4 зертханалық жұмыс



Дата27.01.2022
өлшемі30,12 Kb.
#129940
Байланысты:
4 зертханалық жұмыс


4 зертханалық жұмыс

1.Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім берудің алғашқы сатысы. Соған сәйкес бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің міндетті мемлекеттік стандарты жетілдірілді. Мемлекеттік стандартта дамыта оқыту ұстанымына сәйкес білімнің теориялық деңгейін көтеру, оқу- әрекетін қалыптастыруда білімнің танымдық , шығармашылық ролін мақсат етіп қояды. Пәндерді оқыту арқылы ұлттық және әлемдік тәлім нәрімен сусындаған, болашақ халық игілігін жасайтын азамат тәрбиелеу. Ал міндеті- оқушылардың танымдық деңгейін кеңейту, шығармашылық және еңбек біліктерін, қабілеттерін дамыту, рухани байлықты дамытуға жағдай жасай, салауатты өмір салтын насихаттау. Соның негізінде ұшқыр ойлы, жаны сұлу, тәні сау, шығармашылықпен ойлай білетін дара тұлғаны тәрбиелеуге ұмытылуымыз қажет. Оқушылардың оқу- танымдық іс- әрекетін, белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденісіне, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу – танымдық іс – әрекеті – күрделі процесс. Ол іс – әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды. Оқу – танымдық іс – әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл- амалдарынан тұрады. Оқу үрдісі оқушылардың оқу- танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу - танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Танымдық белсенділіктің орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүміндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенді танымды іс- әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Оқушылардың танымдық белсенділігі мына үш белгіге тән: ·               Оқу- танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты; ·               Оқу- танымдық әрекеттің интеллектуалдық сипаты; ·               Оқу- танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты. Сондай –ақ, танымдық белсенділігін дамыту тиімділігі мынадай жетекші фактормен анықталады: ·                    Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу; ·                    Оқу үрдісінде мәселелік оқытуды кеңінен енгізу; ·                    Материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету; ·                    Бірте-бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол жеткен табыстарды «нығайтуды» қамтамасыз ету, т.б. [1]. Оқу үрдісі оқушылардың танымдық әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Демек, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру- оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Сабақ беруде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға қойылатын негізгі талаптар: ·      Оқушыларға қойылған оқу міндеттерінің мәні әрқашан түсінікті болуы керек, олар оқытудың мақсатын түсіну керек. Сабақ мәселе қоюмен басталу керек және оқушылардың алдыңғы тәжірибелеріне, олардың білім жүйесіне сүйене отырып жүргізілуі керек. Мұғалім оқушылардың оқытылатын материалға қызығушылығын арттыру үшін барлық тәсілдерді пайдалануы керек. ·      Оқушылардың белсенділігінің маңызды шарты оқыту процесіндегі өзін-өзі бақылау мен өзін- өзі бағалау болып табылады. Сондықтан да оларды осындай қызметке қажеттілік пен дағды қалыптастыру мұғалімнің бірден бір міндеті болып табылады. Өзін- өзі бақылау мен өзін- өзі бағалау қазіргі оқыту технологиясының міндетті элементі болуы қажет. ·      Білімді саналы және белсенді меңгеруде басты рөл жарқын үлгілерді белгісіз оқушының қосымша оқу материалын пайдалануы арқасында көрініс табатын қызығушылыққа беріледі. Саналылық және белсенділік принциптерін жүзеге асыру үшін оқылатын материалдың тек мазмұнына ғана емес, сондай–ақ оқыту процесінің өзіне де қызығушылық қалыптастыру қажет. Оқушыларға тек жаңа ақпарат алу ғана емес, сонымен қатар оқу, оларға таным процесінің өзі де қызық болуы керек. Бұл ережелерді сақтау жалған білім жинақтауды емес, сенімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. [2]. Оқыту үрдісінде оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін- өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуі тиіс. Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғарғы деңгейі танымдық міндеттерді өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше айқындаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Ал орташа деңгей жоғары деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен сипатталады, мұнда мұғалім танымдық тапсырма беріп, оның шешуін бақылауы немесе оқушыға шешу тәсілдері көрсетуі тиіс. Төменгі деңгейде оқушыға белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана танымдық әрекетін ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізіг факторларына оладың өз мүмкіндігін сезінуі, оқушылардың өз таңдауымен жұмыс істеуі, оқу үрдісіне баланың өз әрекетінен қанағаттануы; оларға мұғалім тарапынан қойылатын талап пен қабілеттерінің сәйкес болуы; мұғалімнің өзіндік жұмысты ұйымдастыра алуы, т.б. жатады. Бұл факторлар оқу мотивтерінің өрісін кеңейтіп шығармашылық әрекетіне негіз қалайды. Қабілеттер оқушыға дайын түрде берілмейді, ол оқыту барысыда жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Оқу, білім алу қабілеттерінің деңгейі әр оқушыда әр түрлі болғандықтан, мұғалім танымдық тапсырманы беру кезінде оны ескеруі тиіс. Төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру үшін білімді меңгерудің мынадай мақсаттары керек: ·                 Мақсатты қоя алу (мақсатты түсіндіру); ·                 Мақсатты жүзеге асыра білу (орындалатын бөлігі) ·                 Нәтижені бағалай алу (бақылау, баға). Бүгінгі мектептерде тек қана екінші буын –орындалатын бөлім ғана жүзеге асады. Сондықтан да ол мектеп тәжірибесінде кең таралған, өйткені мұғалім оны оңай қолдана алады. Мақсатты қоя білуге тоқталсақ, онда ол мақсаттың тек қана жекеленген, бөлек, бір-бірімен бірікпеген оқу үрдісінің мұндай түрі оқушылардың өз қызметін бақылап, оған баға беріп, нәтиженің тиімділігін қалыптастырмайды. Басқаша айтқанда, оқушының танымдыққа емес, тіпті оқу үрдісіне деген қызығуының артуы екіталай. Осы көрсетілген үш элементтің жүзеге асырылуы үшін оқу пәні ішкі ой ерешеліктеріне, яғни, ол ойдың даму тарихы мен қалыптасуына, сонымен қатар әр оқу пәні – жалпы білім жүйесінің тек бір ғана бөлігі екенін түсінгенде ғана іске аспақ. Яғни, қазіргі заманғы оқу үрдісінің мазмұнына деген көзқарас оның диалектикалық дамуында ғана қарастырылуы керек. Басқа сөзбен айтқанда, пәндік білім беру жүйесінің негізінде диалектикалық қайшылық, яғни, бір жүйеде нақты пәнді алсақ, білім беру жүйесінің дамуына мүмкіншілік беретін қозғаушы күш деп қарастырылады. Бастауыш сынып оқушыларында ұғынатын түсініктер оның маңызын жаттап алып көптеген жаттығуларды, есептерді орындағаннан емес, оларды түсіну арқылы ғана болады. Танымдық белсенділік барысында логикалық ойлауы дами бастайды. Сонымен, оқушылардың танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:  

1. Білімді өз бетінше алуы және оны түрлі жағдайда қолдана білуі;  

2. Іргелі білімдерге қол жеткізу;  

3. Танымдық тапсырмаларды шешу біліктері;

 4. Өзбетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі;

 5. Тұтас педагогикалық үрдісте мұғалімнің оқуы мен мақсатты өзара әрекеті;  

6. Әрекетке бейімделуі мен өзін- өзі бақылау.

Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім тарапынан ұйымдастырушылық пен дұрыс басшылық және оған оқушылардың өздері белсенділік танытпағы ләзім. Ал оқушылардың жеке басының дамуына белсенді болуы үшін оны қажетсінуі, ізденуі, бағдарлай білуі, зерттеу біліктері болуы қажет. Бұл жерде оқушылардың қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етудің, сол жолда ізденісін, талабын ұштап, білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше.  

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.                Рысбекова А. «Танымдық қабілетті арттыру шрттары », «Қазақстан мектебі» журналы №7-2010ж, 38-39 беттер. 2.                Ильясов С. «Танымдық белсенділікті дамыту - өзекті мәселе», «Қазақстан мектебі» журналы №2-2011 ж, 66-67 беттер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет