1-4 сыныптарға денешынықтыру сабақтарын ұымдастыру және өткізу әдістемесі



Дата16.10.2019
өлшемі282,66 Kb.
#50084
Байланысты:
Презентация Microsoft PowerPoint

Ө.Сұлтанғазин атындаға Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасы  

1-4 сыныптарға денешынықтыру сабақтарын ұымдастыру және өткізу әдістемесі

Қадрыжанов Бағлан Маратұлы

Жоспар:

  • Бастауыш сыныптарға дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыруы
  • Бастауыш сыныптарға дене шынықтыру сабақтарында қолданатың әдістер

Кіріспе

Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын  дамыту үшін,  үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:

- денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру;

- негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр түрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету;

- жігер-күш,  дене қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету.

  • Бастауыш сынып оқушыларының қатарына I-IV сыныпта оқитын 7-11 жастағы оқушылар жатады.
  • Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
  • - денсаулықты нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына көмектесу, жалпақ табандылықтың алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқы орта әсеріне қарсылық күшін қалыптастыру;
  • Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру, лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан тамыры жүйесін, тыныс алу жүйесін, сүйек-тірек аппаратын т.б. ағза жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі қалыптасады. Сондықтан мектептің міндеті – балаларды дене тәрбиесімен жүйелі, белсенді шұғылдандыру;

Бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті:

  • - бағдарлама бойынша сапалы, әдістемелік тұрғыдан дұрыс сабақ өткізу;
  • - дәрігерлік бақылауды дәрігерлермен бірге өткізу, бақылау қорытындысын
  • жұмыста пайдалану;
  • - сабақ өткізу кезінде санитарлық-гигиеналық жағдай жасау;
  • - оқушылардың бәрі қолайлы спорт киім кигенін қадағалау;
  • - сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарына қатысу, оған барлық оқушыларды тарту;
  • - ата-аналар арасында тұрақты түрде дене тәрбиесі мен спорттың маңызы туралы әңгіме өткізу;
  • - оқушылардың дене тәрбиесі көлеміндегі алған білімін тұрақты жетілдіру;
  • - балаларды дене тәрбиесі мен спортпен тұрақты айналысуға қызығушылығын арттырып, ынтасын ояту;
  • - жоғарғы сыныптағы дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына, әдістемелік кеңестеріне қатысу.
  • - дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;
  • - оқушылардың өмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге үйрету. Бағдарламада берілген барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс орындай білу;
  • - дене қаситтерін дамыту. Гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;
  • - бастауыш сыныптарда қимыл үйлесімділігі, ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту;
  • - жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбек сүйгіштікке, көпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дене тәрбиесі жаттығулары, әр түрлі қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді дамытады;
  • - қозғалыс кездерінде және қозғалмайтын статикалық жаттығулар кезінде мүсін түзулігін, тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін отырғанда, тұрғанда, жүргенде, жаттығулар жасағанда тұлғаны түзететін арнайы жаттығулар беріп отыруымыз керек;
  • - оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап Президенттік сынама сынақтары жаттығуларын меңгеруге, орындауға дайындай бастағанымыз жөн;
  • - оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын, қызығушылығын оятып, оларды спортпен тұрақты, жүйелі шұғылдануға дағдыландыру керек.
  • Мектептің міндеті – оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау олардын өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі тиіс;
  • - оқушыларды ұйымдастыру, басқара білу дағдыларына дағдыландыру. Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі белсенділерін дайындау.
  • . Бастауыш сынып оқушыларына негізгі үйрететін жаттығулар тобы табиғи қимыл-әрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу т.с.с.
  • 2. Бір сабақ кезінде оқу материалын меңгеру және жетілдіру үрдісінің 2-3 міндетін ғана орындаса жеткілікті болады.
  • 3. Сынып төмен болған сайын табан бұлшық еттерін нығайту және түзу тұлға қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша көңіл бөлу қажет.
  • 4. Әрбір сабақта міндетті түрде қозғалмалы ойындар ойнату керек. 3-4 сынып оқушыларымен сабақ өткізгенде ойын жаттығулары сабақтың 50% уақытын алса дұрыс болады.
  • 5. Оқушыларға негізгі жаттығулардың техникасын үйреткенде, оны дұрыс және нақты орындауға көп көңіл бөлу керек. Оқу үрдісі кезінде жаттығуды үйрету және жетілдірумен бірге дене қасиеттерін дамытуға бірдей көңіл бөлген дұрыс.
  • Балалардың қимыл-әрекеттерді есте сақтау қабілеттері 7-12 жас аралықтарында тез дамиды да, 13 жастан ары қарай баяулай бастайды.
  • Қимыл-әрекетке үйрету әдістерін қолданғанда көбінесе толық орындау әдісін пайдаланамыз. Жаттығуды бөлшектеп үйретуді анда-санда ғана, қосымша түрде қолданамыз.
  • Қозғалыс тапсырмасын берген кезде балалар дұрыс түсінуі үшін нақты не істейтінін, қалай істейтінін айту керек. Мысалы, ұстау, жетіп алу, допты ойыншыға тигізу және т.с.с. 2, 3 сыныптарда қимыл жиілігін дамыту жаттығуларын көбірек берген дұрыс болады. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын қысқа түрде 6-8 секунд уақытқа беру қажет.
  • Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде негізінен білім беру міндеттерін шешеміз. Ол міндеттер: қозғалыс түрлерін меңгеру, дене тәрбиесі негіздері және салауатты өмір салты туралы негізгі теориялық мағлұматтар беру.
  • Назарларынызға РАХМЕТ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет