ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шаралар туралы есеп



Дата25.12.2016
өлшемі80,9 Kb.
#4602
ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шаралар туралы есеп
Павлодар қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-де 21 кітапхана, олар осы жылы да өзгеріссіз қалды, оның ішінде: қала шегіне кіретін Ленин кентінің 2 кітапханасы (№ 3 көпшілік кітапхана және № 5 балалар кітапханасы) ауылдық аймақ оқырмандарына қызмет көрсетеді, ал 5 кітапхана (Кенжекөл ауылының көпшілік кітапханасы, Мойылды ауылының көпшілік кітапханасы, Павлодарское ауылының көпшілік және балалар кітапханасы, Жетекші ауылының көпшілік кітапханасы) құжаттар бойынша ауылдық болып есептеледі.

Барлық кітапханалар Мемлекеттік рәміздермен жабдықталған.


1. П. Васильев ат. ОҚК-да вестибюль планшеттеріндегі рәміздер; директор кабинетінде флагштоктегі ту, елтаңба; далаға ғимараттың төбесінде жарығымен орнатылған ту бар, ҚР Үкіметінің 22.11. 2011 күнгі №1371 қаулысына сәйкес көлемді Елтаңбасы бар екі тілдегі кітапхананың атауы жазылған маңдайша орнатылды, барлық мемлекеттік рәміздер мемлекеттік мекемелердегі қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкес келеді.
2. Гайдар ат. ОБК – акрилді панельге көркемделген ҚР мем. рәміздері суреті бар стенд, қызметтік мемлекеттік мекемелерінің заңдарына сәйкес келеді.
3. Басқа кітапханаларда акрилді панельге көркемделген ҚР мем. рәміздері суреттері бар стендтер, қызметтік мемлекеттік мекемелер заңдарының талаптарына сәйкес келеді.
Павлодар қаласы ОКЖ-нің барлық кітапханаларында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған кітап көрмелері мен көрсетілімдер ұйымдастырылды.

П.Васильев ат. ОҚК оқырмандар назарына «Ел рәміздері – ел рухы» көрсетілімі ұсынылды. Онда күні бойы әдебиеттерге шолу жасалды.

№ 4 көпшілік кітапханасында тұрақты оқырмандар үшін «Ұлттық рәміздер – ел мақтанышы» кітап көрмесі ашылып, күні бойы кітапханашылар экспресс-әңгіме өткізді.

№ 8 көпшілік кітапханасында тұрақты оқырмандар үшін «Елімнің рәміздері» көрсетілімі болды.

№ 10 көпшілік кітапханасында тұрақты оқырмандар үшін «Елдің жаңару рәміздері» көрсетілімі болды.

№ 12 көпшілік кітапханасында тұрақты оқырмандар үшін «Елдіктің ерен белгісі – рәміздер» көрсетілімі болды.

Кенжекөл ауылының көпшілік кітапханасында тұрақты оқырмандар үшін «Рәміздер – елдігімнің белгісі» кітап көрмесі ашылды.
Кітаптарды насихаттаудан басқа кітапханашылар іс-шаралар да өткізді. Оның мақсаты: патриотизмді қалыптастыру, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімді бекіту.

4 маусымда Ленин кенті № 3 көпшілік кітапханасының оқу залында № 31орта мектептің жанындағы лагерьде демалушылар үшін «Рәміздер – тәуелсіздік белгісі» патриоттық сағаты өткізілді. Оның мақсаты: отансүйгіштік сезімінің қалыптасуына ықпал ету, рәміздер туралы білімін бекіту.

Кітапхана меңгерушісі Галина Владимировна Цаплина «Три символа на фоне истории» әңгімесінде Қазақстанда мемлекеттік рәміздердің жасалу тарихы, Мемлекеттік Әнұранның, Тудың және Елтаңбаның авторлары туралы, олардың әрқайсысының мәні туралы және әрбір қазақстандықтың өз елінің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуі туралы айтып өтті. Мектеп кітапханашысы Раушан Кенжебекқызы Ысқақова алдыңғы ақпаратты толықтыра отырып, мектеп кітапханасының қорынан алуан түрлі көрнекі құралдарды пайдаланып, «Сен мемлекеттік рәміздерді білесің бе?» атты викторина өткізді. Оқушылар да, тіпті мектепке дейінгі балалар да әнұранды жақсы білетінін көрсетті. Балалар тақырыпқа сәйкес жасалған кітап көрмесіндегі кітаптарды қызыға қарап шықты. Оларға жергілікті «Раушан» дүкені берген тәттілер ұсынылды. Шараға 35 бала қатысты.
№ 10 көпшілік кітапханасының оқу залында № 24 орта мектептің жанындағы «Шаңырақ» демалыс лагеріндегілер үшін «Ел жаңғыруының рәміздері» атты құқықтық респект өткізілді.

Шара ҚР Мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Оны жүргізген кітапханашылар Сұлушаш Айтқалиқызы Қауметова мен Наталья Ивановна Пихлик екі тілде жиналғандарды мерекемен құттықтап, Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасы, Туы мен Әнұраны елдің саяси тәуелсіздігінің және егемендігінің рәміздері екендігін айтып, балалардың назарын ҚР Конституциясының 34-бабына аударды, онда «әрбір азамат Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге және оны құрметтеуге міндетті» деп жазылған. Сондықтан бүгінгі іс-шара – құқықтық респект және ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет. Шараны жүргізушілер Елтаңбаны, Туды және Әнұранды біліп қана қоймай, оның мәнін түсіну керектігін айтты. Соған орай балалардан бұл туралы өз ойын айтып көруді ұсынды. Кітапханашылар ҚР Мемлекеттік Туы туралы айта келіп, бұл сөздің Голландиядан келгендігін және «кеме жалауы» деген мағынаны білдіретіндігін жеткізді. Егер Қазақстан үлкен кеме десек, онда біздің туымыз қандай болуы керек? Балалар дұрыс жауап берді. Бұдан кейін ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы туралы сөз болды. Түсіндірме сөздікте елтаңбаны «мемлекеттің эмблемасы» дейді. Ал балалар оны қалай түсінеді екен? Олардың ойы өте қызықты болды. Үлкен ынтамен әрі қызу түрде шаңырақты, қанатты пырақты, күн сәулесін бейнелейтінін жеткізді. Кітапханашылар Мемлекеттік Әнұран туралы оның грек сөзі және «салтанатты ән» деген мағынаны білдіретінін айтты. Сонымен бірге «Менің Қазақстаным» әніне келесі жылы 60 жыл толатынын және ҚР Әнұраны болып бекітілгеніне 10 жыл толатынын да еске салып өтті. Шара соңында өткен викторина да қызықты әрі әсерлі болды. Барлығы 28 адам қатысты.

4 маусымда Ұлттық әдебиет кітапханасының қызметкерлері оқу залында №5 және № 19 орта мектеп жанындағы жазғы лагерь оқушылары үшін «Ел рәміздері – мақтанышы халқымның» атты танымдық сағат өткізді. Ол ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды.

Шараны жүргізген кітапханашылар А. С. Айтмағамбетова және Р. Ж. Жакиянова Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстыра келіп, олардың авторлары туралы, Ту мен Елтаңбадағы әрбір бейненің мәні туралы балаларға кеңінен әңгімеледі. Әңгіме барысында «Жүрегіме қымбатты – рәміздер» атты слайд қоса көрсетілді. Ибрагим Ескендірдің орындауында «Көк тудың желбірегені» әні жиналған-

дарды бір серпілтіп тастады. Шара соңында «Сен білесің бе?» атты викторина өткізілді. Оның шарты бойынша сұрақтарға жылдам және дұрыс жауап берген бала жеңімпаз атанады. Барлық балалар белсенді қатысты. Оқушыларға сыйлық тапсырылды. Іс-шараға арнайы дайындалған «Елдіктің ерен белгісі – рәміздер» кітап көрмесіне шолу жасалды. Шара екі тілде өткізілді. Қатысушылар саны 77 адам.
4 маусымда № 17 орта мектеп жанындағы жазғы «Раушан» демалыс лагерінің тәрбиешілері мен № 15 көпшілік кітапханасының қызметкерлері бірлесіп «Жүрекке жақын рәміздер» атты әдеби-сазды композиция өткізді. Шарада оқу залының кітапханашысы Бердіхан Қуандық мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен әр рәміздің өзіндік мәнімен оқушыларды таныстырып, тың мәліметтер берді. Оқушылар мемлекеттік рәміздер жайлы өздері білетін мағлұматтармен бөлісті. Қатысып отырған оқушылар мен ұстаздар еліміздің Мемлекеттік әнұранын орындады.

Мерекелік шара «Тұғырың биік болғай, туған елім» атты поэзия бөлімімен жалғастырылып, Әлібекова Меруерт «Елтаңба», Әубакірова Бинур «Көк аспандай көкпеңбек», Мұстафина Әнел «Қазақстан рәміздері - елдігімнің белгісі», Жұмағали Жандос «Жалау» өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқып берді. Бердіхан Қуандық «Кім тапқыр» атты викториналық сұрақ-жауап сайысын оқушылар арасында жүргізді. Шара соңында Мұстафина Әнел «Ертегілер» әнін орындаса, оқушылар «Туған жер» әнін хормен айтып берді. Бұл әдеби- сазды композицияға оқушылар белсене қатысты. «Раушан» тобындағы балалар мен ұстаздар кітапхана ұйымдастырған «Ел рәміздері – мемлекет мақтанышы» атты көрмемен танысты. Қатысушылар естелікке суретке түсті. Барлығы 25 адам қатысты.

4 маусым күні «Мемлекеттік рәміздер – ел абыройы» атты сұрақ-жауап кеші № 17 кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен № 34 орта мектеп жанындағы жазғы лагерьдің 3-4 сынып оқушыларымен өткізілді.

Кітапханашы Д. Кайыржанова мемлекеттік рәміздерге байланысты қызықты ақпарат пен деректер оқыды. Бұл шарадан оқушылар егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті мемлекеттік рәміздеріміз туралы мәліметтер алды. Еліміздің рәміздері – Туды, Елтаңбаны және Әнұранды барынша қастерлеуге баулу мақсатында өткен шарада оқушылар «Елтаңба», «Байрақ» деген аттарымен 2 топқа бөлінді. Шара 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – сұрақ-жауап, екінші кезең – шығармашылық тапсырманы орындау. Сұраққа дұрыс жауап берген топқа жұлдызшалар беріліп отырды. Оқушылар «Көк Тудың желбірегені» атты кітап көрмесімен танысты. Сонымен қатар № 34 орта мектептің оқушылары ақын-жазушыларымыздың еліміздің рәміздері туралы жазған өлеңдерін оқыды. Белсенді қатысып, көп ұпай жинаған топқа кітапхана атынан шағын сыйлықтар ұсынылды. Балалар хормен Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады. Қатысқандар саны-22.


4 маусымда № 40 орта мектептің жанындағы демалыс лагеріндегі балалар Павлодар ауылы көпшілік кітапханасының оқу залына «Тәуелсіздік рәміздері» атты танымдық сағатқа шақырылды. Кітапханада мерекеге арнайы «Тәуелсіз елдің рәміздері» атты кітап көрмесі дайындалды. Шараны жүргізген кітапханашы Гүлнара Тілеуқабылқызы Шокубаева «Рәсімдерді құрметтеу – халыққа деген құрмет» атты әңгімесінде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, мемлекеттік рәміздердің қабылдануы, оларға құрметпен қарау, ондағы бейнелердің мәні, олардың авторлары туралы айтты. Бұдан кейін кітап көрмесіне шолу жасалды, «Туған өлке» атты викторина өткізілді. Белсене қатысқандарға сый-сияпат жасалды. 33 адам қатысты.
Балалар кітапханасыларының
4 маусымда Гайдар атындағы орталық балалар кітапханасының кіші оқу залында № 41 және № 43 орта мектептердің жанындағы лагерьдегілер үшін «Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» атты патриоттық сағаты өткізілді. Бағдарламада: «Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» кітап көрмесіне шолу, рәміздердің мәні туралы әңгіме, ҚР мемлекеттік әнұранын орындау, бөлшектенген әнұран мәтінін құрастыру, кроссворд шешу, осы тақырыптағы ойындар мен жұмбақтар. 55 адам қатысты.
4 маусымда № 21 орта мектептің жанындағы «Смешарики» лагерінде демалушылар үшін № 3 балалар кітапханасы кітапханашы Динара Калиева «Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы» конкурсын өткізді. Ол кіріспе сөзінде геральдика ғылымы туралы айтып, 4 маусым Қазақстан Республикасының рәміздер күні екенін түсіндірді. Балалар Қазақстанның Әнұранын орындады. Конкурсқа ұлдар және қыздар болып екі команда қатысты.

Бірінші айналымда конкурсқа қатысушылар сұрақтарға жауап берді. Ары қарай балалар берілген тапсырма бойынша өз мектептерінің таңбасын қағазға салып, ондағы әр салынған элементтің мағынасын түсіндіріп беру керек еді. Екінші айналымда балалар Қазақстанның ресми және ресми емес рәміздерін айтты. Ол Қазақстанның әр азаматына белгілі: «Астана-Бәйтерек», «Алтын адам», барыс, қазақ оюы, домбыра.13 адамнан құралған қыздар командасы жеңімпаз атанды. Оларға ынталандыру сыйлығы берілді. Шараға 25 бала қатысты.
Орындаған Л.С.Микушина
Каталог: orgs
orgs -> П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел
orgs -> Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел Павлодар
orgs -> Ашы ОҢҒарсынова фариза
orgs -> «Жусан иісті дара талант»
orgs -> П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасы
orgs -> Алаш идеясының жаршысы
orgs -> Жаңа кітаптар Новинки литературы
orgs -> «Павлодар қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мм әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі
orgs -> Новинки литературы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет