Майлар ол біздің ағзамыздағы маңызды компоненттердің бірі болып табылады.
Липидтер ағзада келесі қызметтерді атқарады:
Құрылымдық жасуша мембранасының құрамына кіреді.
Реттеушілік, кейбір липидтер витаминдердің және гормондардың алғызаттары немесе витаминді еріткіштер және жүйке импульстерінің берілуіне қатысады.
Тасымалдаушылық липопротеиндер, май қышқылдарының альбуминдермен комплексі.
Термореттеушілік, ағзаның жылу изоляциялау қызметіне қатысады.
Энергетикалық – энергияның және энергия жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың шығу көзі.
Майлардың қорытылуы
Липидтердің қорытылуы – бұл панкреаттық липаза ферменті әсерінен майлардың гидролиздену процесі. Ересек адамдарда майлардың қорытылуы тек ішекте келесі схема бойынша өтеді: «өттің бөлінуі майлардың эмульгирленуі панкреаттық липазаның әсері». Бұл ферменттің әсері үшін келесі жағдайлар қажет: бейтарапқа жақын рН мәні, колипаза белогы. Колипаза панкреаттық липазамен бірге, ұйқы безінде синтезделіп, секреттеледі. Қажетті рН мәні (асқазаннан түскен қышқылдың құрамы) ұйқы безінен бөлінетін бикарбонатпен бейтараптанады.
Липидтердің ыдырауы 12 елі ішекте өтеді. Ол ұйқы безі сөлінен түсетін липаза және өт құрамындағы коньюгирленген өт қышқылдары қатысуымен атқарылады.