Үй тапсырмасы:
Тапсырма: жағдаяттық есептерді шығару
1.Павлодар облысының әкімі өзінің өкімімен өз облысы аумағындағы некеге тұрушылардың жас мөлшерін 16 жасқа дейін қысқарту туралы және ата-анасының қамқорысыз қалған балаларды асырап алу туралы тәртіп көзделген ережені бекітті. Облыс прокуроры бұл шешімдерге наразылық келтірді. Прокурордың келтірген наразылығы заңды ма?
2. 16 жасар Денисова деген азаматша некеден тыс ұл бала туады да, үш апта өткен соң АХАЖ органына баланы тіркеу туралы арызбен жолданады. Денисова 16 жасқа толмаған деген сылтаумен АХАЖ органының қызметкерлері оған ата-анасының жазбаша келісімі керек деп, тіркеуден бас тартады. АХАЖ органы қызметкерлеріне баға беріңіз.
3. 2001 ж. 15 наурызында Алматы қ. Бостандық ауданының АХАЖ бөліміне 1985 ж. туған Михайлова неке жасын азайту туралы өтінішімен барады. Өз өтінішінде Михайлова 2000 ж. қаңтарынан бастап Дубровинмен іс жүзіндегі неке қатынастарында тұратындығын айтты, одан 2001 ж. 10 ақпанында туған қызы бар. Осы уақыт аралығында олармен бірлесіп пәтер, автомобиль және өзге де мүлік алынған. Неке жасын азайтуға қандай себептер орынды болып табылады ма?
4. Арман Әлібек пен Әлия Садықова неке қиғаннан кейін үш жыл өткен соң неке шартын жасасады да, оны нотариусте куәландырады. Онда үй мен автомобильге дербес (дара) меншіктің режимін белгілейді. “Вольво” автомашинасына күйеуінің, ал үйге әйелдің меншік құқығы жазылады. Қалған заттарға ерлі-зайыптылар ортақ меншік құқығын қалдырады. Неке шарты жасалған соң, бір жыл өткеннен кейін өрт өршіп, нәтижесінде үйдің жартысы мен басқа мүліктің кейбір түрлері жойылады. Осыған байланысты күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындайды. Арман өзіне тиесілі автомашинаны сатқанды жөн көреді. Тиген ақша үйді жөндеуге және тұрмыстық техниканы: теледидарды, тоңазытқышты және басқа да мүлік сатып алуға кетеді. Арада біраз уақыт өткен соң олар некені бұзу және бірлесіп жинаған мүлікті бөлу дауларын шешу туралы талап арызбен сотқа жолданады. Мүлікті бөлу қалай жүргізілуі тиіс? Қандай жағдайда осы мүлікті ортақ бірлескен меншікке жатқызуға болады ма?
5. 23-жасар Ахмад Сәдуов пен 20-жасар Анастасия Андреева неке қию өтінішімен АХАЖ бөліміне барады. Олар некенің тіркелуін тездеткісі келді, өйткені Ахмадтың әке-шешесі олардың некесіне қарсы болды. Әке-шешесінің қарсылығы Ахмадтың мұсылман қызына үйленетіндігімен байланысты. Онымен қоса, Ахмадтың ағалары үйленушілерді дәл неке қиылатын күні өлтіруге уәде берді. Ахмадтың ата-анасы мен ағаларының пікірлері ескеріледі ме? ҚР отбасылық заңнамасы бойынша қандай жағдайларда некені бір ай өткенге дейін немесе өтінішті берген күні тіркеуге рұқсат етіледі?
6. Азаматша Бекова А. азамат Көккөзовпен Б. некесін жарамсыз деп тану туралы талап арызымен Алматы қ. сотына барады. Оның айтуынша, Көккөзовтың жанұя құруға ешбір ниеті жоқ, ол тек Бекованың пәтеріне құқық алғысы келді. Бұдан ерлі-зайыптылар арасында бір бірін жақтырмаушылық пайда болады және жауапкер таяу маңда сот арқылы пәтерді бөліп алуға ниет білдірді. Көккөзов неке бұзылу керек деп айтып, талапқа қарсылығын білдіреді. Некені жарамсыз деп тануға негіздер жоқ, өйткені белгілі бір уақыт аралығында олардың арасында ерлі-зайыптылардың қатынастары болды: ол жалақысын үйге әкеліп отырды, әйелін күтіп ұстады, тек соңғы кезде ғана ерлі-зайыптылар арасында келіспеушіліктер пайда болды. Бекованың талабы бойынша сот қандай шешім шығарғаны жөн? Некені жарамсыз деп тану негіздерін атаңыз. Некені жарамсыз деп танудың салдары қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |