Педагогика
SWOT талдау
Орындаған:Әскербай .Е
А.Караковский, Л.И.Новикова, Н.Л.Селивановалардың авторлығымен жарық көрген «Тәрбие?...Тәрбие...Тәрбие!...» («Воспитание?..Воспитание...Воспитание!») тұжырымдамасына талдау жасау.
Алдымен бұл тұжырымдаманың мықты жағын айтатын болсақ. Тәрбие туралы өте көп ғалымдар өз тұжырымдамасын айтқан бірақ олардың ішінде нақты дәлелдермен келтірілген осы үш автордың еңбегі тәрбие туралы озық шықты. Осы тұжырымдама ішінде адамның өзін емес іс-әрекетін айтып өткен. Яғни бұл тұжырымдама өзі ішінде міндеттерден тұрады.
Біріншіден, бұл - балалардың тұтас ғылыми негізделген дүниетанымын , ұлттық менталитетін қалыптастыру. Балалардың білім алу барысында қоршаған орта, табиғат, адам, қоғам туралы түсінігі қалыптасады. Бұл түсінік мозаикалық, сондықтан оларға дүниені тұтастай қабылдауды қалыптастыру жолында оқыту, тәрбиелеу, сыныптан тыс жұмыстарын жүйелі, кешенді пайдаланған дұрыс.
Екінші мәнді міндет - азаматтық санасын қалыптастыру. Отаншыл, жеті жұрттың қамын жейтін азамат, ер жігіт, жігіт сұлтанын, ақылды Ару, болашақ ана, қоғам қайраткерін тәрбиелеу.
Үшінші міндет – балалардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарға сай мінез – құлықты қалыптастыру.
Төртіншіден, өсіп келе жатқан жас жеткіншектің шығармашылық ойлауын дамыту.
Бесіншіден, өзіндік санасын, өзіндік “Мен” концепциясын қалыптастыру, өзін - өзі тани, реттей, бағалай, көрсете білуге үйрету. Алға қойған бұл міндеттерді тиімді шешу мектепте, орта және жоғарғы оқу орнында, мекемелерінде гуманистик типтегі тұтас тәрбие жүйесін құрғанда ғана мүмкін болады.
Гуманистік, ізгіліктілік тәрбие жүйесінің негізгі идеяларына концепцияда тәрбие процесінің принциптерінің ролін атқару жүктелген. Ол мына принциптер:
Әлсіз жағын айтатын болсақ. Осы тұжырымдамада ережелер өте көп кездеседі
оқушылардың жасаралық және жыныстық ерекшеліктерін ескеруді, әрі мына талаптардың орындалуын қажет етеді:
- осы жас аралығындағы оқушылардың жеке қасиеттері мен сапаларының даму деңгейі мен жыныстық жетілу, дамуының мүмкін боларлықтай жағдайын айқындау, соған сәйкес бағдарлау;
оларды қалыптастыруда нақты жасаралық кезеңдегі балаларға тән қасиеттерге, себепкерлік пен қажеттіліктерге сүйену және жыныстық дамуына сәйкес жүретін ерекшеліктерді ескеру;
осы жасаралық кезеңге тән, әрі дамудың әлеуметтік жағдайынан және оқушылардың жетекші іс - әрекетінен көрініс табатын қарама- қайшылықтарды жеңе білу;
жыныстық жасаралық жалпы құрылымнан байқалатын оқушылардың жеке –дара қасиеттеріндегі ерекшеліктерін оқып - үйрену, тәрбиелеуде ескеру, әр балаға жеке қарым – қатынас жасау арқылы олардың бейімділігі мен қызығушылығының, қабілетінің ашылуына көмектесу;
ғылымда қабылданған жасаралық кезеңге бөлуді ескеру, психологиялық –педагогикалық диагностика жүргізуде және реттеуде (коррекция жасауда) оны пайдалану;
психологиялық – педагогикалық диагностика, консультация беру, коррекция жұмыстарының сабақтастығымен байланысын қамтамасыз ету;
тәрбие процесінің ізгіліктілік негізде ұйымдастырылуы, жүргізілуі, жеке тұлғаға нысандық бағыттылығы, мақсаттылығы;
тәрбиелік қатынасты, іс -әрекет түрлерін ұйымдастыруды жүргізуде “тәрбиеші-тәрбиеленуші” қатынасын іскерлік ынтымақтастық, бірлесіп атқарылатын қызмет, қарым – қатынас барысында балаларға шығармашылық еркіндік берумен қатар олардың ұжымдық шығармашылық әрекетіне тактикалық көмек көрсетудің үйлесімділігін сақтау;
балалардың тәрбиелік ұжымын қалыптастыруға, ұжымдық қатынасты дамытуға, ұжымға, ұжымдық тәрбиелеуге назар аудару.
Қауіпті жағы егерде бұл тұжырымдамадағы астарлы мәліметтерді дұрыстап оқымаса түсінбесе онда білім алушы басқаша түсініп қалуы мүмкін тәрбие туралы өзіндік дұрыс емес ой қалыптастырады.
Мүмкіндіктері менің ойымша осы үш автор бірлесіп жасаған бұл тұжырымдаманы кішкене жалпыға түсінікті тілмен басқа ғалымдар секілді шағын немесе қысқа бірақ түсінікті етіп жазса осы тұжырымдаманы жазар кезде өмірден алынған мысалдарды сәйкестендіріп соларды енгізе отырып жасағанда тіпті күшті болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |