келе жалпы орта білім беретін мектептердің оқу жүйесіне енгізуді қолға алып отыр. Бұл – жаһандануға бет бұрып, жақсылыққа ұмтылғанымыздың бір көрінісі. Кeмбpидж бaғдapлaмaсы тәсілдepін өз тәжіpибeме қoлдaну арқылы оқыту үдеріcін жақcартуға болатынын байқап жүрмін.
Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс – тәсілдер оқушының ойлау қабілетін жетілдіріп, өз дәлелдерімен еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін – өзі тануына, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамытуға жол ашу, «мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау – бүгінгі таңдағы мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет