Қысқа мерзімді жоспар:
Жаңартылған білім беру бағдарламасы ДЕСКРИПТОРЛАР МЕН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІН ҚҰРУ. Тапсырма сабақ тақырыбына емес, оқу мақсатына сәйкес беріледі! Тапсырмалар құрастыру үшін мұғалімге:
оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқыту мақсаттарына талдау жасау;
оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;
тапсырма құрастыру кезінде бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.
5) Қорытынды Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап етеді.
Президент Қ. Тоқаев өзінің қыркүйек айындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сапалы білім беру мәселесіне ерекше назар аударды. Педагогтердің материалдық уәждемесі мен кәсіби біліктілігін арттыру, дарынды балаларды қолдау, жаңа мектептер салу, отандық ғылымды дамыту — Қазақстанда сапалы білім берудің мықты іргетасын қалау үшін пысықтау қажет нәрселердің бірі.
6) Пайдаланылған әдебиеттер Әбиев Ж.Ә. Педагогика: оқу құралы. -Алматы: Дарын, 2014ж, 448б
Асанов Ж. Педагогикалық ғылыми зерттеу әдістері: Астана, 120б
Қайдарова.А Мұғалім тұлғасына талаптар/ бастауыш мектеп 2012ж
Бұзаубақова К. Мұғалімнің инновациялық қалыптастыру// Қазақстан мектебі, 2014ж