Қазақ журналистикасының тарихы



Дата11.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#110727
Байланысты:
мақала


Қазақ журналистикасының тарихы

Журналистика – күнделікті өмірдің жаршысы мен жыршысы. Сондықтан болар, журналистика әр кезде өз биігі мен шыңынан көрінеді. Кеңес үкіметі тұсында цензураның мысы қатты болды. Ол кездегі қаламгерлер саясат, экономика жөнінде өткір мақалалар жаза алмады. Сондықтан қаламгерлер өнер мен мәдениет тақырыбын азық еткенді. Ал қазір жағдай мүлде басқаша. Қоғам алмасқанда журналистиканың баяғы деңгейінің артта қалғанына көзіміз жетіп отыр.



Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін біз өз халқымыздың тарихын жартылай бұрмаланған күйі оқып келдік. Оған біздер ешкімді кінәләй алмаймыз. Себебі, заман солай болды. Біржақты идеология мен кеңестік саясат екі қолымызды жіпсіз байлап, өткен-кеткен тарихымызды тереңінен зерттеуге мүмкіндік бермейді. Ал, егер, оған бел буғандар болса, қуғынға ұшырап, жер аударылды. Мысалы, бұл тұрғыда қазақ баспасөзінің тарихын алғаш зерттеушілер Бейсенбай Кенжебаев пен Қалижан Бекхожиндерді атауға болады. 1991 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік алған күндері еліміз үшін қайталанбас ерекше сезім, рухани екпін, халықтың үлкен серпілісін туғызды. Осы сезімнің жетегіне ере отырып, қазақ журналистикасы бірқатар өзгерістер мен жаңашылдыққа аяқ басты.



Кәсіби қазақ журналистикасы XIX ғасырдың II-жартысынан 1870 жылы Түркістан уалаяты газеті жарық көрген күннен басталады. Әуелде осы датаға орай байырғы әріптестеріміз журналситер күнін атап өтетін. 1958 жылы 8 наурызда Қазақ телевизиясы дүниеге келді. Дәл осы күні алғаш рет Алматыдан тікелей хабар таратылды. Оның тұңғыш дикторы – Ләзиза Айманова. Қазақ баспасөзі тарихында әлденеше буынды тәрбиелеп өсірген редакторлардың редакторы атанған тұлғалар жетерлік.



Бүгінде аға буын журналистер Шерағаңның шекпенінен шыққанын, Телағаңның (Темірбек Қожакеев) тепкісін көргендерін мақтанышпен еске алады. 1959 жылы Қазақстан баспасөз құралдары өкілдерінің шығармашылық ұйымы – Қазақстан журналистер одағы құрылды.



Наполеон Бонапарттың: «Журналистер – күңкілдек, сыншы әрі кеңесші. Олар басшыларды да өз ықпалында ұстайды және халыққа да бағыт-бағдар көрсетеді. Мың жау әскерінен гөрі, жат пиғылды төрт газеттен көбірек қорқу керек» деген сөзі әлі де қазіргі уақытта өзекті мәселенің бірі болып тұр. Қазақтың «Сөз бас жарады, бас жармаса тас жарады» мақалымен тұспа-тұс келетін қазіргі журналисттеріміздің ащы шыңдықты халық алдына жеткізуі, бұрмаланып бара жатқан мына заманда адалдықтың ақ жолынан тайсалмай өтуі, сөз жоқ, теңдессіз қасиет деп есептеймін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет