1. Аудиторлық тәуекелдік түсінігі
Кез келген қызметте тәуекелдік болады. Аудиторлық тәуекелдік кәсіпорынның қаржылық есеп беруіне қатысты дұрыс емес пікірдің қалыптасуында болып табылады.
Аудиторлық тәуекелділіктің мағынасын былай түсінуге болады: аудитор қаржылық есептілік дұрыс жасалған деген қортындыға келеді, осының негізінде аудиторлық қортындыда пікір – ескертпе айтылмайды, яғни пікірдің шынайлығына күмән келтірмейді, ал шындығына келгенде қаржылық есептіліктің елеулі жақтары болады.
Егер аудитор өзі үшін аудиторлық тәуекелдіктің кіші деңгейін анықтаса, бұл оның қаржылық есеп беруде елеулі қателіктер жоқ деген үлкен сенімділікке ұмтылатындығын көрсетеді. Нольдік тәуекелдік толық сенімділікті, жүз пайыздық тәуекел толық сенімсіздікті білдіреді. Тәуекелдік дәрежесі нольмен бірлік (0-ден 100%-ға дейін) арасындағы диапазонда ауытқуы мүмкін. Қаржылық есеп беру дәлділігінің толық кепілдігі (нольдік тәуекел) экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан аудитор қателер мен қателіктер абсолютті түрде жоқ деген кепілдеме бере алмайды.
400 "Тәуекелдікті бағалау және ішкі бақылау" ХАС-ында тәуекелдікке анықтама берілген. "Аудиторлық тәуекелдік - қаржылық есеп беру елеулі бұрмаланған жағдайда, аудитор сәйкес келмейтін аудиторлық қорытынды береді дегенді білдіреді".
2. Аудиторлық тәуекелдіктің компонентері және олардың өзара байланысы
Аудиторлық тәуекелдіктің үш компоненті бар.
Аудиторлық тәуекелдік
Таба алмау тәуекелдігі, аудиторлық тексеру кезінде есептегі бұрмалауларды таба алмау
Бақылау тәуекелдігі, есептің бұрмалануы, оны ішкі бақылау жүйесінің таба алмауы
Ажыратылмайтын тәуекел (шаруашылық тәуекел). Ішкі бақылаудың жоқтығынан есептегі бұрмалаулар
Достарыңызбен бөлісу: |