Тақырып 4. Этнопсихологиядағы және этнопедагогикадағы эксперименттік зерттеулер.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Географиялық және әлеуметтік детерминизм: ежелгі ғалымдардың көзқарастары.
М. Лазарус пен Х. Штайнталь шығармаларындағы «ұлттық рух».
«Халықтар психологиясы» В.Вундт.
Қазақстандағы заманауи этномәдени зерттеулер.
Тапсырма:
«Кәсіби оқыту жағдайында өзін-өзі бағалаудың өзгерістерінің этномәдени ерекшеліктері» тақырыбында зерттеу жоспарын құрыңыз.
Зерттеу жоспары
Терең теориялық білімді , білікті , ұлттық игіліктерді , адамзаттық құндылықтардың теориялық және практикалық бірізілігін қамтамасыз ету
Әдістемелік және оқу құралдары мен әдебиет тізімін құрастыру
Этномәдени білімнің қажеттілігін арттыру ;
Этнос тұрғыдан этнопсихология- этнопедагогиканы зерттеген мамандарды даярлау
Этномәдени білім мен тәрбиенің актуальдылығын арттыру
Кәсіби оқу-материалдық базасын жасау,әдістемелік құралдар шығару; этномәдени білім беру мен тәрбиенің ұлттық жүйесін жасап , насихаттау,
2.Америка этнологиясындағы этнопсихологиялық бағыт (презентация)
Ресейдегі және Қазақстанда этнопсихологиялық идеялардың дамуы мен қалыптасуы (баяндама)
Баяндама
Ресейдегі және Қазақстанда этнопсихологиялық идеялардың дамуы мен қалыптасуы
Қазақ топырағында этнопсихология мәселелері Шоқан Уалиханов еңбектерінен бастау алады. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің тарихы Иоллыг – тегін ( Орхан-Енисей ежелгі түркі жазба ескеткіші), Қорқыт-ата, әл- Фараби, Асан- Қайғы, Қадырғали, Жалайри; Бұқар жырау, Дулат, Махамбет, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыров, Шәкәрім, Жүсіпбектерден тұратын рухани аса бай құнарлы орта – аталмыш ғылымның бірден қанат жайып, өркендеуіне ізгі әсерін тигізді. Шығыс республикаларының ішінде педагогикалық басылымдардың («Мұғалім»-1919, «Жаңа мектеп»-1925.) бірінші болып қазақ жерінде жарық көруі, Ғ.Қарашев, М.Ж.Көпеев сияқты зиялыларымыздың психология саласына сол кездердің өзінде–ақ қалам тартуы – осы айтылғандардың жақсы айғағы.
Қазақстанда психология ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдары елеулі қарқынмен дами бастады. Оған бірнеше сәтті жағдайлар себеп болды. 1946 жылы орта мектептерде логика мен психология оқытыла бастады. Осы кездері қазақ университетінде логика мен психология пәні мұғалімдерін дайындайтын бөлім ашылды.
Соғыстан кейінгі жылдарда психология саласында ұлттық кадрларды даярлауда академик Төлеген Тәжібаевтің (1910-1964) еңбегі айтарлықтай еді. Осы ғалымның жетекшілігімен елуінші жылдары Е.Суфиев, М.Мұқанов, Т.Темірбековтар диссертация қорғады.
Республикада алғаш рет диссертация қорғаған – Е.Суфиев болды. Ол 1952 жылы Қазақ университетінің кеңесінде «Қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы» деген тақырыпта диссертация қорғады. Мұнда автор қазақ оқушыларының орыс тілін меңгеруін, шәкірттердің ауызекі сөйлеуінің даму ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдайды. Автор оқушылардың ұғынуына қиындық келтіретін орыс тіліндегі кейбір атауларына тоқталып, мұның табиғи-ғылыми жағынан И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы іліміне негіздей түсіндіріледі, оқушылардың кейбір психикалық функцияларын ( қабылдау, зейін, ойлау және т.б.) дамыту, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныс – кеңестер береді.
М.Мұқанов « Совет жауынгерлерінің ерлік істерінің психологиялық ерекшеліктері» (1953) атты диссертациясында көптеген жергілікті әскери – архивтік материалдарға сүйеніп, Ұлы Отан соғысында қазақстандықтар көрсеткен ерлік істеріне психологиялық талдау жасады. 50-60 жылдары республика тақырыбына арналған басқа да ондаған зерттеу жұмыстары психологияның түрлі салалары бойынша (жалпы, жас, педагогикалық, заң-сот, этникалық, спорт және т.б.) жүргізілді. Ұлттық тілде біраз еңбектер жарық көрді.
Н. Елікбаевтың «Ұлттық психология» еңбегіндегі пікірінше, ұлттық психологияның құрылымдық элементтерінің бірі ұлттық мінез-құлық болып саналады. Ұлттық мінез-құлық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп қалған биологиялық психикалық құбылыс емес, географиялық ортаның жемісі немесе нәсілдік белгісімен байланысты ұлттық субстанцияның туындысына да жатпайды. Негізгі шындықты ұлт өмірінің өзінен, оны қоршаған табиғи өзгешеліктен қарастыру шарт. Ұлттық мінез-құлықты халықтардың өзі жасаған тарихтағы материалдық және рухани тіршілігінің бейнеленген көрінісі деп түсінеміз. Тарихи жағдай мен географиялық орта мәңгілік нәрсе емес, сондықтан ұлттық мінез-құлық та белгілі өзгерістерге ұшырап отырады. Ұлттардың мінез-құлқы олардың тарихи даму нәтижесі.
Халықтардың мінез-құлқының белгілері: еңбекті сүю, бостандықты аңсау, қайырымдылық, қонақжайлылық, селқостық, қаталдық, ерлік т.б. қасиеттер барлық ұлттарда болатыны белгілі. Әрбір ұлттың өзіндік өмір ерекшелігіне сәйкес түрлі формада, көріністе анықталып отырады [1, 11 б.].
Ұлттық мінез-құлық тарихи жағдайлардың, объективті процестердің себептерінен әрі тәрбиенің ықпалымен қалыптасады.
Сонымен, ұлттық мінез – құлық дегеніміз халықтың қоғамдық - өндірістік тәжірибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан машығы мен әдетінің жиынтығы, әрі жалпы (барлық халыққа тән) және ерекше қасиеттердің бірлігі деп ұғамыз. Еліміздегі ұлттардың мінез-құлқын, мәдениет пен тұрмыстан, әдет – ғұрыптар мен дәстүрлерден байқай аламыз [1, 13 б.].
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, бүгінгі полиэтникалық Қазақстанда этностардың даму динамикасын, ұлттық ерекшеліктерді зерттеу өте өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі кезге дейін қарастырылып келе жатқан этнопсихологиялық тұжырымдамалардың барлығы дерлік жеке сипатқа ие.
Л.Н.Гумелев этногенез теориясында «этнос», «этностың» дамуы, оның толығымен жоғалуы мәселелерін қарастырды. Теориясының негізі ретінде этностың табиғи-биологиялық сипатын алып, белгілі бір ұлттың қалыптасып, өсіп-өркендеуіне әсер ететін факторына географиялық және климаттық жағдайларды шарттады. Оның пікірінше, биосфераның негізгі бөлігі бола отырып, этностар ондағы болатын процестерге араласып, оның заңдылықтарына бағынуы керек.
Этнопсихологиялық зерттеулердің бүгінгі күнгі жетістіктері сол салада ғылыми жүмыстар жүргізген ғалымдар еңбегімен байланысты. Этнопсихологиялық ойлар ерте антикалық кезеңнен бастау алып, қазіргі кезге дейін зертеу өзектілігене ие тақырыптардың бірі. Этнопсихологияның дербес ғылым ретінде дамып, жетілуіне үлес қосқандар: Гиппократ, Платон, Тацит, Плиния, Страбон, Ш.Монтескье, Д.Юм, Г.Гегель, Х.Штейнталь, М.Лацарус, В.Вунд, Г.Лебон, Дж.Хониман және т.б.
Этнопсихология жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. Қазақ топырағында этнопсихология мәселелері Шоқан Уалиханов еңбектерінен бастау алады. Қазіргі тәуелсіз елімізде қазақ ұлтының өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты зерттеумен көптеген ғалымдар айналысуда. Олардың ішінде: Қ.Жарықбаев, С.Жақыпов, С.Бердібаева, Н.Елікбаев және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |