3. Мектептегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру түрлері



бет1/7
Дата18.12.2022
өлшемі57,04 Kb.
#163123
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
дене


3.Мектептегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі және спорт жұмыстары арнайы ұйымдастырылған екі түрде жүргізіледі.Ол дене тәрбиесі сабағы және басқа жаттықтыру жұмыстары деп аталады.Дене тәрбиесі үрдісін орындайтын негізгі түр –дене тәрбиесі сабағы. Дене тәрбиесі сабағы мұғалімнің басшылығымен, арнайы мемлекеттік бағдарлама, белгіленген сабақтар кестесі бойынша 1-11 сынып оқушыларына міндетті түрде жүргізіледі.Жаттықтыру жұмыстары оқушылардың қозғалыс белсенділіктерін жоғарылату, денсаулықтарын нығайту, дене жаттығуларына деген қызығушылықтарын арттыру, жаттығулардың ағзаға керектігін қанағаттандыру мақсатында төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі:
1 Күн тәртібі ішіндегі сауықтыру жұмыстары. Бұл жұмыстар сабаққа дейін, сабақ кезінде, сабақтар арасында жүргізілетіндіктен күн тәртібі ішінде деп аталады. Олар: сабаққа дейінгі гимнастика, теориялық сабақтар кезіндегі сергектік сәттер, ұзақ үзіліс кезіндегі қозғалмалы ойындар мен әр түрлі дене тәрбиесі жаттығулары, ұзартылған күн топтарындағы спорт сағаты.
2 Сыныптан тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары. Ол жұмыстар: спорт түрлерінен жаттықтыру сабақтары, туристік жорықтар, спорт жарыстары, спорттық мерекелер, Президенттік сынама және т.б.
3 Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар. Бұл жұмыстар мектептен тыс жерлерде орналасқан мекемелерде жүргізіледі. Ол мекемелер: спорт мектептері, аула клубтары, спорттық-сауықтыру кешендері, бассейндер, шаңғы, су базалары, спорт сарайлары, стадиондар, жазғы сауықтыру лагерьлері және т.б.
4 Жанұяда орындалатын дене тәрбиесі жаттығулары. Олар: таңертеңгі бой жазу жаттығулары, шаңғы, коньки, велосипед тебу, жүгіру, спорттық және қозғалмалы ойындар, дене тәрбиесі сабағынан үй тапсырмаларын орындау
және т.б.


4. Икемділікті дамыту амалдары мен әдістері.
Икемділікті дамытудың негізгі амалы –созылу жаттығулары.Ол жаттығулар мынандай түрлерде орындалады: қарапайым созылу, серіппелі созылу,сермеу дене қалпын ұстау, сыртқы көмектің әсерімен созылу.т.с.с.Икемділік жаттығуларын бой қыздырудан кейін сабақтың барлық бөлімдеріне кіргізуге болады. Икемділік жаттығуларын орындағанда нақтылы міндет қою қажет мәселен белгілі затты алу немесе бір затқа дене мүшелерін тигізу т.с.с. Мысалы төмен алдыға еңкею,омыртқа жүйесін созу жаттығуын орындағанда басында қолдың ұшын жерге тигізу, алақанды тигізу,шынтақты тигізу деген кезектестікпен бар мүмкіншілікпен әрекетті орындалады.Созылу жаттығуларын амплитуда орындау шегіне жеткізсе яғни буындарда жеңіл ауырту сезінгенше орындау қажет.Созылу жаттығуларына сериясынан кейін босаңсыту жаттығулары орындалады.Буындардың жылжымалылығын арттыру үшін күнделікті жаттығулар жасау керек.Икемділік жаттығулары арасындағы 2-3 апта үзіліс оның дамуына кері әсерін тудырады.Икемділікті дамытудың негізгі жолы – қайталау әдісі. Жаттығуларды рет- ретімен мойын, қол буындарына,кеуденің омыртқа белдеулеріне,аяқ буындарына арнап орындау қажет.Икемділік жаттығуларын қайталау мөлшері әр түрлі.Бел- жамбас буынындағы иілу және жазылу жаттығуларындағы амплитуданың қозғалу шегі 7-10 жастағы оқушыларда 20-30 рет,11-14 жастағыларда 30-40 рет 15 жастағыларда 45 рет қайталағаннан кейін жетіледі.Одан ары қарай амплитуда қозғалысы азаяды,жаттығуды тоқтатқан дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет