Күні: 21.12.17. Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұл, өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
-
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі, өскен ортасы, шығармашылығы туралы білімді меңгерту;
-
Ақынның өскен ортасы, заманы жайлы білуге, ғылым-білім туралы өлеңдерін, табиғат лирикасын танып, біліп, насихаттауға тәбиелеу;
-
Шығармашылық-танымдық қабілетін, тілдік қорын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс. баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Портрет, альбом, хрестоматия, таратпа материалдары.
АКТ-ны қолдану: Бейнеролик көрсету, слайд.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі.
І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару: Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен орындау.
-
Топқа бөлу (Оқушылар топқа латын әріптерімен жазылған Шоқан, Ыбырай, Абай шығармаларының аты арқылы 3 топқа бөлінеді)
-
Бағалау парағын тарату.
-
Үй тапсырмасы. Ыбырай Алтынсарин шығармашылығын пысықтау
-
Даланың дара ұстазы.
-
1850-1857 жылдар нені білдіреді?
-
Ыбырай армандаған мектеп.
-
Петербор, Қазан қалаларында.
-
Тұңғыш кемеңгер.
ІІ. Жаңа сабақ.
-
«Қазақтың бас ақыны» бейнеролик көрсету.
-
1-тапсырма. Үш топқа тапсырма:
1-топ. (Абай ауылы) Абайдың балалық, жастық шағы.
2-топ. (Шоқан ауылы) «Дүние де өзі, мал да өзі»
3-топ. (Ыбырай ауылы) Абайдың табиғат лирикасы.
(Осы тақырыптарды топтар қорғайды)
-
2-тапсырма. Асыл сөздің жалғасын тап.
-
Жұмысы жоқтық (Аздырар адам баласын)
Тамағы тоқтық.....
-
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: (Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)
-
Қайратсыз ашу – тұл.
Тұрлаусыз ғашық – тұл. (Шәкіртсіз ұстаз – тұл)
-
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
(Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек)
-
Досы жоқпен сырлас,
(Досы көппен сыйлас)
-
Пайда ойлама, ар ойла,
(Талап қыл артық білуге)
-
Ұстаздық еткен жалықпас,
(Үйретуден балаға)
-
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста
(Сонда толық боласын елден бөлек).
-
Естілердің айтқан сөзін ескеріп жүрген кісі..
(Өзі де есті болады)
-
Поэзия минуты.
Оқушылар өздері білетін өлеңдерін жатқа оқиды.
ІІІ. Қорытынды бөлім
-
Бекіту кезеңі.
Топтастыру стратегиясы.
Ақын
Аудармашы Жазба әдебиетінің негізін салушы
 Сазгер Өз заманының қайраткері
Философ
-
Рефлексия. «Бас бармақ» әдісі
-
Бағалау
-
Үйге тапсырма: А.Құнанбайұлы ғылым-білім туралы.Оқу,жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |