Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық


) Мұғалімдер мен оқушылардың өзара бағалау критерийлары



бет3/4
Дата07.11.2022
өлшемі0,83 Mb.
#156747
1   2   3   4
Байланысты:
боөж

3) Мұғалімдер мен оқушылардың өзара бағалау критерийлары
Критерийлер бойынша бағалау мұғалімдерге:

  • сапалы білім алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

  • оқытудың сапасын жақсартуға;

  • әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып оқытуға мүмкіндік береді.

Ал оқушыларға:

  • өзара бағалау кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін-бірі сынауға мүмкіндік береді.

  • сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады.

Бірақ бұл сыныпта қолданылатын бағалаудың жалғыз тәсілі емес. Оның ата-аналар үшін баланың оқу үлгерімі бойынша есеп беруде, оқушыны белгілі бір сыныпқа бөлу кезінде мектеп басшысына көмек көрсетуде, оқушыға оқу барысында қосымша сабақтарды таңдауда көмек көрсетуде, сыртқы біліктіліктің барлық немесе жеке құрылымдарын қалыптастыруда, оқушылардың мектепте жеткен нақты жетістіктері туралы ақпарат беру мақсатында қолданылса орынды болмақ. Оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып оқытуда критерий бойынша бағалау орта білім беру ұйымдарында оқу үрдісіне жаппай қолданысқа енгізілсе, бағалаудың әділдігі, объективтілігі оқушының өз бетімен білім алуына, өзін дамытуына сенімін арттырары сөзсіз.
4) Ұзақ мерзімді жоспар:
* мұғалімдерге өз сабақтарын жоспарлауға қажетті бөліктерді (деталь)ұсынады;
* сабақ беруде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудағы мүмкіндік жолдарын анықтайды;
* оқытудың кіріспе, дамыту мен бекіту тәсілдерін және негізгі ресурстарын ұсынады;
* бағалаудың мүмкіндіктерін анықтайды;
* тілдік қабілеттерді жетілдіретін талаптарды анықтайды.
Орта мерзімді жоспар:
* оқытуды ұйымдастырудың үдерісін: жаппай оқыту, топтық, жұптық жұмыс, жеке жұмысты анықтайды;
* оқытудың әр түрлі тәсілдерін ұсынады;
* бағалауды ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады және оқушының оқу мақсатына жетуі туралы кері байланысын ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет