Заманауи оқытуда 7 модулді ықпалдастыру Калиева Ажар Қуандыққызы



Дата18.03.2017
өлшемі94,8 Kb.

Заманауи оқытуда 7 модулді ықпалдастыру

Калиева Ажар Қуандыққызы




ІІ деңгейлі серттификатталған,

Физика пәнінің мұғалімі,

бірлестік жетекшісі, 1 санатты

Жамбыл орта мектебі.Науырзым ауданы.


«Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» Ж.Аймауытов

Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде білім беру мәселесін, әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген.Осы орайда әрбір мұғалім озық технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы керек.



Ал мен физика пәнінің мұғалімі ретінде ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени құзіретті жеке тұлға қалыптастыруда оқытудағы жаңа тәсіл 7 модулді өз сабақтарымда пайдаланып жүрмін. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. «Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», -деп А.Сухомлинский айтқандай, 2 деңгейлік курсты аяқтағаннан кейін осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәндеріме тиімдісі, оқушылардың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп толғандырды. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды. Әр мұғалім өз сабағының – көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Жалпы менің оқытудағы өз міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Сондықтан сабақта оқушылардан жиі тақырып бойынша жеке, жұптық, топтық жұмыс яғни пирамидалық тәсіл түрлерін алып отырамын. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді.
ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады. Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырмаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.
1.Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.
2.Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.
3.Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек
4.Өздербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
5.Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.
Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі. Мектептегі өзге әріптестерімді «Оқытудың кембридждік тәсіліне негізделген 7 модуль мәнмәтінінде ІІ деңгей курсының бағдарламасымен» таныстыру және оның элементтерін сабақ беру процестерінде қолдануларына ықпал етудемін. Мұғалімдер ұсынылған 7 модуль ішінен өздерінің қажеттіліктеріне қарай модульді таңдап алған соң, өтетін коучинг- сессияларымды жоспарладым. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады. Менің міндетім – коуч болып үйренгенімді әріптестерімнің үйренуіне бағыт- бағдар бере отырып, жасаған жұмысымды қалай іске асатындығын бақылау үшін коучтің өзінде мынадай қасиеттер болу керек екен – өзіне деген мықты сенім, биік идеялық талпыныс, кәсіби шеберлік болуы керек. Адам тағдырына немқұрайлы қарамау керек. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасу үшін мұғалімнің қателесуіне жол жоқ. Мұғалім білім беріп, ұрпақ тәрбилеуде негізгі тұлға, олай болса оқушыға берілетін білімді нәтижелі, жүйелі түрде жеткізіп қателеспей оқыту міндетін, парызың. Оқыту үшін оқытудың жаңа технологияларын орынды пайдалана білуі қажет.Коучинг сабағымда да психологиялық ахуал туғызғаным мұғалімдердің көңіл күйлерін көтеріп тастады. Жақсы көңіл күй адамның табысты жұмыс жасауына оң әсерін тигізеді. Жағымды көтеріңкі көңіл-күймен мұғалімдер сабақ барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, тапсырмаларды белсенділікпен орындап, бір-бірімен пікірталастыра отырып пікір алмасты. Мұғалімдер коучингкте көрген әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында пайдаланып жүр. Топпен жұмыс жасағанда сабақ өкізуде түрлендіріп, топты күнделікті сабақта алмастырып, сабақта екі рет топпен жұмыс болуын, оқушылардың түгел қамтылуын, сабақтан тыс қалмауын қадағалау. Оқушы нені ойлау керектігін ұғынуын, топтық жұмысты ұйымдастырғанда, олардың бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау. Оқытуды жақсартуда оқыту үшін бағалауды тиімді ұйымдастыру сыни тұрғыда дамытуға болатын әдіс-тәсілдердің алуан түрлі болатынын әріптестерім тани түсті. Оқушылардың өзін – өзі дамытуы үшін істелетін әрекеттермен танысты. Мұғалім әрбір оқушының өз мүмкіндігін пайдалана алуына тікелей ықпал етуі қажет.
Заманауи оқытудың негізі 7 модулі бойынша жоғары сынып болғандықтан барлық  пәндерге қолдану ыңғайлы. Әрине сабақ мақсаты коучингтегідей жаңа әдіс-тәсілдерді үйрету емес, жаңа білімді, ақпаратты баланың өзіне игерту. Сондықтан жаңа білімді өз бетімен алуға дағдыландыру үшін 7 модульдің элементтерін толық қолдануға тырыстым. Оларды сыни тұрғыда ойлануға, бірін-бірі, өзін-өзі бағалауға, АКТ мүмкіндіктерін қолдануға, дарынды балалардың қабілеттерін ашуға, топпен жұмыс жасауға, диалогке түсу кезінде жауапкершілік сезімін қалыптастыруға дағдыландырдым.
Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Жаңашыл ұстаз ғана заман ағымына ілесе алады. Жақсы ұстаз ғана оқыта алады.Оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдерді сабақтарда тиімді пайдаланып топтық жұмыс жасап , диолог, АКТ, СТО орынды қолданып бағалаудың түрлерін пайдалана отырып әріптестеріммен кәсіби тұрғыда пікір алмасып отырамын. 
Қазіргі заманғы мұғалімнің басты мақсаты- оқушыны терең білім алу мен сапалы ойлауды дамытуға жетелеу болып есептеледі. Бірлескен топ жұмысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-бірімен тәжірибеалмасып, алынған ақпаратты топ болып түсініп, талдап, синтездейді, салыстырып болжамдар жасай отырып, ортақ шешімге келеді. Оқыту мен оқудың жаңаша әдіс-тәсілдерін ойдағыдай меңгерген мұғалім шәкіртін білім алуға қызықтыра алады және жеке іздеуге дағдыландырады. Нәтижесінде оқушы еркін, өзіндік дәлелдемелерін анық жеткізе білетін сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары дамыған болып қалыптасады. Топтық жұмыс арқылы ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін топ ішінде талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау екені мәлім. Мұғалімдерда сабақтарында әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда, сабақтың маңызды екендігін, бұл әдіс-тәсілдер әріптестерімді қызықтырғандығын анықтадым.

 

Мерсер мен Литлтонның (2007) еңбектерінде көрсетуінше диалог сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 12 бет). Жалпы айтқанда диалогтік оқыту – оқыту процесін тиімді етудің бір әдісі. Өйткені, диалогтік оқыту балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда орны ерекше. Сабақтарда оқушыларға сұрақ қойғанда, оқушының ойына түрткі болатындай сұрақтарда болды. Сабақты жоспарлауда берілген тапсырмалар топтық жұмысты қамтуға көбірек пайдалануға тырыстым және оның тиімділігіне тәжірибе жүргізуде айқындалды. Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы жаңа болмыстық мазмұнда өзгеріп, мұғалім – ұйымдастырушы, бағыттаушы, оқушы – ізденуші, белсенді болуы керек. Оқушының өз бетімен білім алуының бір түрі – шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы білім алу. Әдебиеттік оқу, дүниетану пәндерінде оқушыларға өз бетімен жұмыстар орнату арқылы шығармашылықпен білім алуға қол жеткізуге болады. Өзіндік жұмыстарда :


-Оқушының пәнге деген қызығуы артады;
-Оқушының шығармашылық қабілетідамиды;
-Ізденушілік қабілеті артады;
-жауапкершілігі жоғарлайды;
-Ақпаратты бағдарлау біліктілігі қалыптасады; 
-Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артады.
Топтық жұмыстарда әр топ басшылары өз топ мүшелеріне міндеттерін белгілетіп, қабілеті төмен оқушының көшбасшы оқушыға ұмтылғандығы, ілескісі келетіндігін байқадым. Осындай тапсырмалар оқушының қызығушылығын, белсенділігін арттыратыны сөзсіз. Оқушылардың сабақты талқылағаннан байқағаным, топ басшысы оқушыларға атқаратын міндеттерін бөліп, әр оқушының не нәрсеге жауапты екенін белгілеп отырды. Оқушылар өзара бір-бірімен келісіп әр топтың жұмысына түрлі бағалаулар беріп отырды. Постермен жұмыс жасағанда оқушылардың шығармашылығы артқанын аңғардым, алғашқыда бұл жұмысты білмейтін болатын, кейін бұл әдіс оқушыларға ұнағандарын айтты. Дәстүрлі сабақта, үндемей отырған оқушы, өзіне берілген жауапкершілікті сезінді. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы, балалардың көп ізденетініне көзім жетті. Рөлдік ойын арқылы оқушылардың сыни ойлайтынын байқадым, өйткені сыни ойлайтын оқушы жағдаятты сұрақты шеше алады. Осындай рөлдік ойындар арқылы оқушының қызығушылығы артады, өзіне сенімі молаяды, сол жағдаяттан шешу жолын таба алады. Ұлы неміс педагогы А.Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» дегені мәлім. Сондықтанда ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Мұғалім бұл жағдайларда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болатындықтан, оқушының шығармашылығын арттырады.
Осындай сабақтардан кейін ой түйгенім
- Оқушылар топтық жұмыстар жасай отырып, бірі-білмегенді екіншісінен үйреніп, жақын арадағы даму аймағы жүрді
- Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды, емес құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
-Оқу оқушылардың әнгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығукезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық)

Осы курста оқыған әдіс-тәсілдерімді сабақта қолдана отырып, мынадай тұжырымғакелдім.


1) Оқушылар топтық жұмыстар жасай отырып, бірі-білмегенді екіншісінен үйреніп, жақын арадағы даму аймағы жүрді
2) Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды емес құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3) Оқу оқушылардың әнгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. (Мұғалімге арналған нұсқаулық)
3)Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы (Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері) келісілген нәтижеге қол жеткізу үшін күш жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай білімді бірлесіп алу немесе пікір алмасу барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық) 103б тұжырым расталды.
4) Оқыту дара тұлғаға бағытталу қажеттігіне қол жеткіздім
Топтық жұмысты барлық пәндерді оқытуда қолдануға болады.
Оқушылардың өз ойларын еркін айтуға, бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасуға мүмкіндік береді.
Топтық жұмыс арқылы оқушыларды диалогқа түсіру үшін мұғалім ашық және жабық сұрақтар ретін оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабылдау деңгейін ескеру қажет.
Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыс жасағанда диалогқа түскені жөн. Себебі қабілеті әртүрлі оқушылар, бір- бірімен жұмыс жасағанда, әрқайсысы өз пікірлерін айтады, яғни жауапкершілікті сезінеді. Топтық жұмыста оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалау, немесе топаралық бағалау жүзеге асады. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың белсенділігі, шығармашылығы артады.Топтық жұмысты жүзеге асыру, оқушылардың сыни ойлауын дамытуға,мүмкіндік беретініне сенімдімін. Себебі оқушыға сыни ойлауын жүзеге асыратындай тапсырма бергенде ғана, оқушы ойланады. Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің , ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алған ақпаратты ойлауға, бағалауға , талдауға және синтездеуге , өмірде қолдана білуге бағытталған пәндік шешім . Балаларды диалог пен дәйектер , талқылауға тарту белсенді жүргізілетін жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зиятты жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық) 
Сыныпта мұғалім оқушылармен интерактивті тілдесу арқылы тиімді әңгіме үлгісін жасай алатын, оқыту үшін зерттеуге және өзара ынтымақтастыққа ықпал ететін жағдай жасауға міндетті.Әрбір күні жаңалыққа толы әлемде жалпы мектептер үшін ең басты, маңыздысы «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды қалай дайындау керек?» екендігі үлкен мәселе болып отыр. Осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының басты бағыты» атты халыққа арнаған Жолдауында педагогтардың сапасы мен біліктілігін көтеру мәселесінің маңызы зор екендігін атап өтті.Егеменді елдің нұрлы болашағын әлемдік білім деңгейіне жетелер жеті модуль идеясының негізі оқытудың сындарлы теориясымен оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалім өз сабақтарында өзіндік көзқарасы бар оқушының сыни ойлауы мен білім – біліктілігіне  ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруына жол ашады. Өйткені, бұл міндеттер біріншіден, оқушының  жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі болса, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынастың нәтижесі ретіндегі  көрінісі қарастырылған. Себебі, қазіргі заман талабына сай мұғалімнің құзыреттілігін  жетілдіруде ерекше роль атқаратын жеті модульді кіріктіріп, оқушының сыни ойлауына жол ашатын сабақ өткізу – жаңа тұрпатты мұғалімнің міндеті.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу