Сабақтың мақсаты : Астың асқазанда қорытылуы және асқазан сөлі ферменттерінің ерекшелік тері жайлы оқып үйрену



Дата07.05.2017
өлшемі125,18 Kb.
#15701
түріСабақ

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Манашы орта мектебі

Биология пәні мұғалімі

Ильясова Анар

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы:Астың асқазанда қорытылуы. Асқазан сөлі ферменттерінің нәруыздарға әсері. Ұйқыбез сөлі мен бауырдан бөлінетін өттің әрекетінен астың ұлтабарда қорытылуы.

Сабақтың мақсаты: Астың асқазанда қорытылуы және асқазан сөлі ферменттерінің ерекшелік тері жайлы оқып үйрену

Білімділігі: Білім маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға, тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп табуға, құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұқбат жүргізуге, рухани және әлеуметтік жағынан білімдерін көтеру.

Дамутышылығы: Баланың дүниетанымын кеңейтіп, рухани өсуіне, жеке тұлға ретінде өзіндік пікірін қалыптастыруға жағдай жасау.

Тәрбиелілігі: Денсаулықтарын аса ұқыптылықпен қарап, аялап күтуге және

салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.



Көрнеклілігі. Үлестірмелер, плакат, муляж, слайд, бейнеролик, кестелер, тірек

сызбалар, тест тапсырмалары,суретпен жұмыс



Сабақтың түрі. Аралас сабақ, топқа бөлу, постер қорғау

Пән аралық байланысы. Авторы: Биология 7-сынып оқулығы. Авторы: Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков. Ә. Әметов. Қ. Қожантаев.

Валеология. Авторы: А. С. Әділханов. Биология салауаттылық негізі журналы



Сабақтың әдісі. Түсіндіру, сұрақ жауап, биологиялық диктант, кесте, СТО стратегияларының түрлері, сәйкестендіру тесті, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезең. (І,ІІ,ІІІ топқа бөлу)

Өткен сабақты қорытындылау:

1.Тістің құрылысы, қызметі және күтімі жайлы айту муляж арқылы көрсету(бейнеролик)

2. Астың ауыз қуысында қорытылуы жайлы айту

3.Ауыз қуысындағы бедердің маңызы жайлы айту



Жаңа сабақ

Ауыз қуысында шайналып, сілекей сіңген, химиялық ыдырау басталған тамақ түйірі тіл арқылы тіл түбіріне бағытталып, содан кейін жұтылады. Астың бұдан кейінгі қорытылуы асқазанда жүреді. Асқазанда ас 4-тен 11 сағатқа дейін болады да, асқазан сөлі арқылы, негізінен, химиялық өңдеуге ұшырайды. Әдетте,тәулігіне 2-2,5 л асқазан сөлі бөлінеді. Асқазан сөлі-иісі жоқ, түссіз сұйықтық. Асқазан сөлінің негізгі ферменттері-пепсин мен химозин. Олар нәруыз молекулаларын аминқышқылдарына дейін ыдыратады. Пепсин жұмыртқа және ет құрамындағы нәруызды оңай, ал сіңір және шеміршек нәруыздарын өте баяу ыдыратады. Химозин немесе ұлтабар ферменті асқазанда сүтті ірітеді. Химозин баланың, әсіресе емшек еметін баланың асқазан сөлінде болады.Пепсин мен химозиннен басқа балада ана сүтінің майын ыдырататын ферменттер бар. Асқазан сөлі ферменттері белсенді әсер етуі үшін тамақ температурасы 37 t С болуы және тұз қышқылы беретін қышқыл орта қажет.Асқазан сөлінің құрамындағы тұз қышқыл тағаммен түсетін микробтарды өлтіреді әрі талшықты асты жұмсартады. Қышқыл асқазан сөлін тек тамақ ішкен кезде асқазан бездері бөледі. Асқазан сөлі тамақ ішкен соң бірнеше минуттан кейін бөліне бастайды да, 4-тен 11 сағатқа дейін созылады. Ас қорыту сөлінің мөлшері мен құрамы тағамға, оның химиялық құрамына байланысты. Күрделі рефлекстік сөл бөліну. Асқазан сөлі бөліну үшін міндетті түрде асқазанға тамақ түсуі керек емес. Ауыз қуысына тамақ түскен кезде асқазан сөлі бөліне бастайды. Ауыз қуысындағы дәм сезу рецепторларының тітіркендіруіне жауап ретінде асқазан сөлінің бөлінуі рефлексті жүреді. Тамақ ауыз қуысына түскенде тілде және ауыздың сілемейлі қабығында орналасқан дәм сезу жүйкелерінің ұшын тітіркендіреді.Бұл жерде пайда болған қозу сопақша мидың ас қорыту орталығына, содан кейін ол жерден асқазан бездеріне өтеді. Асқазан сөлі тамақ ауыз қуысындағы рецепторларды

тітіркендіргенде ғана бөлінбейді. Тамақ ішуге дайындалу, тағам туралы әңгіме, оның иісі мен түрі ферменттерге бай, қышқыл асқазан сөлінің бөлінуіне әсер етеді. Бұл шартты рефлекс түрінде өтеді.Шартты рефлекске байланысты сол тамақ ішуден біраз уақыт бұрын бөліне бастайды. И.П.Павлов бұл сөлді тәбет ашатын сөл деп атады.Тәбет ашатын сөл асқазанды тамақ қорытуға алдын ала дайындайды және оның қалыпты жұмысының маңызды шарты болып табылады.Тамақ ішу кезінде сөл бөліну асқазан секрециясының күрделі рефлекстік кезеңін құрайды.Оны күрделі рефлекстік деп атау себебі осы кезеңде асқазан сөлі шартсыз және шартты рефлекстер жиынтығына байланысты бөлінеді.Рефлексті сөл бөліну 1,5-2 сағатқа созылады. Қалыпты жағдайда асқазан секрециясы тамақ ішкеннен кейін 4-11 сағат бойы жүреді. Демек, күрделі рефлекстік кезең асқазан сөлінің бөлінуінің барлық заңдылығын түсіндіре алмайды. Алайда бұл кезең сөл бөліну процесін іске асырады және одан кейінгі сөл бөліну сипатын анықтайды. Сонымен қатар тұз қышқылының немесе қорытылатын өнім әсерінен асқазанның сүлемейлі қабығында ерекше гармон –гастрин түзіледі.Ол қанға сіңіп, қарын бедерінің секрециясын күшейтеді. Асқазанның сілемейлі қабығының механикалық тітіркенуі, сондай ақ асқазаннан қанға сіңірілетін химиялық заттар есебінен асқазан сөлінің бөлінуі секрецияның нейрогуморальдық кезеңін құрайды.Асқазанның мұндай құрылысы тамақтың оның қабырғасымен жақсы жанасуына әсер етеді. Сілемейлі қабықтың әрбір мм 2-нде, шамамен, 100 қарын безі орналасады.Қарын бездерінің мынадай типтерін ажыратады: ең бастысы бездер-асқазан сөлінің ферменттерін, қоршайтын бездер-тұз қышықлын, қосымша бездер-сілемей бөледі.Қарынның қосымша бездері өндіретін сілекей оны механикалық және химиялық зақымданудан сақтайды. (бейнеролик бауыр мен ұйқы безі) Үш топқа тапсырма беремін (әр топқа 2 тапсырма) (бейнеролик ұлттық сусын қымыз) 1.Адам бір тәулікте 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге? (себебі, біздің асқорыту жүйеміздің жақсы жұмыс істеуі үшін, организмде әр уақытта қоректік заттар болу керек) 2. Ал қоректік заттар дегеніміз не? (нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералдар, тұздар, су мен витаминдер) 3. Азықтық заттардың, қоректік заттардан айырмашылығы неде? (Құрамында нәруыздар, майлар және көмірсулар бар өсімдіктекті және жануартекті өнім; Нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды заттар, су, витаминдер, күрделі өңдеуге ұшырайтын органикалық қосылыстар) 4. Адамның қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқаруына, адам организммін құрастырушы бір күндік нәруыз мөлшері 100 - 120 гр. Осы нәруыз тағы нелер түзеді? (ферменттер мен гормондар) 5. Ас тағамдары әр түрлі болу керек? Себебін айт (үнемі бір түрлі тағамдар ішкенде оның сіңімділігі төмендейді және адамның тамаққа деген тәбеті тартпайды) 6. Ферменттердің рөлі қандай? (Нәруыз текті заттар. Олар ас қорыту жолында заттарды ыдырататын химиялық реакцияларды тездетеді. Әр фермент белгілі бір затқа әсер етеді) 7. Организм қабылдаған тағам әр түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді. Организмге түскен тағамдық заттар қалай өңделіп, қалдық заттар сыртқа шығарылып отырады? (қан, лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралады) 8. Адам организміндегі тамақтың рөлі қандай? (Организмнің қалыпты тіршілік әрекеттері үшін жасушалары мен ұлпаларына үнемі қоректік заттар керек) 9. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Неге? (бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді) 10. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Организм үшін су тапшылығы да және суды артық пайдалану да зиян. Не себепті? (суды шектен тыс көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиян тигізеді. Ал су тапшылығы адам организмімін өлтіруге дейін барады) 11. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Не себепті? (кейде адам тамақтан шашалып, тұншығып, өліп кетуі мүмкін) 12. Ас қорыту дегеніміз не? (тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым, организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процесі) Тамақ өнімдерін ыдырататын да, қорытатын да универсал аппарат - ас қорыту жүйесі. «Ой қозғау» Адам мен сүтқоректі жануарлардың ас қорыту жүйесінде қандай ұқсастықтар бар? Мұндай көп ұқсастықтар неге байланысты деп ойлайсыңдар? (Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі күрделі. Ауыз қуысына 3 - 4 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Ауыз қуысы - жұтқыншақпен, ол өңеш арқылы қарынмен жалғасады. Қарындағы көптеген ұсақ бездер қарын сөлін бөледі. Мысалы: күйіс қайыратын жануарларды (сиырда) қарны көп қуысты. Олар 4 бөлімге бөлінеді: үлкен қарын (таз қарын), жұмыршақ (тақия қарын), қатпаршақ (қырық қатпар) және ұлтабар) Кез - келген тіршілік иесі сияқты адам организмде үздіксіз жұмыс істейді. Мұның барысында кейбір жасушалар тозып, бұзылып немесе тіршілігін жояды. Олардың орнына дәл сондай жаңа жасушалармен толығып, қалпына келеді. Бүкіл тіршілік процесстерінің үздіксіз жүруіне қуат, яғни энергия пайдаланылады. Организмге қорек болып, оның тіршілігін қамтамасыз ететін, яғни оған «құрылыс материалын» да, энергияны да беретін – ас. «Ас - адамның арқауы» дейді атамыз қазақ. Адамның денсаулығы, дене қимылы, ой еңбегі, іс - әрекеттері астың құрамына байланысты. Ас қорыту – өте күрделі процесс. Ол ас қорыту жолынан және ас қорыту бездерден тұрады. Ас қорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан (қарын), аш ішек, тоқ ішек жатады. Ауыз қуысы жіңішкеріп, жұтқыншаққа ауысады. Жұтқыншақтан соң өңеш, асқазан, ішек жалғасады. Ішектің аш, тоқ, тік бөлімдері бар. Аш ішек 12 елі ішек (ұлтабар), жіңішке ішек, сербек ішек бар. Тоқ ішек соқыр ішекке, жиек ішек, тік ішекке бөлінеді. Бауыр мен қарынасты без - асқорыту бездері, олар 12 елі (ұлтабар) ішекке ашылады. Асқорыту жүйесінде тағам әртүрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Ас қорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырау химиялық өзгерістерге жатады. Асқорыту жүйесінің қызметі асты қорыту, қоректік заттарды сіңіру және олардың организмнен бөліп шығару қызметтерін жүзеге асырады. Ас қорыту қоректің органикалық заттары – нәруыз, май, көмірсулар, ас қорыту ферменттері арқылы жай заттарға ыдырауы жүретін физиологиялық процесс: нәруыз аминқышқылға, көмірсулар глюкозаға, май глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырайды. Ас қорыту жүйесінің әрбір бөлімі белгілі қызмет атқарады. Асқорыту кетесі 0 сағатта- ас шайналып жұтылады; 1сағатта- тағам асқазандағы қышқыл мен ферменттерді сіңіреді; 2 сағатта- тағам жартылай қорытылап, ас ішектің алдыңғы бөлігі ұлтабарға өтеді; 5 сағатта- тағамның көп бөлігі ұлтабарда қорытылып, қанға сіңіріледі; 7 сағатта- тағам қалдықтарынан су сіңіріліп алады; 10 сағатта –қортылмаған ас нәжіс массасын түзеді; 16-24 сағатта- нәжіс аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Ойланып, жауап беріңдер: (постер қорғау 3 топ) 1. Асқазанда астың қорытылуы үшін тағамды безендірудің, дастархан жасаудың қандай маңызы бар? 2. Неліктен баланы қорқытып тамақ ішкізуге болмайды? 3. И.П.Павловтың: «Тамақты шын көңілмен, сүйсініп ішу керек», - деген сөзін қалай түсінуге болады? 4. Егер жануардың тіл және ауыз қуысының сілемейлі қабығынан шығатын жүйкелері зақымдалса, сілекей бөліне ме? 5. Неліктен нанды ұзақ шайнағанда тәтті дәм сезіледі? Сұрақтар Жауабы 1.Асқазан қай қуыста орналасқан? Құрсақ қуысында 2.Сілекей безі қай жерде орналасқан? Ауыз қуысында 3.Өт қабының орналасқан жері Бауырда 4.Бауырдан не бөлінеді? Өт 5.Қорытылған ас қай жерде сіңіріледі? Аш ішекте 6.Нәруыз қай жерде ыдырай бастайды? Асқазанда 7.Май ненің әсерінен ыдырайды? Ұйқы безінің сөлі және өт 8.Ұйқы безі тәулігіне қанша литр сөл бөледі? 2 литр 9.Асқазанның сыйымдылығы неше литр? 3,5 кг 10.Тістер пішініне қарай неше топқа бөлінеді? 4 топқа Суретті баянда:(асқорыту мүшесі сурет) Биологиялық диктант 1. Ас қорыту..................басталады. 2. ............. ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. 3. ..............ұзындығы шамамен 25 см болып келеді. 4.Қарынның пішіні .............. немесе қапшық тәрізді. 5.Адам ағзасындағы ең ұзын ішек ................ . 6.Ас қорыту жолында аш ішектен кейін ............ орналасады. 7.Тоқ ішектің тұйықталған бөлігі............ деп аталады. 8.Ең үлкен ас қорыту безі- ............... . 9.Бауыр көптеген улы заттарды ...................... . 10.Асқазанның астыңғы жағында орналасқан без ............. Білгенге маржан Бірақ өмір сүру үшін тамақтанады. Адам тамақ ішу үшін өмір сүрмейді, Дәрігерлердің жорамалдауынша адам бала кезден ішкен тағамы ми жасушаларының қалыптасуына тікелей ықпал ететіні байқалған.Ол,әрине,бірден білінбейді. Жасы ұлғайғанда ми қызметінің бұзылуы бала кезде ішкен астың жұғымсыз болғанынан көрінеді. Дәл уақытында ішкен тағам бронхит,эмфизема ауруларының дамуынан сақтандырса,кейбір тағамдар адам бойындағы түрлі бактерияларды,вирустарды дәріден кем жоймайды екен. Жұғымды тағам аллергиялық тұмауды әлсіретеді,кетіреді. (Мұсылман күнтізбесі.Алматы.2004.) 2. Сандар сөйлейді 1. 5 - 6 г (ас тұзы тәулігіне пайдаланады) 2. 2 - 3литр (асқазан сыйымдылығы) 3. 1500 грамм (бауыр) 4. 4 млн (ішек бүрлері) 5. 1, 5 - 2 метр (тоқ ішек) 6. 8 - 15 см (соқыр ішек) 7. 11 - 13 см (жұтқыншақ) 8. 25 см (ұлтабар) 9. 5 - 6 метр (аш ішек) 10. 60 - 80 грамм (ұйқы безі) 11. 1, 5 - 2 литр (үш жұп сілекей бездері) 12. 20 - 30 грамм (жұп шықшыт безі) 13. 14 - 15 грамм (алқым сілекей безі) 14. 5 грамм (тіласты бездері) 15. 8 - 10 метр (ас қорыту мүшелерінің ұзындығы) Жинақтау жүйесі 1.Ас қорыту жолына: ауыз қуысы,жұтқыншақ ,өңеш, асқазан,ащы ішек,тоқ ішек жатады. а) ия; б) жоқ. 2. Ас қорыту жолының қабырғасы үш қабаттан тұрады. а) ия; б) жоқ. 3. Ауыз қуысының құрылысы : қатты ,жұмсақ таңдайдан,тіл мен ауыздың түбінен ,жұтқыншақтан тұрады. а) ия; б) жоқ. 4. Ұйқы безі аралас бездерге жатады. а) ия; б) жоқ. 5. Өт бауырдан бөлінбейді. а) ия; б) жоқ. 6. Ұлтабарда өт қабының және ұйқы безінің де өзегі ашылады. а) ия; б) жоқ. 7.Тоқ ішекте су қайта денеге сіңіріліп, нәжіс түзіледі. а) ия; б) жоқ. Реттеп орналастыру: Ылап – ұғпыл некші са,қазғаанс үсткен сат” Апыл – ғұпыл ішкен ас, асқазанға түскен тас. Үйге тапсырма: Менің тамақтану мәдениетім тақырыбына эссе жазу

«Манашы орта мектебі»ММ

Тақырыбы: Астың асқазанда қорытылуыАсқазан сөлі

ферменттерінің нәруыздарға әсері

/Аудандық семинарда өткен ашық сабақ\

Дайындаған: Ильясова А



(26.02.16ж)

Бейнеу 2016ж
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет