Бағдарламасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалды



бет1/2
Дата29.03.2017
өлшемі0,62 Mb.
#12757
  1   2
ТҮСІНІК ХАТ
«География» оқу пәні бағдарламасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалды.

Мектептiң бiлiм беру жүйесiнде жас ұрпақты жан - жақты дамыту мен тәрбиелеуде: олардың жалпы мәдениетiн қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзiнiң табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершiлiгiн сезiнуде, Жер бетiнде тiршiлiктi сақтауда география пәнi үлкен рөл атқарады.

Білім берудің негізгі орта деңгейінде географияны оқытудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында Жер ноосферасының құрамдас бөлiгi ретiнде әлемнің біртұтас географиялық бейнесін қалыптастыру болып табылады.

Географиялық бiлiм берудiң бұл мақсаты төмендегi:

– оқушылардың географиялық ойлауын, географиялық мәдениетін қалыптастыруға және географиялық тілді оқып - үйренуіне, еркiн әрi шығармашылықпен ойлауына жағдай жасау;

– оқушыларға географиядан қазiргi дүние толқынына бағдарлана алуына көмектесетiн бiлiм жүйесінің жиынтығын беру;

– картографиялық сауаттылығының қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау;

– оқушылардың бойында адамзат тіршілік ететін ортасы Жер туралы біртұтас түсінік қалыптастыру, оның табиғаты мен халқының алуан түрлілігін ашып көрсету;

– негізгі орта білім беру деңгейіндегі қажетті базалық білім минимумын және елтану сипатындағы түсініктер қалыптастыру, оқушыларды Қазақстанның табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігімен халқы және шаруашылығымен, ондағы адамзат тіршілігінің алуан түрлілігімен таныстыру;

– жергілікті жердің табиғатына деген ұқыптылығын қалыптастыруға және елжандылық сезімін дамытуға жағдай жасау;

– оқушылардың бойында қоршаған ортаның біртұтастығы мен оның аумақтық алуан түрлiлiгi, әртүрлi елдердiң өзiне тән ерекшелiктерi, адамзат алдында тұрған күрделi проблемалар туралы түсiнiк қалыптастыру сияқты мiндеттердi шешудi талап етедi.


Кіріспе

Қазақстан Республикасы жеке мемлекет болып тәуелсіздік алуы, жерді, жер қойнауын, суды, орманды және басқа табиғи ресурстарды пайдалана білу құқын иемденуі республикамызда георгафия білімін тереңірек оқытуды қажет етіп отыр. Бұл жағдайлар география курсының құрылымына да, мазмұнына да әсер етіп қоймайды. Мемлекеттік масштабтағы саяси және әлеумттік жағдайларды шешу барысында нақты жеке территориялардың алуан түрлі табиғат жағдайын біліп, оны ескеру өлкенің географиясын оқып үйренуге септігін тигізеді. Қазіргі кезеңде география үлкен маңызды күрделі мәселелерді шешуге – әр түрлі территориялардың ресурсын зерттеп оқып, сол жердің табиғи ресурсын тиімді пайдалануға, құрылыс, зауыт, қала, жол салуға ең қолайлы жерлерді анықтауға көмектеседі.

Өзінің туған өлкесін – географиялық тұрғыдан жан-жақты білу – әрбір оқушының парызы. Өйткені ол ертең мектеппен қоштасқаннан кейін, кең байтақ республикамыздың кез-келген жерінде, әр түрлі ортада жұмыс істеуіне тура келеді.

Қоғамның казіргі даму кезеңінде жеткіншек ұрпакка білім беру мәселесін жаңа сатыға көтеруді кажет етіп отыр. Осыған байланысты соңғы жылдары мектеп реформасы мемлекеттік деңгейде жүзеге асуда.

«Өлкетану» курсы оқушыларға география ғылымының негізі туралы білім берумен бірге оларды тәрбиелеу, дамыту бағытында үлкен роль аткарады. Оқушылар алғашқы географиялық үғымдарды, туған жер табиғаты ерекшелігін, ашылу тарихын, зерттеу тарихын, зерттеушілер еңбектерімен, жер бедері, пайдалы казбалары, ауа-райы, топырағы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі туралы оқып үйренеді. Туған жер табиғатына топ серуенге шығып, өсімдіктер гербариін, тау жыныстары коллекциясын жинатуға, ауа-райына бақылау жұмыстарын жүргізуге үйретеді.

Оқушылар «Өлкетану» курсынан, географияның жүйелі курстарына логикалы түрде көшуді іске асырып, сонымен бірге, олардың негізі болып табылады. Негізгі мақсаты оқушыларға осы пән туралы, туған өлке табиғаты, халқы, мәдениеті, тарихы, географиялық картасы туралы алғашқы тусінік беріледі. Сондай-ақ, өлкетану негізінде олардың бастапқы географиялық білімдері мен икемділіктерін қалыптастырады.



«Өлкетану» курсының бағдарламасы.

I. Түсініктеме.

Қоғамның казіргі даму кезеңінде жеткіншек ұрпакка білім беру мәселесін жаңа сатыға көтеруді кажет етіп отыр. Осыған байланысты соңғы жылдары мектеп реформасы мемлекеттік деңгейде жүзеге асуда.

«Өлкетану» курсы оқушыларға география ғылымының негізі туралы білім берумен бірге оларды тәрбиелеу, дамыту бағытында үлкен роль аткарады. Оқушылар алғашқы географиялық үғымдарды, туған жер табиғаты ерекшелігін, ашылу тарихын, зерттеу тарихын, зерттеушілер еңбектерімен, жер бедері, пайдалы казбалары, ауа-райы, топырағы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі туралы оқып үйренеді. Туған жер табиғатына топ серуенге шығып, өсімдіктер гербариін, тау жыныстары коллекциясын жинатуға, ауа-райына бақылау жұмыстарын жүргізуге үйретеді.

Оқушылар «Өлкетану» курсынан, географияның жүйелі курстарына логикалы түрде көшуді іске асырып, сонымен бірге, олардың негізі болып табылады. Негізгі мақсаты оқушыларға осы пән туралы, туған өлке табиғаты, халқы, мәдениеті, тарихы, географиялық картасы туралы алғашқы тусінік беріледі. Сондай-ақ, өлкетану негізінде олардың бастапқы географиялық білімдері мен икемділіктерін қалыптастырады.



I I. Курстың мақсаты: а)Білімділік:

Оқушыларға туған жер табиғатының ерекшелігімен, өндіріс орны, шаруашылық салаларымен, тарихи ескерткіш орындары жайлы мағлұмат беру;

Уәлиханов ауданының физико-географиялық орнының ашылу тарихы, жер бедері геологиясы, табиғат кешендерін оқып үйрену;

Тілеусай ауылының физико-географиялық орны ашылу тарихы, жер бедері геологиясы, табиғат кешендерін оқып үйрену;

Қасиетті туған жер табиғатын қорғау, қастерлеу;

Туған өлкенің физико-географиялық орнын, экономикалық – географиялық жағдайын кешенді түрде оқып үйрену.

б)Тәрбиелік мақсаты:

- Туған өлке табиғатын қорғауға, табиғи ресурстарды үнемдеуге, өзінің елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;

- Оқушыларды туған өлке тарихын зерттей, зерделей білуге, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу;

в) Дамытушылық максаты:

Елтану білімі негізінде оқушылардың өлкетану курсын оқып үйренуге қызығушылығын арттыру;

Туған өлке табиғатын, оның ерекшелігін көршілес экономикалық ауданның табиғи жағдайларымен салыстыра білу қабілетін дамыту;

Туган өлкенің маманданған кәсіби, кен – барлау жұмыстарындағы игеру технологиясын зерттеп, зерделеу машықтарын дамыту.

III. Курстың міндеттері:

Туған өлке тарихын, табиғи байлығын кешенді түрде зерттеу;

Оқушыларды географиялық заңдылықтарды түсінуге, өз бетінше білім алуға, шығармашылықпен ойлануға, ізденуге үйрету;

Әр түрлі географиялық ақпарат көздерімен /карта, сұлба, диаграмма және т.б./жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін меңгерту;



Өлкетану курсы /жылына 34 сағат/




Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе

(Уәлиханов ауданының және Тілеусай ауылының географиялық орны мен тарихы)

1 сағат


2.09

2

Туризм негіздерімен танысу және карталармен жұмыс істеу

2 сағат


9.09

16.09


3

Туған өлкенің жер бедері

3 сағат


23.09

30.09


7.10

4

Өлкенің табиғи ресурстары

2 сағат

14.10

21.10


5

Жергілікті жердің ауа райы және климаты

3 сағат


28.10

3.11


18.11

6

Өлкенің сулары және оларды пайдалану

3 сағат


25.11

2.12


9.12

7

Өлкенің топырағы

2 сағат


15.12

23.12


8

Өлкенің өсімдіктері

3 сағат

29.12

13.01


20.01

9

Өлкенің жануарлар дүниесі

3 сағат

27.01

3.02


10.02

10

Өлкенің ерекше қорғалатын аумақтары және табиғатты қорғау

3 сағат

17.02

24.02


2.03

11

Өлкенің шаруашылығы

4 сағат

9.03

16.03


6.04

13.04


12

Өлкеде өмір сүретін халықтардың тарихы және мәдениеті

4 сағат

20.04

27.04


4.05

11.05


10

Қорытындылау

1 сағат

18.05

10

Барлығы

34 сағат





1.модуль

Кіріспе



Сабақ формалары мен мазмұны

Сағат саны

Әдіс-тәсілдері

1

«Өлкетану» курсы нені оқытады?

1

Әңгімлеу, баяндау

2

Туған өлке географиясына жалпы шолу

Топтық, ұжымдық

Оқушылар білуге тиіс:

- Туған өлке физико-географиялық орнын, Қазақстанның саяси-әкімшілік картасында, дүниежүзілік картадағы орнын, көршілес экономикалық аудандармен шектесетін аудандарды білуге, жергілікті жер ауа райын, климатын, бағдарлай білуі тиіс.

Оқушылар мына біліктерді меңгеруі тиіс:

Туған өлке тарихын;

Географиялық орнын;

Табиғат комплексін, жер бедерін, геологиясын, пайдалы қазбаларын;

Жергілікті еңбек адамдарының, өнер туған өлкеге қосқан үлестері жайлы естеліктерді меңгеруі тиіс.

2 – модуль

Туризм негіздерімен танысу және карталармен жұмыс істеу



Сабақ формалары мен мазмұны

Сағат саны

Әдебиеттер

Әдіс-тәсілдері

Өнімі

1

Өлкетануда қолданылатын карталардың түрлері

1

Байрақты бай өлкем /354-356 б-р«Қызылжар-2008»

Диалог. Сұрақ-жауап

Аралас сабақ



Конспект

2

Туристік техника негіздері (шатырды орнату, заттарды салу, арқанды (жіпті) байлау

1

Байрақты бай өлкем /354-356 б-р«Қызылжар-2008»




Дәріс, теория, практика

Оқушылар білуге тиіс:

-өлкетануда қолданылатын карталардың түрлері, бағдарлау (бағытты анықтау) негіздері, компас, жергілікті жерде және картада азимутты анықтау, полярлық және маршруттық түсіру тәсілдерімен жергілікті жердің планын жасау технологиялары, шартты белгілер;

-туристік техника негіздері (шатырды орнату, заттарды салу, арқанды (жіпті) байлау, өткелдерден өту тәсілдері, алғашқы медициналық көмек көрсету), картаның көмегімен жергілікті жерде жүру, экскурсия кезіндегі қауіпсіздік ережелері;
3 – модуль.

Туған өлкенің жер бедері



Сабақ формалары мен мазмүны

Сағат саны

Әдіс – тәсілдері

1

Кішкенекөл, Тілеусай өңірлерінің геологиясы, пайдалы қазбалары.


1

Баяндау



Оқушылар білуге тиіс:

- Туған өлкенің жер бедері жэне пайдалы қазбалары. Дүние жүзінің физикалық картасымен таныстыру. Жер бедерінің әр түрлі формалары; тау, қырат, жазықтарды көрсетіп аныктай білуі тиіс.



Күзгі экскурсия №1

- Туған өлке ерекшеліктері және топырағы, күзгі феномен, тау жыныстары коллекцияларын жинау.

- Туған жердің табиғи ерекшеліктері, тау жыныстарының құрамы, экзогенді процестердің әсерінен метамарфоздануы, тау жыныстарына климаттың әсер етуші факторлары.

4 – модуль.

Өлкенің табиғи ресурстары



Сабақ формалары мен мазмүны

Сағат саны

Әдіс – тәсілдері

1

Кішкенекөл, Тілеусай өңірлерінің геологиясы, пайдалы қазбалары.


2

Баяндау

әңгімелеу



Оқушылар білуге тиіс:

туған өлкенің табиғат ресурстарының тізімін құрастыру және олардың экономиканы дамытудағы рөлін анықтау, өлкенің пайдалы қазбаларымен және кен орындарының ашылу тарихымен танысу, рекреациялық ресурстарды саралау;

пайдалы қазбалардың кен орындарымен және оларды өндіру әдістерімен (тәсілдерімен) танысу, пайдалы қазбалардың, тау жыныстарының үлгілерін жинау;

5 – модуль

Жергілікті жердің ауа рай және климаты



Сабақ формалары мен мазмұны

Сағат саны

Әдіс – тэсілдері

1

Туған өлке климатына жалпы сипаттама.

1

Түсіндіру

2

Табиғи-физикалық және апатты құбылыстар

1

Әңгімелеу

3

Ауа райын бақылау.

1

Ауа райын сипаттайтын элементтермен

Оқушылар білуі тиіс:

Ауа райы туралы түсінік.

Өздері түрған жер ауа райының тэуліктік жэне жылдық температурасының ауытқу өзгерісі.

Метеорологиялық бакылау жүргізу жэне олардың маңызы.

«Метеорологиялық құралдар» /термометр, барометрмен танысу/.

Оқушылар мына біліктерді меңгеруі тиіс:

- Ауа райын сипаттайтын элементтер: температура, жел, бұлт, жауын-шашын.

Ауа райын бақылаудың маңызы.

Халық болжамдары.

- Табиғаттың апатты құбылыстары: дауыл, су тасу, бұршақ т.б. апатты құбылыстардан сақтану жолдары.

- Ауа бассейінің ластануы және оны қорғау.



6 – модуль.

Өлкенің сулары және оларды пайдалану





Сабақ формалары мен мазмұны

Сағат саны

Әдіс тәсілдері

1

Жергілікті жердегі өзен, көлдер, тоғандар.

1

Әңгімелеу

2

Су көздері, жер асты сулары, бұлақ, құдық.

1

Ішкі сулар тізімі

3

Тұщы су проблемалары, суды корғау.

1

Картамен жұмыс.

Оқушылар білуі тиіс:

Су. Судың табиғаттағы касиеттері және үш күйі: бу, қатты, сұйык.

Дүниежүзіндегі сулар.

Туған өлке сулары, өзен ағысы, бағыты, су шығыны, шаруашылық маңызы, жер асты грунт суын корғау.

Суды қорғау.

Оқушылар мына біліктерді меңгеруі тиіс:

Өздері тұрған жердегі өзен-көл аттарын;

Қазақстан мен өз облысының, каласының картасынан өзен, көлдерді көрсете білу.

Өзен ағысына жер бедерінің әсері, өзен суларының топырак жамылғысына әсерін түсіну.



7 – модуль

Өлкенің топырағы.



Сабак формалары мен мазмүны

Сағат саны

Әдіс тәсілдері

1

Жергілікті жердің топырақ жамылғысы, жер қоры.

1

Баяндау

2

Топыракты суландыру және қорғау шаралары.

1

Картамен жұмыс

Оқушылар білуге тиіс:

Топырақ түрлері, шаруашылықтағы маңызы.

Топырактың құрамы және оның құнарлығын арттыру үшін істелетін іс-шаралар.

Тыңайтқыштар. Туған өлке топырағы. Топырақты қорғау іс-шаралары.



Оқушылар мына біліктерді меңгеруі тиіс:

Топыракты тау жынысынан ажырата білу.

Ауыл шаруашылығында егіннің өніміне топырақтың құнарлығының әсері.

8 – модуль

Өлкенің өсімдіктері




Сабак формалары мен мазмұны

Сағат саны

Әдіс тәсілдері

1

Туған өлкеге тән өсімдіктер

1

Демонстрациялау

2

Жабайы, мәдени және дәрілік өсімдіктер.

1

Таблица арқылы әңгімелесу

3

Табиғатка экскурсия №2

1

Топ, серуен

Оқушылар білуге тиіс:

Туған өлке өсімдіктерін

Жабайы және мәдени өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктер.

Азайып бара жаткан өсімдіктер

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жергілікті жердегі өсімдіктер. Табиғатты қорғау жұмыстары.

9 – модуль

Өлкенің жануарлар дүниесі




Сабак формалары мен мазмұны

Сағат саны

Әдіс тәсілдері

1

Туған өлкеге тән жануарлар

1

Демонстрациялау

2

Қауіпті және пайдалы жәндіктер

1

Таблица арқылы әңгімелесу

3

Құс үйшіктерін жасау және ілу;


1

Топпен жұмыс

Оқушылар білуге тиіс:

өлке аумағының жануарлар дүниесін анықтау және оқып-білу, жануарлардың топтарын және олардың ғажайып түрлерін анықтау, жануарлар дүниесін қорғау;

өлкенің жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін оқып-білу, қауіпті және пайдалы жәндіктер;

туған өлкенің табиғат мұражайларына саяхат жасау (аң аулау қоғамдарының, орман шаруашылығының жұмысшыларымен кездесулер), құс үйшіктерін жасау және ілу;



10 – модуль

Өлкенің ерекше қорғалатын аумақтары және табиғатты қорғау




Сабак формалары мен мазмұны

Сағат саны

Әдіс тәсілдері

1

Туған өлкенің қорғауды талап ететін өсімдіктері мен жануарларын анықтау және тізімін құрастыру

1

Таблица арқылы

2

Туған өлкенің және оған жақын аумақтардың «Қызылкітаптық», тізімі

1

Таблица арқылы әңгімелесу

3

Ерекше қорғалатын аумақтар және нысандарға (мүмкіндікке байланысты): саяхат


1

Топпен жұмыс

туған өлкенің қорғауды талап ететін өсімдіктері мен жануарларын анықтау және тізімін құрастыру, олар жайлы фотоальбомдар, бейне слайдтар, бейнефильмдер жасау (жұмысты презентациялау);

туған өлкенің және оған жақын аумақтардың «Қызылкітаптық», эндемикалық өсімдіктері мен жануарлары;

ерекше қорғалатын аумақтар және нысандарға (мүмкіндікке байланысты): қорықтарға, қорықшаларға, ұлттық саябақтарға, табиғат ескерткіштеріне, хайуанаттар бағына, ботаникалық бақтарға, дендрарилерге, орман шаруашылықтарына саяхат жасау, олардағы табиғатты қорғау жұмыстарының технологияларымен танысу;

11– модуль.

Туған өлке халқының шаруашылығы



Сабақ формалары мен мазмұны

Сағат саны

Әдіс тәсілдері

1

Жергілікті жердің ауыл, қала, халқының ұлттық құрамы, саны.

1

Әңгімелеу

2

Туған өлке экономикасы, шаруашылығы, өндірістік орындардың ашылу тарихы.

1

Жезді тау-кен мұражайына саяхат

3

Көлік кешені: жол торабы, жүк тасымалы.

1

Картамен жүмыс

4

Өндіріс және кәсіпорындарға топ серуен

1

Топ серуен

Оқушылар білуі тиіс:

Жергілікті жердің; ауылдық, қала халқының құрамы, саны.

Ауылдың ардақты адамдары, еңбек ерлері.

Ел экономикасы, өндіріс және кәсіпорынға қажетті темір жол, автомобиль жол тораптары.

Жүк айналымы, тасымалдау.

Петропавл (Қызылжар) – Кішкенекөл – Тілеусай бағытындағы жол тораптарын тауып, кескінін картаға түсіру.



Оқушылар мына біліктерді меңгеруі тиіс:

Туған өлкеде тұратын халықтардың шаруашылық қызметі.

Жергілікті кәсіпорындарда өндірілетін халық тұтынатын тауарлар.

Жергілікті жердегі мәдениет ошақтарының қызметі.



12 – модуль

Өлкеде өмір сүретін халықтардың тарихы және мәдениеті





Сабақ формалары мен мазмұны

Сағат саны

Әдіс тәсілдері

1

Археологиялық ескерткіштер

1

Баяндау

2

Тарихқа терең үнілсек...

1

Дәріс

3

Мәдениет (салт – дәстүр, әдет – ғұрып,ұлттық тағамдар,

ұлттық қолөнері



1

Дәріс, баяндама

4

Өлкенің белгілі адамдары

1

реферат

Окушылар білуі тиіс:

жақын маңайдағы археологиялық ескерткіштер, ерте замандағы тұрақтардың, елді мекендердің, қалалардың, қорғандардың, қорымдардың сызба-нұсқаларын жасау, әдеби мұра көздерін зерттеу;

өлкенің ең бастапқы игерілуінің тарихи-қоғамдық, экономикалық және табиғи факторлары, аумақтың қоныстану, игерілу және даму үдерісінің қысқаша тарихы;

мәдениет (қазақ және өлке аумағында өмір сүретін басқа да ұлт өкілдерінің шығармашылығы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдары, ұлттық қолөнері);

өлкенің белгілі адамдары, өлкенің, қаланың дамуына үлес қосқан адамдардың өмірбаянымен және еңбегімен танысу;
13 – модуль

Қорытындылау



Сабақ формалары мен мазмұны

Сағат саны

Әдіс тәсілдері

1

Бөлімдер бойынша жинақталған материалдарды ресімдеу, оларға презентация жасау және мектептің өлкетану мұражайына тапсыру.

1

Презентация жасау

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



  1.  Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі. Қазақстан Республикасы тұрғындарының облыстар, қалалар мен аудандар, жынысы мен жас ерекшелігі топтары, этностық бөлігі бойынша 2010 жылдың басындағы саны

  2.  2009 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы

  3. ↑ a b c Уалихановский район // Северо-Казахстанская область. Энциклопедия — Издание 2-е, дополненное. — Алматы, 2006. — Б. 559—560. — 672 б. —1500 таралым. — ISBN 9965-17-306-0.




  1. Байрақты бай өлкем /354-356 б-р«Қызылжар-2008»


Озерный орта мектебі

Келісілді

АӘК меңгерушісі:

С.Д. Сейпилова __________

Бекітемін: Бекітемін: ӘБ отырысында қаралды:

Директор Оқу ісінің меңгерушісі: ӘБ жетекшісі:

Г.К.Омарова О.Х.Каримова С.Б.Курманбаев

__________________ ____________________ Хаттама № ___________

___________________ ____________________ ________________________


«Өлкетану»
Факультатив жоспары

7 – сынып

География пәнінің мұғалімі:

Магнаев Б.Ж.

2015-2016 оқу жылы


Озерный орта мектебі




Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет