Жоспар:
Кіріспе.
|
3
|
1. Компьютерлік оқыту технологиясының оқушыларға маңыздылығы.
|
7
|
1.1 Компьютерлік технологияны оқыту процесінде қолдану ерекшеліктері.
|
10
|
2. қазақ тілі мәтіндерін компьютермен оқыту әдістемесінің әлеуметтік мәні.
|
16
|
2.1 Мәтінді компьютермен оқыту әдістемесінің психофизиологиялық.
|
17
|
2.2 Мәтінді компьютермен оқыту әдістемесін дидактикалық негіздері.
|
18
|
2.3 Қазақ тілі мәтіндерін оқытатын компьютерлік бағдарламаның мазмұны.
|
20
|
Кіріспе.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мектептерде мүмкіндігінше толық компьютерлендіру міндетін білім беру саласының басты мақсатының бірі деп көрсетті. Бұл мәселе елбасының 2006 жылдың наурыз айындағы қазақстандықтарға арналған Жолдауында білім беру саласының болашағы үшін маңызды фактор ретінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасындағы оқу мен тәрбие жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының болашақ қарқыны мен қадамдары іздеумен және компьютерлік жүйені оқу-тәрбие үрдісіне енгізумен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңа технологияларымен қамтамасыз етілуі міндеттелген.
Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алғаннан бері мектептер аудиторияларда оқыту мәселелері терең зерттеліп, көптеген әдістемелік жаңалықтар оқыту үрдісіне енгізілді. Қазақстан Республикасының қоғамдық-әлеуметтік дамуы мен қазіргі уақыт сұранысына орай компьютерлік оқыту технолгиясының алатын орны күн өткен сайын зор.
Компьтердің кең мүмкіншіліктерінің бірі – интернет жүйесі. Мектептегі оқу пәндерін оқытуды сапалы дәрежеге көтеруге ықпал ететін интернеттегі программалардың қоры оқыту үрдісіне жаңа мүмкіндіктер жасайды. Осымен бірге оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудағы компьютерлік оқыту технолгиясының маңыздылығы күн өткен сайын анық аңғарылуда. Қазіргі заманда ақпараттың көптігі мен жету жылдамдығы, осы мәселенің психологиялық ерекшелігі де мектеп қабырғасында, сабақта компьютерлік технологияны меңгерудің маңызы мен қажеттілігін дәлелдейді. Қазақ тілін мектепте оқытуда қатысымдық (коммуникативтік) бағытты ұстану басты мәселе болып табылады. Қатысымдық тұрғыдан ұйымдастырылған қазақ тілін оқыту үрдісінің тиімді болуы осы зерттеу жұмысында қатысымдық тұлға – мәтінді компьютер арқылы оқытумен тығыз байланысты. Өйткені компьютердің мультимедиалық мүмкіншіліктері оқушының тілін дамытуды жан-жақты басшылық жасай алады. Қазақстандық білім беру жүйесінде барлық пәндер бойынша электрондық құралдар жасалып жатқаны белгілі. Дегенмен практикадағы қолданыс барысы әлі мардымсыз екендігін республикалық басылымдардан да, мектептердегі қазақ тілін оқыту тәжірибесінен де көп байқауға болады. Зерттеу жұмысының өзектілігі осы айтылғандармен байланысты айқындалады.
Зерттеу нысаны – мектепте қазақ тілі мәтіндерін компьютермен оқыту әдістемесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты – қазақ тілінде еркін сөйлеу мүмкіндігін арттыру үшін қатысымдық құзыреттілігі мен қазақша сөйлеу біліктілігін жетілдіріп, қазақ тіліндегі мәтіндерді компьютермен оқытудың ұтымды әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысынын міндеттері:
- қазақ тілі мәтіндерін компьютер арқылы меңгерту әдістемесінің әлеуметтік- философиялық, дидактикалық, психофизиологиялық, әдістемелік заңдылықтарын анықтау;
- қазақ тілін оқыту үрдісін компьютерлік технология арқылы жаңашаландыру;
- қазақ тілін жеделдете оқытудағы компъютердің мүмкіншіліктерін анықтау;
- оқушылардың даму деңгейіне сәйкес мәтіндер жүйесін дидактикалық тұрғыдан іріктеп, олардың мазмұнындағы дидактикалық, тәрбиелік, елтанымдық, дүниетанымдық білім ерекшеліктерін меңгерту әдістерін жүйелеу;
- қазақ тілі мәтіндерін компьютермен оқыту әдістемесінің тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының болжамы. Компьютерлік оқыту технологиясына бейімделген арнайы мәтіндерді окытуға арналған әдістеме қазақ тілін жете меңгеруге игі ықпал етеді. Мәтіндерді компьютер арқылы оқытумен байланыстыру қазақ тілін оқыту үрдісін компьютерлендіру міндетіне сай жана инновациялық әдістемелік жүйе ұсынуға мүмкіндік береді.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу жұмысында анализ, синтез, салыстыру, салғастыру, бақылау, сұрау әдістері қолданылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
- қазақ тілін оқыту әдістемесінде "Адам-машина" жүйесінің білім беру саласындағы ерекшеліктерін терең тану мақсатында алғаш рет әлеуметтік-философиялық, психологиялық және физиологиялық өзгерістерді компьютерді қолданумен байланыстырған психофизиологиялық факторлар анықталды;
- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай елтанымдық, дүниетанымдық, білімдік мақсатқа сай мәтіндер жүйесі іріктеліп, лексикалық және грамматикалық жаттығулар жүйесі жасалынды;
- қазақ тілі мәтіндерін компьютермен оқытуға арналған арнайы электрондық оқу құралы арқылы сабақ жоспары ұсынылды.
Зерттеудің теориялық маңызы.
Қазақ тілін оқыту үрдісін компьютерлендіру бағдарында анықталған әлеуметтік-философиялық, дидактикалық жене психофизиологиялық негіздер қазақ тілін оқыту теориясын жаңа ұғымдармен байытады. Мәтіннің табиғатын лингвистикалық тұрғыдан талдау мәтін теориясын меңгеруге игі ықпал етеді. Мәтінмен лексикалық және грамматикалық тұрғыдан жасалған жұмыс жүйесі әдістеме ілімінің ғылыми-теориялық негізін түсінуге септігін тигізеді.Қазақ тілін оқытудың жаңа инновациялық жүйесін енгізу интерактив әдістерді мол және тиімді қолданудың компьютерлік мүмккіншіліктерін молайтады.
Зерттеудің практикалық манызы.
Мектепте қазақ тілін оқытуды компьютерлендіру жолдары мен оларды ұйымдастыру амалдары қазақ тілі сабағының сапасын арттырады.
Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді нысаны деп танылған мәтін және оны оқытуда компьютерді қолдану әдістемесі мектепте ғана емес арнаулы, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді терең үйренуге мүмкіндік береді. Комиьютерді қолдану барысында окушының өз бетімен білім алу дағдыларын жетілдіру басты мақсат болғандықтан, "субъект -объект" жүйесінің өз-өзінен ығысып, "субъект -субъект" жүйесіне көшудің оңтайлы жолы тәжірибелік курстарды өткізуге пайдалы. Мәтін бойынша жасалатын жұмыс түрлері лексикалық, грамматикалык, сөздік, тест арқылы топтастырылып, әдістемелік кешен түрінде ұсынылуы оқытушыға сабаққа қажет мәселені тандап алуға жағдай жасайды. Зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелерін мұғалімдер оқу-әдістемелік құрал ретінде, мектеп оқушылары қазақ тілін мемлекетгік тіл ретінде оқып-үйренетін компьютерлік диск (СВ) түрінде дербес компьютер құралы ретінде, жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту әдістемесі курсы бойынша студентгерге арнайы курс ретінде қолдана алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Компьютерлік оқыту технологиясының оқушыларға маңыздылығы.
Компьютерлік технология - оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құралдарын анықтайтын технологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып табылады.
Соңғы жылдары қазақ тілін оқытуда және білім беруді компьютерлендіруде ақпараттық технология пайдалану туралы мәселеге баса назар аударылуда. "Қазіргі ақпараттық құралдар - бұл тек спутниктік және кабельдік телевидение, бейне және дыбыстық жүйелер, электрондық ойындар емес, сонымен бірге тілді окытудың жаңа жүйесі, ерекшелігі және тәсілін атқаратын негізгі бағаты болып табылады (И.Г.Гальперин).
Осы мақсатты іске асыру барысында, яғни мемлекеттік тілді оқытуда мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушылары пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында дәстүрден тыс әдістер мен тәсілдерді іздеуде. Өйткені қызығушылық дегеніміз - үйренушілердің шығармашылық және ойлау қабілетін арттыруға септігін тигізетін ынта-лылық.
Оқытушылық қызметте накты әдістемелік нысандарда, сонымен қатар психологиялық міндеттерде осы әдістердің ерекшеліктеріне сүйенеміз.
Олар:
• оқушылардың жеке басының есте сақтау қорлары мен интеллектуалдық белсенділігін дамыту;
• психологиялық кедергілерді меңгеру;
• практикалық сабақ кезінде оқытушы мен курсанттардың белсенділігі мен оқыту әдісін бекіту;
Бұл үдеріс - коммуникативтік оқыту кезінде жақсы нәтижелерге қол жеткізеді және оқушыларға кәсіби бағдарлы білім беруде тиімді амалдардын бірі.
• тәрбиелік және психотерапиялық оқу үдерісін іске асыру.
Осындай мотивацияны арттыру үшін оқу-әдістемелік жұмыс негізгі амалдар, тәсілдер және жаңа техникалар арқылы жүзеге асырылады.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланатын әдістер мен Интернет секілді қазіргі тәсілдер -жеке бағдарламалық бағытта көмегін тигізеді, курсанттардың қабілетіне қарай оқытудың дифференциациясын қамтамасыз етеді және пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Бүгінгі таңда адамзат өмірінде компьютердің қолданылмаған жері жоқ. Әр салада компьютерлік технология белсенді қолданылуда, ал интерактивті бағытта оқытушы мен курсанттарға көмекші құрал.
Психологиялық көзқарас тұрғысынан қарағанда компьютермен оқытудың тиімділігі мол. Оқу-әдістемелік жұмысының тиімділігін, практикалық сабақтың қызығушылығын қамтиды. Егер компьютерлік бағдарлама сауатты құрылса, онда ол оқытушыға уақыт үнемдеуге және үиретудің кейбір тиімді сәттеріне назар аудартуға көмегін тигізеді. Ал, курсанттар нұсқаушы - компьютердің арқасында өздерін болашақ маман ретінде жауапкершілік сезінеді. Компьютерлік технологияның тиімділігін арттыру үшін бағдарламада әртүрлі жаттығулар мен ойын элементтері мен ән-музыканы қолдануға болады.
Аталмыш технология практикалық сабақты жүйелі ұйымдастыруда маңызды. Ол әдістердің негізгі функциясы - болжамдық болып есептеледі, және негізгі қызметі - жобалау, себебі жоғары білікті мамандарды даярлауда жалпы мақсатты және нәтижелерді, негізгі кезендерді білім-тәрбие процесінің тәсілдері мен ұйымдастыру формаларын жоспарлайды.
Компьютерлік технологияларға әртүрлі ғылым мен практикалық басқа салаларының арнайы жаңа ақпараттық әдістері, тақырып бойынша лексика-грамматикалық жаттығулар жатады.
Әсіресе үйрету технологиясында қарастырылған үйрену мен дағдылану әрекеттерінің қалыптасуы әр сабақта қолданылады:
1. ойлау қызметін жинақтап қорыту;
2. практикалық іс-әрекет пен ойлаудың жылдамдығы;
3. ойлау мен еңбектің икемділігі және дербестігі.
Лексикалық және грамматикалық материалын сұрыптау ұстанымдары анықталып, оны компьютерлік технология бойынша практикалық сабақта тиімді түрде беру жолдары белгіленеді және бақылау жұмыстарын жүргізуге болады. Мысалы:
а) сөздің жеңіл-қиындығы мәнін ескеру;
ә) сөздің тіркесу қабілеті;
б) сөздің синонимдік қасиеті;
в) сөздің мағынасын түсіну және сөйлемде дұрыс қолдану;
г) сөздің мағынасын дұрыс аудару.
Компьютерлік технология арқылы сөздерді таңдау, іріктеу мәселесімен айналысуға және әртүрлі тапсырмаларды бақылауға болады. Оқушылар түсініктерін кеңейтіп, сөздерді дұрыс қолдануға дағдыланады және тақырып бойынша ойларын жеткізуге осындай компьютерлік технология пайдалы.
Бұл технологияның ерекшелігі – сөздерді есте сақтап, тез меңгеруге және байланысты лексика-грамматикалық материалды арнайы компьютерде дайындау қажет.
Компьютермен жұмыс істеу өте қызықты. Үлгерімі нашар оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығатын болады, өйткені кейбір жағдайда компьютер оның білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Балалардың білім сапасының жоғарлауына, жекелей ерекшеліктерінің ескерілуіне ықпал етеді. Жаттығу жұмысын орындау барысында оның жауаптарына машина тура және үздіксіз серпілісті қамтамасыз етеді. Оқушы жұмыс қарқынын өзі ажырата білсе де, компьютер оқытудың даралығын жақсартады. Оқушы қанша қате жіберсе де, қатені талдау мен түзетуге уақытта мол болады.
Ең алдымен компьютер оқытушыға оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыруына жәрдем береді. Ол үшін мынандай жаттығулар мен әдістемелік тәсілдерді қолдану ұсынылады.
1. Сұрақ-жауап диалогы.
Оқушылар сұраққа құрылған лексика-граматикалық материалдар негізінде сұрақтарға жауап беруі керек.
2. Таңдамалы жауаптармен жүргізілетін тапсырма. Компьютерге жауап беру үшін оқушы ұсынылатын нұсқалардың бірін таңдауы қажет.
3. Еркін құрылған сөйлемдерді стильдік түзету.
4. Толықтыруды керек ететін жаттығулар.
Компьтер толықтыруды керек ететін сөйлем жиынтықтары мен мәтіндерді ұсынады. Сөздерді аудару үшін көмекші құрал ретінде беріледі, немесе компьютерұсынған жауаптардың нұсқалары ішінен қажетті сөздер мен сөз тіркестермен толықтырылады.
5. Сөздік меңгерудегі өзін-өзі бағалауға арналған жаттығулар.
Бұл жаттығуларды орындау кезінде төмендегі нұсқалар пайдаланылады:
- сөздердің синонимдік пен антонимдік қатарын тауып алуіға көмегін туғызады.
- граматика мен орфографияны тексеруге жаттығулар беріледі.
Соның нәтижесінде асықпай компьютермен еркін жұмыс істей отырып, өзбетімен ойлануға дағдылануы, оқу қабілеті артып, білім нәтижесінде көз жеткізеді. Кәсіби бағытта оқу-әдістемелік үдерісін, ой-санасын, іскерлік қабілеті мен біліктілігін арттыруға ықпал етеді де сабаққа деген ынтасын және белсенділігін күшейтеді.
Демек, бұл бастама біраз ізденістерді қажет ететіні сөзсіз. Әрине әр практикалық сабақта компьютерлік технологиямен білімді жетілдіру мақсат емес, бірақ оқу-әдістемелік жұмысында кездесетін түрлі ұйымдастыру жұмыстарына жауапкершілікпен қарауға осы бастан бейімделу қажет.
1.1 Компьютерлік технологияны оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері.
Қазіргі қазақстандық қала мектептерінің көпшілігінде дерлік компьютерлік сыныптар, кабинеттер жабдықталған. Ал кейбір мектептерде мультимедиялық кабинеттер білім сапасын кетеруге үлес қосып келеді. Өзге тілді мектептерде қазақ тілін оқытуда осы даму деңгейін мүмкіндігінше молырақ қолданылу барысын қарастыра келе, қолдан келетін әдістердің тиімділік қол жеткізу үшін жеткілікті екенін байқадық. Соның бір мысалы ретінде компьютердің көптеген мүмкіншіліктерінің кейбірін сипаттай отырып, сабақта қолдану жолдарын қарастырып өтейік.
Компьютердің үлкен әрі кең мүмкіншіліктерінің бірі — ИНТЕРНЕТ жүйесі екені белгілі. Таяу арада қазақстандық мектептерді компьютерлендірудің жаңа деңгейінде жүзеге асырылатын бір түрі — қаламен бірге ауыл мектептерінде тұтастай дерлік интренет жүйесіне қосу деп күтіп отыр. Осы мақсаттың орындалуы білім беру ісін өзінен-өзі сапалы дәрежеге көтермейтіні белгілі. Ол үшін пәндерді оқыту әдістемесін сол компьютерлік интернет жүйесіне қосудың амалын қарастыруымыз керектігі белгілі.
Мектептегі оқу пәндерін оқытуды сапалы дәрежеге көтеруге мүкіндігі мол деп отырған интернеттегі бағдарламалардың қоры туралы айтатын болсақ, ол бағдарламаларды оқыту процесіне қосып алудың кейбір жолдары ғана белгілі екенін компьютерді оқыту процесінде қолдануды зерттеген ғалымдар атап көрсетеді.
Жалпы, ингренетті қазақ тілін оқытуда қолдану жолдарын зерттеу — болашақтағы үлкен міндетіміз десек те, осы мәселені мақсаты мен міндеттері туралы қысқаша таңдап өткіміз келеді. Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқытуда интернет жүйесін қолданудың тамаша үлгісі деп Қ.Қ.Қадашева, Э.Д.Сүлейменованың интернетке қосылған қазақ тілін үйрету бағдарламасын айтуға болады. Сонымен бірге Л.Құрышжанованың еңбегі де осы мақсатқа лайықталған үлкен жетістіктердің бірі болып табылады. Орыс тілін компьютер арқылы оқыту мәселелерін зерттеген ресейлік және қазақстандық әдіскерлердің еңбектері де осы бағытта яғни тілді оқыту бағытындағы құнды қорға енетін зерттеулер болмақ.
Интернет жүйесін қолданудың дидактикалық мақсатын мынадай түрде белгілеуге болады деп ойлаймыз:
- қазақ тілін қазіргі кезде мемлекеттік тіл ретінде оқыту ісін дамыту үшін қазақстандық барлық мектептерге озық және тиімділігі үлкен әдістемелік тәжірибелерді таратудың оңай әрі тез жолын ұстану;
- қазақ тілін боашақта халықаралық тіл ретінде оқыту ісіне алғашқы іргетастары қалау мүмкіншілігін қолға алу;
- қазақ тілін ана тілі және екінші тіл, шетел тілі ретінде оқыту әдістемелерінің орталықтанған жүйесін жасауға жол салу.
Интернет жүйесін қолданудың нақты әдістемелік мақсатын мынадай түрде белгілеуге болады деп ойлаймыз:
- қазақ тілін тиімділікпен оқыту әдістемесі берілген үлгілі және озық бағдарламаларды тарату және интернет арқылы таныстыру мүмкіншілігін пайдалану;
- қазақ тілін өзге тілді аудиторияда сапалы оқыту үшін әдіскер-ғалымдар мен мектеп мұғалімдерінің ынтымақтастығын құру және нығайту мүмкіншілігін қолдану;
- қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқыту әдістемесін педагогикалық эксперименттен өткізу алаңын кеңейту мүкіншілігін пайдалану;
- қазақстандық мектептерде барлық пәндердің интернет жүйесін пайдалану әдістерін кеңейтуге көмектесу.
Біздің көзқарасымыз бойынша, интернетте қазақ тілін оқытуда пайдалануда тек оқу-бақылау бағдарламалары ғана сөз болмайды. Сонымен бірге түрлі жарнамалық қызметті де осы мақсатқа лайықтап пайдалану жүргізіледі. Мысалы, егер қазақ тілін сапалы және тиімді оқыту мәселелері туралы жарық көрген ғылыми-әдістемелік еңбек пайда болса, онда оны интернет арқылы кең түрде таныстырудың өзі қазақ тілін оқыту әдістемесіне тигізілген көмек болар еді.
Сонымен бірге интернет арқылы қазақ тілі өз бетімен үйренушілер мен үйретушілер арасындағы хат жазысу ісі қалыптасып, соның нәтижесінде қазақ тілін оқыту әдістемелік нұсқаулары мен құралдары таратылады. Мұндай қызмет көрсету де интернет жүйесінің бір мүмкіншілігі деп бағаланады. Интернеттің дидактикалық мүмкіншіліктері, әсіресе, электорндық пошта арқылы кеңейе түседі. Электорндық пошта арқылы түрлі мәлімет алу, ақпарат алмасулар жүріп жатады. Осы қызметті қазақ тілін тиімді оқыту ісінде жоспарланған түрде пайдалану арқылы үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болатыны анық. Интернет арқылы қазақ тілін оқыту ісін ұйымдастыруда оның мынадай мүмкіншіліктері осы істі жандандыра түседі әрі өте үлкен дәрежедегі тиімділікке алып келеді деп үміттенеміз, олар:
- қазақ тілін оқыту материалдарын ақпарат түрінде жібергенде мәтін, суреттер, дыбыс, анимациялар сияқты интернеттің мүмкіншіліктері адамның сезім мүшелеріне толық дерліктей әсер етіп қабылданатындай тиімді жолдары бар;
- сондай жан-жақты ақпаратты алыс қашықтықтарға жіберу мүмкіндігі болады;
- провайдердің сол алынған ақпаратты сақтау және кей дәрежедегі өңдеулер жүргізу мүмкіндігі болады т.б.
Қазақ тілі туралы грамматикалық анықтағыштар, қазақ тілінің дыбыстық және лексикологиялық жүйесі туралы материалдар, қазақ тілінің тарихы туралы материалдар, кейбір қысқаша сөздіктер интернетке орналастырылуы үшін осы жобаны қолға алатын автор немесе ұйымның біраз көретін қиындықтары да болады. Осындай үлкен істі ұйымдастыратын болсақ, онда қазақ тілі теориясы мен әдістемесінің электрондық кітапханасын жасауға да болар еді деп ойлаймыз. Өйткені, қазақ тілінен оқу жоспарларында берілетін білім мазмұнын кеңейте отырып электрондық кітапханаға енгізетін болсақ, онда көптеген қиын мәселелер шешіліп те қалар еді. Интернеттің қарыштап дамуын күтіп отырған осы кезенде, біздің ойымызша, қазақ тілін оқыту ісіне қосып жіберетін әдістемелер жасауды осы кезден бастап қолға ала білу керек. Соның бірі, әрине, электрондық кітапхана жасау. Сол электрондық кітапхананың негізін құрасақ, онда ол уақыт өте келе құнды мұраға айналатын үлкен іс болып табылар еді.
Қазақ тілін оқытуда интернетті пайдаланудың бір жолы - интерактив қызметті қолдану болып келеді. Мектептерде интернетті пайдалануға бөлінген сағаттардың біраз бөлшегін қазақ тілін оқыту ісіне арнайтын болсақ, онда оқушылардың басқа ел балаларымен диалог құруын да қамтамасыз ету керек. (Бірақ бұл жерде оқушылардың ағылшын немесе орыс тілдерін білуі мәселесі — басқа мәселе екенін атап кетеміз).
Интернет жүйесін қазақ тілін оқытуда пайдаланудың жемістілігін мынадай модель негізінде анық керсетуге болады.
Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқыту барысында интернетті пайдалану арқылы қол жеткізілетін кейбір нәтижелер
Не ұнамсыз?
Қазақ тілін оқытуға байланысты баспа түріндегі оқу және әдістемелік құралдар.
Қазақ тілін оқытуға байланысты электрон дық оқу және әдістемелік құралдар.
Қазақ тілін оқытуға байланысты электрондық кітапханалар. Жалпы педа-гогикалық және педагоги-калық-психологиялық мате-риалдар (тест, жаттығулар, сұрақтар т.б.)
|
Интернеттің мүмкіншілігі қандай?
Интернет жүйесі бұл құралдарды жарнама ретіңде көпшілікпен таныстыра алады. Ұсынылып отырған құралдың фрагменттерін сурет, мәтін, сызбалар мен кестелерді демонстрациялайды.
Интернет жүйесі бұл құралдарды жарнама ретінде көпшілікпен таныстыра алады. Ұсынылып отырған құралдың фрагменттерін сурет, мәтін, сызбалар мен кестелерді демонстрациялайды.
Электрондық кітапханалардың кейбірін ақылы түрде пайдалануға болады.
Мұғалімдер мен оқушыларға анықтағыштық қызмет атқара алады. Тест арқылы оқушылар өз бетімен өз білімдерін тексеріп, бағалай алатын болады.
Жаттығулар мен тапсырмаларды өз бетімен орындау арқылы ізденім қабілеттері дамиды.
|
Қазақ тілін оқыта отырып, сол сабақта интернет арқылы шетелдермен байланыс құрғызу және оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін ету арқылы баланың оқу-танымдық қызметінің қаншалықты қарқындай түскенін қарапайым сөзбен түсіндіру қиын болар еді.
Ойымызды жинақтай келгенде, қазақ тілін оқытуда компьютерді қолданудың өзекті тұсы – интернетті сабаққа алып келу деп ойлаймыз. Осы үлкн мәселенің жан-жақты ерекшеліктерін әлі де терең тани, талдай түсу керек.
2. «Қазақ тілі мәтіндерін компьютермен оқыту әдістемесінің әлеуметтік мәні»
Қазақ тілін оқытудың дидактикалық және компьютерді қолданудың кибернетикалық-дидактикалық теориясы, оның әлеуметтік мәні синтезделіп, әдістемелік жаңа теория жасалуына негіз болады. Әдістеме теориясының табиғаты зерттеу нысанының әлеуметтік мәнін ашу арқылы анықталады. Қазақ тіліндегі мәтіндерді компьютер арқылы меңгертудің әлеуметтік мәнін мына қатысымдық модель арқылы көрсетуге болады.
Берілетін білім мазмұны.
Мұғалім Оқушы
1-сурет – Дәстүрлі сабақ моделі
Берілетін білім мазмұны
Мұғалім Оқушы
2-сурет – Компьютер арқылы берілетін сабақ моделі
Қатысым (коммуникация) – адамдардың, топтың, халықтың, мемлекеттердің өзара байланысын іс жүзіне асыра отырып, адамдар арасында ақпарат, ой-сезім, бағалаулар, мән-мағыналар, құндылықтар алмасуын мүмкін етеді. Қатысымсыз әлеуметтік топтастықтардың, әлеуметтік жүйелердің, ұйымдардың құрылуы мүмкін емес және тұтас әлеуметтік ортаның болуы да мүмкін емес. Қатысым - көптеген ғылымдардың: әлеуметтанудың, психологаяның, саясаттанудың, қатысым теориясының зерттеу нысаны болып табылады. Компьютер арқылы оқушыларға қазақ тілі мәтіндерін оқыта отырып, олардың қатысымдық қабілеттерін дамытуды мақсат етіп отырғандықтан, катысымның жан-жақты ерекшеліктерін қарастыру керек. Егер дәстүрлі сабақ берудегі қатысымдық үрдісте мұғалім тек кана ақпарат беріп, оқушы ол қатысымдық үрдіске белгілі бір жағдайларға байланысты кіріге алмайтын болса, компьютер арқылы берілетін сабақта оқушы мұғаліммен үнемі қатысымдық әрекет жасап, екі жақты байланыс жүзеге асады. Компьютерді қолдана отырып, казақша мәтіндерді өзге ұлт мектебінде оқытуда оқушының алатын білім мазмұны оның санасында әлем картинасын қалай жасайтынына, ол картинаның адамгершілік және дамытушылык қасиеттерге толы болуына тікелей әсер етеді.
2.1 Мәтінді компьютермен оқыту әдістемесінің психофизиологиялық негіздері.
Компьютермен жұмыс жасау барысындағы оқушының психофизиологиялық ерекшеліктері анықталды. Қазақ тілін компьютермен оқыту әдістемесінде сөйлесім әрекетінің бес түрі де «оқушы - компьютер» :диалогында қолданылды. Зерттеу жұмысында оқушының компьютермен жұмыс жасау барысындағы әрекеттері психофизиологиялық тұрғадан жан-жақты қарастырылды. Адамның психофизиологиясы туралы ғылым - адам ағзасының рухани психикалық және физиологиялық функцияларының өзара тығыз байланыстылығын зерделеу негізінде адамның іс - әрекетін зерттейді. Компьютерді қолдана отырып казақ тілін оқыту әдістемесі де сенсорлық сигналдардын қызметін тануды, оларды оқыту үрдісінде ескеруді, солардың қызметіне орайласқан әдістер мен тәсілдерді тиімді қолданудың жолын іздеуді талап етеді. Оқушылардың мұғалімнің басшылығымен және компьютер арқылы өз бетімен қазақ тілін басқару мен оны тиімді нәтижелерге жеткізуді ұйымдастыру үшін мына бағыттар анықталуы тніс: компьютерге енетін қазақ тілі материалдарын қолданатын оқушылардың жеке жас ерекшеліктері; компьютермен жұмыс жасау режимдері мен нәтижелерін тексеру және бақылау барысының психофизиологиялық ерекшеліктері; компьютермен оқушының тапсырмаларды орындауын сыныпта және үйде (өз бетімен) жүргізуді ұйымдастырудың психофизиологиялық ерекшеліктері; мәтінге байланысты тапсырмалар мен жаттығулардың, жұмыс түрлерінің сатылай өсе отырып орындауын мұғалімнің басқару ерекшеліктері. Компьютерлік білім беру барысында оқушының зейіні, есі, қиялы, ойы мен тілі дамытылады. Ойын талаптарын орындау барысында оқушының түрлі рөлдерді атқара алуы (ойнаушы, оқушы, тексеруші өзін-өзі тексеру барысында, бағалаушы т.б.) және соған сәйкес мінез, сөйлеу формаларының дамытылуы - оқушының жалпы психологиялық күйіне ықпал етеді. Сөйтіп, мәтіндерді компьютер арқылы оқыта отырып, оқушының оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттерін белсендіруге психофизиологиялық тұрғыдан келудің маңызы зор екені анықталды.
2.2 Мәтінді компьютермен оқыту әдістемесінің дидактикалық негіздері.
Мұнда дидактикалық заңдылықтар мен компьютерлік оқыту бағдарламаларынын түрлері, компьютермен окыту үрдісінің дидактикалық талаптары қарастырылды. Қазақ тілін оқытуда екі мақсат көзделді: біріншісі - практикалық білік-дағдыларды игерту; екіншісі - қазақ тілі туралы ғылыми мәлімет беру. Осымен байланысты қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқытудың дидактикалық ұстанымдары басқа пәндерден (химия, математика және т.б.) өзгеше болды. Дидактиканың негізгі қарастыратын нысаны - мүғалім, оқушы және тұтас оқушылар ұжымы ерекшеліктері және «оқушы - мүғалім», «оқушы - және білім мазмұны», «мұғалім - білім мазмұны» қатынастары екені белгілі. Қазақ тілін мәтіндер арқылы окытуда, ол мәтіндерді компьютер арқылы меңгертудің дидактикалық аспектісін қарастыруда дадактиканың қазіргі заман концепциялары алынды. Дидактиканың дамуында үлкен орын алған инновациялық-авторлық мектеп авторлары: Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, С.Н.Лысенкова, Қ.Бітібаева, Қ.Құсайынов. Қазақстандық жаңа педагогикалық жүйелердін оқу-тәрбие үрдісіне енуіне теориялық және практикалық негіздеме жасаған Ж.Дараев, Қ.Қабдолқайырүлы, Н.Нұрахметов, Ф.Ш.Оразбаева, К.А.Абдығалиева, Т.Т.Галиев, Г.К.Нұрғалиева, Қ.Қадашева, М.Р.Ковжасарова, М.М.Жанпейісова, Г.Д.Аулъбекова, Р.Шаханова, К.Жақсылықова, Н.Құрманова т.б. ғалымдардың зерттеулері болды.
Қазақ тілін оқытуда компьютерді қолдану оқушылардың тек көру сезіміне ғана сүйеніп қоймайды. Компъютердегі дыбыстық, қозғалыс жасау, түрлі анимациялық мүмкіндіктер оқушылардың сезімдік дамулары арқылы ақыл-ой қызметінің де белсендірілуіне жайлы жағдайлар жасайды. Мультимедияның өзіне тән мүмкіндіктерін бай әрі мол етіп қолдана отырып, мәтінді оқытуда оны түрлі әдіс-тәсілдер арқылы кеңейте аламыз. Қазақ тілін оқытуда компьютерлік диск (СD) арқылы оқу материалын оқушыға жеткізу -көрнекіліктің жаңа сатыдағы түрі. Персоналды компьютер (ПК) қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгертуде оқушыға өз бетімен жұмыс жасауға, ізденуге, қазақ тілін индивидуалды түрде үйретуге мол мүмкіншіліктер жасайды. Қазақ мәтіндерін компьютер арқылы оқытуда басшылыққа алынатын жол программалап оқыту идеясы болып келеді. Компьютер арқылы мәтінді оқытуда қолданылатын оқу-әдістемелік материалдар өзара ерекше мазмұндағы жүйені құрайды. Компьютерді қолдану барысында оқушылардың компьютерлік сауаты дами түседі, қазақ тілін оқытудың көптеген міндеттері компьютерге «жүктеледі».
Қазіргі кезде белгілі болып отырған компьютер арқылы оқытатын арнаулы мынадай программалар бар: А) Уордсток (сөздікпен жұмыс жасау программасы); Ә) Мэтчмастер (сәйкестіктерді іріктей алуға дағдыландыруға арналған программа); Б) Чойсмастер (варианттарды іріктей алуға дағдыландыратын программа); В) Клоузмастер (бос орынды қажетті жауаппен толтыру дағдысын қалыптастыруға арналған программа); Г) Кроссводмастер (кроссвордтарды толтыруға үйрететін программа); Д) Юнисаб (сөз немесе сөз тіркесін, дыбысты алмастыруға дағдыландыру программасы); Е) Юнилекс (Мәтін бойынша сөздікпен жұмыс жасау программасы); Ж) Гэпмастер (жіберілген бос орындарды толтыруға дағдыландыру программасы); 3) Пинпойнт (іздену, шешу, табу дағдыларын қалыптастыруға арналған программа); И) Спидрид (оқушыны шапшаң оқуға дағдыландыратын программа); К) Сториборд (мәтінмен жұмыс жасауға арналған программа); Қ) Тестмастер (сұрақ-жауап формасындағы тест алуға арналған программа). Дидактикада оқыту процесіне сәйкес маңызды орын алатын - кері байланыс. Кері байланыс, әсіресе, оқушы үшін маңызды. Осы жол арқылы ғана оқушы өзінің білім алу әдістерін қалай меңгергенін керсете алады. Оқушының компьютерді қолдана отырып қазак тілін үйренуі мұндай кері байланыстың жедел және белсенді өтілуіне мүмкіндіктер жасайды.
2.3 Қазақ тілі мәтіндерін оқытатын компьютерлік бағдарламаның мазмұны.
Ғалымдардың көрсетуінше, тілшді оқытудағы компьютерлік модельдеу мынандай кезеңнен тұрады: 1 кезең – функционалды-алгаритмдік кезең, 2 кезең – оқу-әдістемелік кезең, 3 кезең – программалық-математикалық кезең, 4 кезең – инженерлік-прагматикалық кезең. Компьютерді қолдана отырып, оқушының мәтінді игеру түрлері төмендегідей болып келеді: мәтінді оқушының өзінің оқуы; мәнерлеп оқыған дауысты тыңдауы; музыканы тыңдауы; лексика-грамматикалық анықтағышпен жұмыс жасауы; өзінің білімін компьютер арқылы өзі тексеруі. Осы айтылғандардың барлығы жүйелі түрде талданды. Ең алдымен, қазақ тілін мәтіндер арқылы компьютер жүйесімен оқытудың арнайь сценарийі жасалынды. Ол сценарийде компьютер арқылы оқытуда көзделетін мақсаттарға сай міндеттер көрсетіліп, алгоритмдер белгіленді. Алынған алгоритмдер біртұтас сценарийге түсірілген соң, электрондық мәтіндер жинағы мен олармен жұмыс жасау әдістері жүйеге түсірілді. Ол үшін осы электрондық оқулыққа арналған анықтама жазылды. Ол анықтамада электрондык құралдың мақсаты, міндеттері, мазмұны мен қалай, не үшін қандай операциялар орындау керектігі көрсетілді. Жеке мәтінді оқытуға арналған сабақта мәтіндермен жұмыс жасау жолдарын арнайы түсіндіретін әдістемелік нұсқау жасалынды. Ол арнайы түсініктеме түрінде электрондық құралдың алғашқы парақтарында берілді. Эксперимент жасаушы мұғалімдер мен оқушыларға арнайы түсініктеме беріліп отырды. Ондай кеңес-түсініктемелерді беру эксперимент барысында жақсы нәтижелерге жеткізді. Әр мәтінмен жұмыс әр сабақтың жоспарына лайықталып, сабақтың әдістемелік сиенарийі ретінде көрсетіліп отырды.
Сабақтағы жұмыс. Сабақ мәтінмен танысудан басталады. Әр сабақтың мәзірі келесі режимде болады.
Сабақтың мазмұны. Бұл бөлім сабақтың мазмұнымен, орындалатын тапсырмалармен таныстырады.
Тапсырмалар жиынтығы:
Мәтінмен жұмыс. Мәтіннің мазмұны дауыстап, мәнерлі түрде жазылған, яғни мәтін компьютерде мультимедиялық жүйе аркылы берілген. Бұл бөлімде компьютердің дыбыстық, көру мүмкіншіліктері іске косылып, оқушының көру, оқу, есту, тыңдау әрекеттері арқылы мәтіннін мазмұнымен танысуы басталады. Одан соң оқушылар компьютердегі мәтіннің оқылуына еліктеп, өздері солай оқуға дағдыланады. Мұғалім өзінің шеберлігіне сай бұл бөлім бойынша сабақта түрлі әдістер қолдана алады.
Лексикалық тапсырмалар. Бұл бөлімде бағдарламада көрсетілген фамматикалық тақырыптар бойынша мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Жаттығулар мен тапсырмалардың мазмұны грамматикадан өтілетін ережелерді қамтиды. Оның өзі іштей 3 денгейлі болып ұйымдастырылды:
Грамматика - 1. Бұл бөлімде оқушыға арналған мәтін бойынша тапсырма бар. Тапсырма мәтіннен белгілі сөздерді табуға нұсқайды және дұрыс табылған сөздер жасыл түсті, ал дұрыс болмаған сөздер қызыл түсті болып жанады.
Грамматика 2.1 - сөздерге берілген жұрнақтарды көрсетіп, сөзге сай келетін жұрнақтарды табу керек.
Грамматика 2.2 - сөйлемдердің ішінен сөз түсіп қалған, берілген сездерді анықтап, сөйлем мазмұнына сай келетін сөзді табу керек.
Сөздік. Әр сабақтың соңғы бөлімі сөздіктен тұрады, бұл сөздікте сабаққа қажет 10 сөз қамтылған.
Шығу. Программамен жұмыс барысын тоқтату үшін қызмет етеді.
Компьютермен байланысты осындай әдістемелік жұмыстардан соң қазақ тілі бағдарламасы бойынша берілген сағаттар санына орайластыра отырып, авторлық бағдарлама жасалынды. Оның мазмұнында оқулықта берілген мәтіндерге қоса өзіміз іріктеп алған жаңа мәтіндер жүйесі берілді. Эксперименттік бағдарламада мәтіндермен бірге оқушылар меңгеру тиісті грамматикалық тақырыптар көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |