Оқу мақсаттары
|
– оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.
|
Бағалау критерийі
|
– білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.
|
Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал
|
– жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат.
|
Балл қою кестесі
|
– тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.
|
Білім алушылар портфолиосы
|
– пән бойынша оқу жылына білім алушының оқу жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын тіркейтін тәсіл.
|