3. Аудиторлық тәуекелдікті бағалау Мәнділік пен аудиторлық тәуекелдік деңгейі арасында кері өзара байланыс бар. Мәнділік деңгейі жоғары болған сайын, аудиторлық тәуекелдік төмен болады және керісінше. Егер, мысалы, мәнділік деңгейі төмен болса, аудиторлық тәуекелдік өседі және аудитор, бақылау тәуекелдігі деңгейін төмендету мақсатында (бақылау рәсімдерінің жеткіліксіздігі тәуекелі) не қосымша бақылау тестерін жүргізу, не мән бойынша тексеру рәсімін өсіру арқылы бұның орнын толтыра алады.
Аудит тәжірибесінде аудиторлық тәуекелдікті бағалаудың екі негізгі әдісі қолданылады:
Кәсіби әдіс аудиторлар тәжірибе мен клиент бизнесін білу негізінде қаржылық есеп беру немесе шаруашылық операциялар бойынша жалпы аудиторлық тәуекелдікті жоғары, орташа, төмен деп анықтауда болады.
төмен тәуекелдік - ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімді ретінде бағалаған, бірақ аудитор мүмкін қателерді табуға қажетті сәйкес процедураларды жоспарлай отырып, оған толық сенбеген жағдайда болады;
орта тәуекелдік - ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімсіз деп бағалаған кезде болады және аудитор жан-жақты рәсімді жоспарлайды;
жоғары тәуекелдік - клиенттің ішкі бақылау жүйесі жоқ кезде негізінен біртұтас тексеру жоспарланады.
Сандық әдіс аудиторлық тәуекелдік моделі негізінде есеп айырысуды көздейді.
Таба алмау тәуекелдігі төмен болған сайын, тексеру барысында аудиторлық дәлелдердің көп санын алу қажет.
Аудиторлық тәуекелдік моделін зерттеудің ең жалпы тәсілі аудиторлық тәуекелдік компоненттері мен аудиторлық тәуекелдік деңгейі, қажетті аудиторлық дәлелдемелердің саны мен сапасы арасындағы өзара байланысты бақылауда болып табылады. Аудиторлық тәуекелдік моделін қолдану аудитордан осы өзара байланыстар мен аудит жүргізілетін субъектіге тән қасиеттерді ескере отырып, тәуекелдік компоненттерінің әрқайсысының мазмұнын терең түсінуді талап етеді.