Сөж орындаған: Тоқтар Аяжан Қабылдаған: Есқожаева Ж. П21-009 Тақырыбы: Дислипопротеинемия түрлері



бет3/7
Дата27.02.2023
өлшемі1,28 Mb.
#170289
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тоқтар Аяжан презентация
мксутест kz, Место где я родился, 493820.pptx, Микро преп ДО, Тоқтар Аяжан боөж1, психология 3 (1), 7 ДӘРІС

ТӨТЛП

Тығыздығы өте төмен липопротеин (ТӨТЛП) құрамында 60% ТГ, 15% ХС,10% апопротеин,15% басқа липидтер. Бұлар бауырда түзілетін, эндогенді ТГ жаушаларға тасымалдайтын формасы. Қанға түскеннен кейін липопротеинлиаза ферментінің әсерінен глицирин мен май қышқылдарына дейін ыдырайды.Соңғы өнімдер перифериялық мүшелерде энергия ретінде жиналады. Қызметі: бауырда көмірсулардан синтезделген эндогендік майларды май ұлпаларына тасымалдау.

ТТЛП

Тығыздығ төмен липопротеин холестериннің негізгі тасымалдаушы формасы. Құрамында 55% холестерин, 10% ТГ, 10% басқа липидтер, 25% апопротеиндер бар. Эндогенді ХС синтезінің жылдамдығын анықтайтын фермент гидроксил метил- глутарил- КоА- редуктаза(ГМК-КоА-редуктаза).

ТТЛП метоболизмнің 2 жолы бар. Біріншісі гепотпоциттердегі арнайы рецепторлар (апопротеин В,Е сәйкес) арқылы қайта сіңіріледі. Онда қайта бос ХС, белок және май қышқылдары түзіледі.


ТТЛП нің түзілуі
Егер жауша ішінде ХС мөлшер төмен болса,онда ГМК-КоА-редуктаза белсенділігі және де эндогенді ХС синтезі жоғарлайды. Сонымен қатар ТТЛП-ның рецепторлары көбейеді және ТТЛП ХС-ді жұтып алып жасушаларға тасымалдайды. Егер ХС-нің мөлшері жоғары болса, онда эндогенді ХС-нің ситезі төмендейді.
ТТЛП-нің катоболизмнің екінші жолы – ТТЛП – босрадикалды перекисті тотығуы. Адам ағзасында зат алмасу процесі нәтижесінде түзілген бос радикалдар ТТЛП-нің ХС-мен тез тотығады.Нәтижесінде модифицирленген ТТЛП пайда болады. Олар бауырдың В- және Е-рецепторлармен нашар байланысады.Тотыққан ЛП макрофагтармен жұтылып, көпіршікті жасушаларға айналады(атресклеротикалық бляшка құрамына кіреді)
ТТЛП рецепторларының синтезі

ТЖЛП

Тығыздығы жоғары липопротеин ХС- ді қайта перифериялық мүшелерден бауырға тасымалдайды.Оның рецепторлары бұлшықеттерде және фибробластыларда орналасқан.Бұл рецепторлар жасушуда ХС мөлшері жоғарлағанда көбейеді.ТЖЛП- ның рецептормен байланысуы ХС-ның жасушадан шығуына әсер етеді.Алғашқыда Хс ТЖЛП-ның беткейіне орнығады,кейін лецитин-холестерин-ацилтрансфераза (ЛХАТ) әсерінен ХС ТЖЛП-ның ортасымен араласып орнығады.Бауырда ТЖЛП рецепторлармен байланысып, ыдырайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет