Туынды зат есімі бар сөйлемді көрсет
А. Бұлбұлша ән шырқаған Майраға
халық қошемет көрсетті
Ә. Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар
Б. Бүгін қаламгерлер бас қосып, бір
марқайып қалды
В. Отан үшін отқа түс, күймейсің
Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі
А. “Ана тілі” оқу құралы
Ә. “Әлем әдебиеті”
Б. “Оян, қазақ!”
В. “Әдебит танытқыш”
Адамның бет-әлпетін сипаттауға қатысты тіркестер
А. Сүмбіл шаш, қарлығаш қас
Ә. Аққу мойын, ұзын балдақ
Б. Тепсе темір үзу, жауырыны қақпақтай
В. Құс мұрын, қысық көз
Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді тап
А. Ауырғанда жаным көзіме көрініп
барады, бірақ анамды қинағым
келмейді.
Ә. Көмекші жігіт қойларды ерте айдап
әкеліпті, себебі күннің арты бұзылып
келе жатқанын байқайды.
Б. Ернеудің бір айналма тұсында із екі
айырылды: бірі ернеуді бойлап ілгері
кетті, екіншісі төмен қарай түскен.
В. Қожық Көкшетау оязына қарайтын
жерде отырғандықтан, Есенейдің
қолына түспей кетті
Болжалдық сан есімі бар мақал-мәтелді белгіле
А. Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер
жарар
Ә. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді
Б. Мыңнан жүз шақтысын білгенше,
Бірдің атын біл.
В. Екі жүз көзден,
Екі іс артық.
Туынды үстеулер қатарын көрсет
А. Жоғары, төмен, аласа
Ә. Балаша, қыстай, осылай
Б. Әнші, биші, күйші
В. Ілгері, әрмен, мақтадай
“Жеңілтектік, шошақайлық, тұштақайлық” сөздеріне синоним сөз
А. Ұшқалақтық
Ә. Әуесқойлық
Б. Көрсеқызарлық
В. Жуастық
“Жалы бар деп, жабыдан айғыр салма” Жабы дегеніміз не?
А. Жылқыға жабатын киіз
Ә. Ат әбзелдері
Б. Киіз үй жабдығы
В. Қарабайыр тұқым