Осы орайда тек педагог ғана емес ата-анадан да балаларының жұмыс күндері болсын демалыс күндерінде де баланың бос уақытын тиімді пайдалануға кеңестер береміз.
Баланың бос уақытын қызықты, пайдалы әрі мазмұнды өткізу міндеті педагогтар мен ата-аналарды да толғандырады. Осы мәселені шешу бағытында мемлекеттік балаларға қосымша білім беру ұйымдары да өз міндеттерін атқаруда. Мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерлер балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып келеді.