Ж.Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжі
Музыка музыкалық білім беру әдістемесімен
(Мамандық бойынша пәннің аталуы)
0105000 «БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ»
(Жіктеуіш бойынша мамандықтың коды мен атауы)
0105013«Бастауыш білім беру мұғалімі»
Пәні: музыка білім беру әдістемесі
Тобы: 3cКШО-9
Мерзімі:
Сабақ түрі: топтық сабақ
Оқытушы: А.Б.Андирова
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжі
Оқытушы: А.Б.Андирова
«Бастауыш сынып оқушыларының мейрамдары мен
бос уақыттарын ұйымдастыру»
Бос уақытты-тек көңіл көтеру үшін ғана емес, баланың өз бетінше жұмыс істеуіне, сауықтыру мәселелеріне араласуына, өнер түрлерімен танысуына және өнерге талпынуына, сол арқылы жан-жақты дамуына тиімді пайдаланған орынды. Баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастырудағы құрылымдық және тұлғаның даму дәрежесінің, оның жан-жақтылығы мен үйлесімділігінің көрсеткіші болып табылады.
Бос уақытты орынды және көптеген әртурлі тәрбиелік жұмыстар арқылы пайдалану ұйымдастырылған оқу қызметінен тыс уақыттарда жүзеге асады. Атап айтқанда, баланың дене мәдениетін жетілдіруге спорттық ойындар , денешынықтыру мерекелері, денсаулық күндері сияқты түрлі тәрбиелік жұмыстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ отбасындағы дәстүрлі мерекелерді атап өту. Отбасылық жарыстар, театрға бару, табиғатқа саяхатқа шығу, қоршаған ортадағы табиғат сұлулығын тамашалау тәрізді көптеген жұмыстар жургізілуі қажет.
Педагогикалық негізде жан-жақты тәрбиеленіп өскен әрбір білімді, аяғын нық басқан азамат қана Егеменді еліміздің тұтқасын берік ұстайды деп сенген біздерді келешек ұрпақтың мәдени, саяси, рухани дамуына жағдай жасап, мектепте балаларды сапалы даярлауға үлкен жігерлікпен аянбай ат салысуда.
Достарыңызбен бөлісу: |