Қалыптастырушы бағалаудың (бағалау критерийлері мен дескрипторларын) ерекшеліктері



Дата08.02.2022
өлшемі3,35 Mb.
#121503
түріСабақ
Байланысты:
7 тапсырма критериал
198

Қалыптастырушы бағалаудың (бағалау критерийлері мен дескрипторларын) ерекшеліктері

Қалыптастырушы бағалау (оқыту үшін бағалау) - мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы. Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді.

    • Қалыптастырушы бағалау (оқыту үшін бағалау) - мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы. Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді.
  • Қалыптастырушы бағалау
  • Тәжірибелік білімін өлшейді
  • Оқуды түзету үшін кері байланыстың қажеттілігі

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

  • 1-тапсырма
  • Сурет бойынша 3 санының құрылу жолын түсіндіріңіз
  • Дескриптор: Білім алушы
  • - 3 санының құрылу жолын түсіндіреді.

2-тапсырма

  • 2-тапсырма
  • Гүлдерді орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен байланыстырыңыз
  • 10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазыңыз:
  • Дескриптор: Білім алушы
  • - гүлдерді өсу ретімен санай отырып, сәйкес санмен
  • байланыстырады;
  • - 10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазады.
  • 3-тапсырма
  • Берілген сандардың құрамын толықтырып жазыңыз.
  • Дескриптор: Білім алушы
  • - 4 санының құрамын анықтайды;
  • - 6 санының құрамын анықтайды;
  • - 5 санының құрамын анықтайды.

Глоссарий

  • Бағалау критерийі – сынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі.
  • Бағалау критерийі –білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме.
  • Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.
  • Тапсырма – оқушының құзіреттілік деңгейін (пәндік, тілдік және т.б.) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай.
  • Кері байланыс – қандай да бір жағдайға немесе әрекетке арналған жауап, пікір.
  • Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.

Глоссарий

  • Критерий – ерекше белгілерді есептеуге арналған бағалау кестесі. Бағалау әр пән критерийлеріне негізделеді.Критерий түсінікті болу қажет.
  • Сипаттама – критерий дескрипторларын сипаттау, ол оқушыларға түсінікті және қолжетімді болуы тиіс.
  • Қорытынды (айқындаушы) бағалау – оқу тоқсаны соңындағы оқушылардың жұмысын бағалау.
  • Біртұтас тәсіл – оқушылардың білімі мен тәртібінің ерекше мағыналылығын көрсететін негізгі тәсілд.
  • Рефлексия жасау – білім тәжірибесін жақсартуға арналған қандай да бір әрекеттің қорытындысы, ақпартты түсінуі.
  • Құзыреттілік белгілері – оқушы үлгісінде көрініс тапқан білім үрдісі нәтижесінде алынған дағдылар.

Глоссарий

  • Юнит (Тарау) –жалпы тақырыпқа сай сабақтар топтамасынан тұратын және жылдық оқу бағдарламасының бөлігі болып табылатын оқу бөлімі. Бір бөлімге қалыптастырушы және қорытынды жқмыстар енеді.
  • Семестр (Тоқсан) – әртүрлі сандық өқрамнан тұратын академиялық күнтізбенің бір бөлімі. Әр тоқсанда пән бойынша кемінде екі қорытынды (айқындаушы) жұмыс орындалу керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет