Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма 1. Әсет Найманбаевтың «Майда қоңыр» өлеңіндегі асты сызылған сөздердің кейіпкер образын ашудағы ролін анықтап, түсіндіріп жазыңыз.
Жігітке
қисық қылық мінменен тең,
Жараспас жас бойына сынменен тең.
Надан бар
көңілі қара, қолы сараң,
Қараңғы жүрегі оның түнменен тең.
Жеткізсе көлеңкесін біреу көпке,
Бұлттан шыққан жайнап күнменен тең.
Жайдары, шамсыз туған кейбір жігіт
Терісі жуан елі пілменен тең.
Күлдіргіш,
қалжыңға ұста кейбір жігіт
Көңілдің бақшасында гүлменен тең.
Жаралған жақсы атадан жаман бала
Некесіз қай-қайдағы
сұмменен тең.
Болады ойсыз,
мисыз кейбір надан,
Ол етер жігеріңді құмменен тең.
Біреудің пайдаланған ақыл, білім
Бір түсіп өткен күннің нұрымен тең.
Көзі ашық, көкірегі ояу жастар үшін,
Ескерткен насихатым сырменен тең.
(7 балл)
Тапсырма 2. Мұхит Мералыұлының «Зәуреш» немесе Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» өлеңін өзіңіз білетін мазмұндас шығармамен салыстыра талдап, ұлттық құндылығына баға беріңіз.
Мұхит Мералыұлының «Зәуреш» өлеңі
|
Мен оқыған шығарма...
|
|
|
(4 балл)
3-тапсырма. Әсет Найманбаевтың «Салиха-Сәлмен» дастаны мен Жаяу Мұса Байжанұлының «Ақ сиса»
өлеңіндегі бүкіл
әлеуметтік өмір, хандық дәуір, тар заманға кінә артқан тармақтардан мысал келтіріп, тарихи құндылығын анықтаңыз.
(4 балл)