«Өлкетану»
факультативтік курсы
7 - сынып
География пәнінің мұғалімі:
Б.Ж.Магнаев
2015-2016 оқу жылы
Уәлиханов ауданым
Сөзі: Ерболат Баятұлынікі
Әні: Тыныштық Шөменұлынікі
Ән – жырың шалқыған,
Үніңнен балқыған.
Аққулар сыр шертер,
Көлінде қалқыған.
Қайырмасы:
Уәлиханов ауданым,
Кең байтақ аумағын.
Әнімен жеткіздім,
Елімнің арманын
Дарынды сен берген,
Айналдым ерлерден.
Жайқалып жазира,
Елінің тербелген.
Сәкендей серіңді,
Ермектей еріңді.
Дүниеге келтірген,
Жырлаймын жеріңді.
Қайырмасы:
Дала жыр дарханым,
Арайлы әр таңың.
Ардақты, аяулы,
Жерісің Арқаның.
Қайырмасы:
Тілеусай ауылының тарихы
Тілеусай – ауылдың тарихи аты. Тарих беттеріне үңілсек, мұнда қыпшақ руы мекен еткен. Оның бастаушысы Тілеу деген адам болған. Ол өзі бай және жан – жағындағыларға әсері мол, билікшіл сол Тілеудің үйіне тоқтаған. Келгендерге құрмет көрсетіп, сыйлаған.
Риза болған қонақтар үй иесіне алғыстарын білдіру үшін оның ұлдарын өздерімен бірге ала кетіп, сот оқуына бермеекші болады. Бірақ Тілеу ұлдарының үйінде ұалуларын сұрайды. Ол өз балаларына қиындық, ұрыс, өктемдік, біреулердің көз жастарын көрсеткісі келмеді. Осы рудың құрметіне халық бұл жерді «Тілеусай» деп атап кеткен екен.
Тың игеру кезінде онда колхоз құрылып, көлдің жағасында болғандықтан «Озерный» аты берілген. Облыс әкімі мен мәслихаттың шешімімен тарихи аты қайта беріліп, қазір «Тілеусай» атанды.
Ауыл шетінде үш батырдың зираты болуы бұл жерде өз бостандықтары үшін туған жерлерін қорғаған батырлардың болғандығын дәлелдейді. Олардың біреуінің аты аты ғана белгілі. Ол - Табылды. Олардың қалмақтарға қарсы соғысқандары белгілі. Отанды қорғау - ер адамның негізгі міндеті. Батырлардың есімдері мәңгілік ұмытылмайды. Осындай ата – бабаларымыз болғандығына мақтанамыз. Тарих тек белгілі адамдардан ғана емес, мыңдаған белгісіздерден де құралады. Олар да өз Отанын ешкімнен кем сүйген жоқ, сол үшін өмірлерін қиды.
Достарыңызбен бөлісу: |