Тақырыбы: - “ Дос болайық, бәріміз!”
- 3 – сынып
- Өткізген: Бектемисова С.К.
Мақсаты: - “ Достық” құндылық туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: - Достық ұғымның адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
- Өзара көмек, достық, сыйластық,қарым – қатынастарың дамыту;
- Достыққа,қамқорлыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Өсиет- әңгіме - Ертеде бір ақылды қария болыпты.Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:
- -Ақсақал,мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, -депті. Қарт жігітке:
- -Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын,- депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт:
- -Шырағым,жаман жігіт емессің, - депті.
- -Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?-депті жігіт. Қарт күліп:
- -”Жігітті жолдасына қарап бағала” дейді халық,-депті.
- ( оқушыларға сұрақ қойылады)
- -"Жігітті жолдасына қарап бағала” дегеннен нені түсінесіңдер?
- (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
- Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас,дос болады.Шын жолдас,достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады,бойына сіңіреді,олар бір-біріне өте жақын,бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді.Осындай жолдастық,достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі-адалдық.
- Біз бүгінгі сабақта адал достық туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу - Достықты, татулықты қалай түсінесіңдер?
- Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіндер?
- Досыңа көмекті қалай көрсетуге болады?
- Досыңның көп болғаның қалайсын ба?
Жаңа ақпарат - Мақсат – мүдесі, арман – тілегі, талап – талмағы,
- үйлесімді адамдар арасында достық болады.
- Адамдардың бір – біріне адалдығы мен сенімділігі
- достық қарым – қатынасты нығайтады.
Сергіту сәті Жағдаят шешу: - Сендер қалай ойлайсыңдар, қыз балаларға қалай достасуға болады?
Мұндай жағдайда ұл баланың не істегені жөн еді? Сахналау - Саңырауқұлақтың саясы
- ( Қатысушылар: Жүргізуші, Құмырсқа, Көбелек, Торғай, Қоян, Түлкі, Бақа)
Топтық жұмыс Топтық жұмыс Жүректен жүрекке - Балдырған баламыз , досты көп табамыз
- Қашан да, қайда да, достар бір-бірін
- сенімді боламыз! Достар бірге жүреміз, бірге ойнаймыз,күлеміз.
- Бірге балық аулаймыз міне,біздер қандаймыз!
Достарыңызбен бөлісу: |