3-сынып
Үста дүкені
Біздің ауылымыз Қостөбе деп аталады. Ауылда отыз-қырық үй бар. Ауылдың ортасында бір үй бар. Бұл үй - ұста дүкені. Ұста дүкені әңгіме -дүкен құруға, демалуға жақсы. Мұнда әрқашан аздап от жанады.
Дүкенінде Өкембай ұста қыздарға, келіншектерге алқа, сақина, білезік, белдік, шолпы, жүзік, сөлкебай жасап береді. Ал бозбалаларға бәкі жасап береді.
Өкембай - еңбекқор және өте көңілді адам.Оның дүкеніне балалар жиі келетін. (61 сөз)
Б. Соқпақбаев
Жоспар
Біздің ауыл - Қостөбе.
Ұста дүкені.
Өкембай ұста не істейді?
Қараторғай
Мамыр айының бас кезі. Үйдің төбесіне шықтым. Көктемде келген қараторғайлар мені айналып шырылдап ұша бастады. Кішілеу қараторғай тобығымды сүйкей ұшып өтті. Қанатты достарға не болғанын білейін дептөмен қарадым. Көкшіл жасыл түстес жұмыртқа жатыр. Ол қараторғайдың жұмыртқасы екен.
Өте сүйкімді осы қараторғайлар біздің үйге үйір. Олар бақшамыздағы зиянды құрттарды жейді. Ал балапандары құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Сондықтан қараторғайлар бар жердің ағаштары әдемі болыпөседі. (63 сөз)
С.Ақатаевтан Жоспар
1.Мамыр айы
2.Көктемде қараторғайлар келді. З.Олардың пайдасы.
Нұрғиса
Ол өнерге ерте келген. Бес жасынан бастап Нұрғиса домбыра тартты. Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбановтан сабақ алды.
«Отырар сазы» оркестрін құрды. Оған жетекші болды. Дүниенің төрт бұрышын аралады. Қазақ деген халықты, оның өнерін әлемге танытты. Нұрғисаның әндері, күйлері біздің байлығымыз.
Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан. Үш рет жараланып, аман-есен еліне оралды. Қолына домбырасын қайта алды.
Композиторға «Халық қаһарманы» атағы берілді.Ол кісінің өлмес өнері мәңгіге қалады. (67 сөз)
Жоспар
Нұрғисаның өнері.
«Отырар сазы» оркестрін құрды.
Нұрғиса - өнерлі, батыр.
Балапан
Балапан жетім қалды. Қыс келді.Даланы қар басты.Үскірік аяз тұрды. Балапанға қиын болды. Аштық оны ұйыктатпады. Таң біліне тамақ іздеді. Қырманды да қар басып қалыпты. Ол аштықтан әлсіреп құлап қалды. Бір бала оны үйге алып келді. Баланың балапанға жаны ашыды . Бала балапанды пештің қуысына орналастырды.Ол бойы жылынған соң көзін ашты. Қанатын қақты. Бала оның алдына жем қойды. Ашыққанбалапан жемді лезде тауысты.
Балапан қысты жылы үйде өткізді. (68сөз)
Жоспар
Жетім балапан.
Балапанның көрген қиыншылығы.
Баланың оған қамқорлық жасауы.
Сапар
Сапардың қолындағы үлкен қызыл добы арыққа барып түсті. Қатты ағын оны ала жөнелді.
Сапар да қарап тұрмады, соңынан қуып берді. Қызыл доп ұстатпады. Арық кернеуіне соқтығып, төмен қарай тоқтаусыз тартты. Сапар да қалар емес. Ақыры жетті. Ұстап алды. Қуанып кетті.Кейін қайтайын деп еді, өз үйін таппады. Бөтен көше екен. Бір адам оны үйіне жеткізіп салды. (52сөз)
Ж.Дәуренбеков Жоспар
Арықтағы доп.
Сапардың допты қуалауы.
Сапардың қуанышы.
Оның үйіне жетуі.
Екі бұғы
Бір күні тауда жайылып жүрген екі бұғы шөпке таласып қалыпты.
Екеуі жанжалдасып, бірін-бірі сүзе бастапты. Кейін шегіне түсіп, сыртылдата кеп мүйіздесіпті. Олар осылай әбден сүзіседі. Аздан соң талдың бұлағы сияқты бұғылардың мүйіздері ілінісіп қалыпты. Бірінен-бірі ажырай алмай әрлі-берлі тартысыпты.
Мұны өтіп бара жатқан аңшылар көріп қуаныпты. Дереу келіп бұғыларды арбасына салып алып, үйлеріне қарай жөнеле беріпті. (63 сөз)
Жоспар
Екі бұғының шөпке таласуы.
Керісудің кеселі.
Аңшылар бұғыларды көргенде не істеді?
Көшет
Көктем шығысымен Айжан аулаға гүл егіп, ағаш отырғызды. Күнде су құйып тұрды. Бір күні ол әжесімен ауылға кетті. Таңертең гүлге, ағашқа су құю керек екені есіне түсті. Гүлдер солып калатын шығар деп уайымдаумен болды. Ұзақ жата алмай, төрт-бес күннен соң үйіне келді. Келсе гулі де, көшеттері де жайқалып өсіп қалыпты. Сөйтсе, апасы су құйып, күтіп жүріпті. Оны көрген Айжан қатты қуанды. (62 сөз)
Жоспар
І.Айжанның көшеттері. 2.Ол ауылға кетті. З.Көшеттерін уайымдауы. 4.Айгүл неге қуанды?
Кішкентай Қаныш
Кішкентай Қаныш - бүкіл ауылдың сүйікті баласы. Оның екі шешесі болды: туған анасы Сәлима және үлкен анасы Нұрым. Қаныш көбінесе Нұрым апасының қолында болатын.
Бір ауылдың еркесі болған Қаныш басқа балалар сияқты асықты ұзақ ойнамайтын. Жазда ел жайлауға кешкенде, ол көбінесе өзеннің жағасына кетіп қалатын. Сол жерде түрлі тастарды жинап, өз бетінше жүретін.Үлкен апасы Нұрым асық салуға тігіп берген асық қалтаға тас салатын. (63 сөз)
М. Сәрсекеев Жоспар
1.Кішкентай Қаныш.
2.Қаныштың аналары кімдер?
З.Қаныштың басқа балалардан ерекшелігі.
Туған күн
Айгүл мектептен өте көңілді оралды. Өйткені, оның бүгін туған күні болатын. Айгүлге сыныптастары Сырбай Мәуленовтің «Көңіл ашар» деген кітабын сыйлады, Неге десеңіз, ол өлеңдерді мәнерлеп оқуды өте ұнатушы еді. Жақсы жырларды жаттап та алатын.
Айгүл үйіне келсе, әжесі отыр екен. Қуанып кетті. Айгүлдің туған
күніне әдейі келіпті. Кешке қарай әжесіне «Көңіл ашар» кітабынан біраз
өлең оқып берді. Әжесі қатты риза болды. (58сөз)
«Балдырған» журн. №5 1991ж
Жоспар
1.Айгүл көңілді еді.
2.Оған қандай сыйлық берді?
З.Әжесі Айгүлге не үшін риза болды?
Гүлді үзбе
Кешкілік пе, күндіз бе,
Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Туған жерді далаға,
Тастағалы жүрміз бе?
Үзіп алсаң сен бір гүл,
Үзіп алсам мен бір гүл,
Не қалады сиқынан,
Қызыл-жасыл жердің бұл?
Жайнап есіп далада, Көздің жауын ала ма. Бірде-бірін жұлғызба, Қасыңдағы балаға.
Жоспар
1.Гүлдердің әдемілігі. 2.Гүлді үзбе.
З.Табиғатты аялау керек.
Сырғанақ
Аянның мінезі қызық еді. Бірде түн ортасында, дәл ұйқыға жатардың алдында далаға шыққам. Көшеде сырғанақта біреу зулатып шана теуіп барады екен.
Айлы түнде әлгі бір шана ғана өзі дірілдеп, жер көшіп келе жатқандай дүбір шығарады. Шыдай алмай жүгіріп сырғанаққа бардым. Міне қызық, шана теуіп жүрген Аян екен. Ай жарығында анық көрінеді. Жүзі жайнаң қағып, екі иінінен алқына дем алады. Тонының екі етегі далпылдап көшенің басына қарай сүйрете жөнелді. (70сөз)
Жоспар
1.Аянның қызық мінезі. 2.Сырғанақта Аян не істеп жүрді? З.Аянның келбеті.
Қажымұқан
Қажымұқан жас кезден күшті болған. Бала кезінде жалшылықта жүрген. Оның күшіне ел таңғалады екен.
Қыстың қақаған шағында бала жігіт отынға барыпты. Шанаға жеккен аты қарға омбылап мұзға тайғанақтап, мертігіп қалыпты. Мертіккен атты шанаға көтеріп салып, аттың қамытын мойнына іліп, шананы өзі сүйреп келіпті. Содан бастап оның атағы елге жайылыпты.
Атақты палуан Франция, Германия, Түркия, Қытай елдеріне барып өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған. (65сөз)
С. Бегалин
Жоспар
1 .Қажымұқанның жас кезі.
2.Оның күштілігін ел қалай білді?
З.Атақты палуан қай елдерде жеңімпаз болды?
Ағасы бірде қараса, Отыр Серік оңаша. Сәйгүліктің суретін Салыпты тіпті тамаша.
Жарайсың
Нағашбай Мұқатов
Қасына кеп ақырын, Бейнесін көрді атының.
Жас қаламға сүйсініп, - Жарайсың,- деді,-батырым.
Жоспар
І.Серік ненің суретін салды?
2. Ағасы не деді?
Қалжыңбас қонақтар
Самат пен Қайрат аулада ойнап жүрген . Бір кезде қақпаның ар жағынан бір үрген иттің даусы естілді. Балалар жалт қарады. Міне қызық, бір ит қақпаға асылып алыпты. «Апырау, мынау не деген зор ит еді» ,-деп таңданды олар. Қақпаны ашып жіберді. Сөйтсе, екі-үш ит бір-бірін саты етіп тұр екен. Самат пен Қайрат иттердің бұл тапқырлығына мәз болды. (58 сөз)
«Балдырған» журн. №5 1991ж
Жоспар
1.Аулада кімдер жүрді?
2.Самат пен Қайрат неге танданды?
3 .Иттердің тапқырлығы.
Аралар әні
Балтабай Тәжімбетов Біз еңбеккер Арамыз,
Ұзақ жолға барамыз.
Гүлге қонып шырынын
Жылдам жинап аламыз.
Тату доспыз бәріміз, Бір ұлда балымыз. Күні бойы көңілді, Үзілмейді әніміз.
Жоспар
Аралардың еңбегі.
Араның пайдасы.
Олардын. татулығы.
Достарыңызбен бөлісу: |