Атеросклероз(гр.т. Athere – ботқа тәрізді масса және лат.т scleros-қатты) бұл жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруы. Оның дамуының екі кезеңі бар.
І кезең – клиникаға дейінгі. Мұнда липид алмасуы жүреді.ХС – нің жиналуы және атеросклерозды бляшканың түзілуі жүреді.Бұл кезеңде адам ағзасының функциясы өзгермейді.
Егер қан тамырлардың эндотелиінде зақымдалу болса,онда ТТЛП эндотелии қабатына өтеді де, қорғаныш реакциясы іске асып ТТЛП макрофагтармен жұтылады. Липидтермен толы макрофагтар “көпіршікті жасушаларға” айналады.Бастапқы кезеңде артерияларда майлы жолақтар пайда болады.
Бұл кезең жасырын, адам баласына байқалмай өтеді. ТТЛП жайлап жинала береді.
Бұл кезең жасырын, адам баласына байқалмай өтеді. ТТЛП жайлап жинала береді.
ІІкезең – клиникалық кезең. Мұнда қалыпты бұлшықет тіндері коллагенмен алмасып,қан тамыр қабырғасына қаттылық қасиетін береді. Коллаген май жолақтарының сыртынан қаптап фиброзды бляшка түзеді.Ішінде жасуша некрозы жүреді,ол бляшкада жиналып, бляшкның кальцификациясы жүреді. Егер эндотелии зақымдалған болса, бляшканың ішіне қан еніп,тромб түзеді.Нәтижесінде қан тамыр бітеледі.
ДДҰ(ВОЗ) айтуы бойынша 18% жағдай ХС атеросклероздың,жүрек – қан тамыр ауруларының дамуның ең басты факторы болып табылады,жылына 4,4 миллион өлім осы себептен болады.
Атеросклероздың алдын алу үшін біріншіден диета сақтау керек. “Антихолестеринді” тағамдарға : аз тұздалған, қайнатылып пісірілген тағамды аздаған порциямен күніне 5-6 рет пайдалану керек. Көп мөлшерде жеміс – жидектер, көкеністер жеу керек.Сонымен қатар қара қарақат, пияз , аскөк т.б. қолдану керек.
Өттас ауруы
Қалыпты жағдайда өт-тастары холестерин, өт пигменттері, кальцийдің басқа заттар қоспасынан тұрады. Олар қара қоңыр түсте болады. Таза хлестериндік тастар сирек кездеседі және тұт жемісінің пішініндей болады. Бұл тастардың өт түтікшесі арқылы ішекке жылжуы «бауыр шаншуы» тәріздес оң қабырға астында күшті ауырсыну арқылы байқалады. Ол жазық бұлшықеттердің спазмалық жиырылуы нәтижесінде өтеді. Егер тастар өттің өт қабынан ағылуы бұзылса, онда механикалық сарыауру дамиды.