Педагогикалық технологиялардың даму динамикасын саралау. Кесте арқылы талдап көрсету



бет1/5
Дата10.11.2023
өлшемі127,73 Kb.
#190707
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ïåäàãîãèêàëû? òåõíîëîãèÿëàðäû? äàìó äèíàìèêàñûí ñàðàëàó. Êåñòå à
Тригонометриялық функциялар

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУ ДИНАМИКАСЫН САРАЛАУ. КЕСТЕ АРҚЫЛЫ ТАЛДАП КӨРСЕТУ

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанның дамыған бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарында терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиясы зерттеліп, жаңашыл педагогиканың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы, білімі қажет.


Білім болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі жеке тұлғаның кұзіреттілігін дамыту. Құзіретоқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттаңдыру мақсатыңдағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайыңдығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Оқушылардың түпкілікті кұзіреттіліктері білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.


Елбасы Н.Ә. Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III съезінде: «Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет» деген.
Мектеп өміріне еніп отырған педагогикалық технологияның ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
Педагогикалық технологияларға алғаш анықтама берген ғалымдардың біріорыс ғалымы В.П. Беспалько. Оның жеке аспектілері мен түрлері В.М. Монахов, М.В. Кларин, П.И. Третьяков, И.С. Сенновский, Г.А. Монахова, М.А. Чошанов, т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. В.П. Беспалько «Педагогикалық технологияны практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба» деп көрсеткен. Ол педагогикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.

Сурет 1. Қазіргі мұғалімнің міндеті
Б.Т. Лихачев «Педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып, әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің жүйесі ретінде көрсетеді, оның үнемі өзгеріп отыратындығын айтады».
М.В. Кларин «Педагогикалық технология бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалы құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деген анықтама ұсынды.

Сурет 2. Педагогикалық технологиялардың түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет